Философия және психология факультеті Философия және медениет теориясы кафедрасы



бет3/17
Дата06.06.2022
өлшемі386,5 Kb.
#36447
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
УМК - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - Дауренбекова

Дәрістер кешені (дәріс тезисі)

Тақырып 1. Қазақстан модернизациясының тарихи тәжірибесі және қазіргі заман.
Бүгінгі Қазақстан – қоғам өмірінің барлық салаларында оң өзгерістерге жетіп, экономикасы, білімі мен мәдениеті тұрақты дамыған, ынтымағы жарасып, берік нығайып келе жатқан еңселі ел болып табылады. Әлем таныған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткізгенімізді Қазақстан халқы мақтан тұтады.
Жаңарған, серпінді дамумен алға ұмтылған бүгінгі Қазақстан – міне, осындай. Біз тәуелсіздік аясында айтулы жетістіктерге жетіп, өзіндік тәжірибе жинақтап, нығайып келеміз. Аз уақыттың ішінде егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани кел¬бе¬ті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтеріле түсті. Яғни, бұл жылдар барша қазақстандықтар үшін қайырлы жылдар болды. Түбегейлі экономикалық реформалардың нәтижесінде туған Қазақстанымыз көркейіп келеді.
Үлкен мақсатқа ұмтылғанның ғана биік белестерді бағындыра алары сөзсіз. Осы орайда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауы – елдің болашаққа жасалған бағыт-бағдары, келешектің айқын айнасы іспеттес. Сондықтан да ел болашағына – өз болашағына бей-жай қарамайтын халық жыл сайынғы Жолдауды зейін қоя тыңдауды, талқыға салып, ойымен бөлісуді де дәстүрге айналдырған.
Жолдау алда келе жатқан дүниежүзілік тығырықтан шығу жолдарын және болашақта атқарылатын индустриялық-инновациялық бағдарламаны басты бағытқа ала отырып, стратегиялық даму жолдарын саралап, айқындап көрсетіп берді. «Экономикалық жетістіктер теңгерімі мен әлеуметтік игілікті қалыптастыру» Елбасының ойынша, қазақстандық қоғам дамуының басты бағытына айналады. Ұлттық экономиканы нығайту және халықтың әл-ауқатының артуы еліміздің дамуының басты басымдығы болып қала береді. Елбасы қазақстандықтарды жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құру, қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, өңірлерді дамыту, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, кадрлар әлеуетін жақсарту, сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту, адами капиталдың сапалық өсуі — білім беру және медициналық қызмет деңгейін арттыру, зейнетақы жүйесін жетілдіру, индустриялық-инновациялық жобаларды және ауыл шаруашылығын дамыту сияқты міндеттер кешенін белгілеп берді. Бұларды жүзеге асыру экономиканы диверсификациялауды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Ұсынылатын әдебиеттер: 4, 5, 6, 8, 11, 20, 23, 30.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет