Конфликт теориясы (білім – қоғамдағы теңсіздікті тудырушы)
П.Бурдье (білім – адамның мәдени капиталы).
Білім алудағы теңсіздік туғызатын процестерді зерттейді. Элиталық сабақтастық және мәдени капиталдағы айырмашылық кедей білім алушылардың жағдайын жақсартуына жол бермейді.
Символдық-интеракционизм (оқытудың әлеуметтік және психологиялық мәселелері) Білім беру мен теңсіздіктің өзара байланысын социологиялық тұрғыдан қарастыратын теориялық көзқарастар Білім беру: әлеуметтік тап, жыныс, этникалық айырмашылықтар Білім алу табыс теңсіздігін төмендетеді. Сондықтан мемлекеттер үнемі төменгі таптың білім алуы үшін жағдайлар жасап отырады Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) білім бөлімі жүргізген әлеуметтік теңсіздік пен білімнің өзара байланысы туралы 1995 (зерттеуге түскен респонденттердің саны бұл уақытта 10-да болған), 2000 (15 жаста) және 2005-жылдары (20 жаста) жүргізген дүниежүзілік лонгитюдті зерттеуінің нәтижесінде байлар мен кедейлер арасындағы білім айырмашылығының жыл сайын артып бара жатқандығы белгілі болды. Осы зерттеуге сүйене отырып, мамандар 15 жасқа дейінгі баланың оқу үлгерімінің жақсы не жаман болуы отбасының әлеуметтік жағдайына және мемлекеттің даму деңгейіне байланысты болады деген тұжырымды айтады.
Білім беру саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету барлық мемлекеттер үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Аймақтардағы қалыптасқан жағдайға байланысты, білім берудегі гендерлік теңсіздік түрлі формада көрінуде.
Гендерлік теңдік ұғымы әйелдерге де, ерлерге де қатысты болуына қарамастан, білім беру саласындағы гендерлік теңсіздік көп жағдайда қыз балалар мен әйелдерге қатысты айтылады.
ЮНЕСКО-ның берген ақпараты бойынша әлемде 750 млн. ересек адам сауатсыз болса, соның үштен екісі әйелдер екен және жаһандық прогреске қарамастан 16 млн. астам қыз бала ешқашан мектеп табалдырығын аттамайды деп болжануда.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыруы тұтастай алғанда білім беру жүйесіндегі оң нәтижелерге тәуелді. Алайда қазіргі таңдағы өзгерістерге толы қоғамда білім беру саласына бірқатар терең зерделеуді қажет ететін мәселелерді алға тартып отыр.