1. Степин B.C. История и философия науки: Учебник. М.,2011
2. Гришунин С.И.Философия науки. Основные концепции и проблемы.М., 2009
3. Крянев Ю.В., Моторин Л.Е.История и философия науки:Уч.пособие. М.,2011
4. Мамзина А.С. История и философия науки М.,2010
5. Мареев С.Н., Майданский А.Д. Философия науки. М.,2010
6. История и философия науки: учебное пособие для аспирантов. М.,2013
7. Огородников В.П. История и философия науки :учебное пособие. М.,2011
8. Ж. А. Алтаев, Н.Ж. Байтенова т.б. Ғылым тарихы мен философиясы А., 2009 ж.
9. Лешкевич Т.Г. Философия науки: Учеб.пос. М., 2008.
10. Микешина, Л.А. Философия науки: Современная эпистемология. Научное знание в динамике культуры.Методология научного исследования.М., 2005.
11. Никитина Е.А.Философия науки (основные проблемы):Учеб.пос.М., 2006.
12. Никитич Л.А. История и философия науки: учеб.пос. для студентов и аспирантов вузов. М., 2008.
13. Никифоров, А.Л. Философия науки: история и методология: Уч.пос.М.,2008
14. Яскевич Я.С. Философия и методология науки. Вопросы и ответы: полный курс подготовки к кандидатскому экзамену /Я.С.Яскевич. – Минск.,2007.
15. Микешина, Л.А Философия науки: Общие проблемы познания. Методология естественных и гуманитарных наук: хрестоматия. М., 2005
16. Степин В.С. Теоретическое знание . М., 2005
17. Томас Кун. Структура научных революций. М.: Изд.АКТ, 2007
18. В.Ж.Келле. Наука как компонент социальной системы. М.,2008
Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және олғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.
Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе отырып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі.
Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетіндебасымдылыққа ие болды. Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында философтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.
Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары — ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену — осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы — мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.