Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы «Ғылым тарих мен философиясы»



бет8/18
Дата13.03.2023
өлшемі79,67 Kb.
#73932
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Ғылым тарихы филос. Дәрістер.

Әдебиет:

1. Степин B.C. История и философия науки: Учебник. М.,2011


2. Гришунин С.И.Философия науки. Основные концепции и проблемы.М., 2009
3. Крянев Ю.В., Моторин Л.Е.История и философия науки:Уч.пособие. М.,2011
4. Мамзина А.С. История и философия науки М.,2010
5. Мареев С.Н., Майданский А.Д. Философия науки. М.,2010
6. История и философия науки: учебное пособие для аспирантов. М.,2013
7. Огородников В.П. История и философия науки :учебное пособие. М.,2011
8. Ж. А. Алтаев, Н.Ж. Байтенова т.б. Ғылым тарихы мен философиясы А., 2009 ж.
9. Лешкевич Т.Г. Философия науки: Учеб.пос. М., 2008.
10. Микешина, Л.А. Философия науки: Современная эпистемология. Научное знание в динамике культуры.Методология научного исследования.М., 2005.
11. Никитина Е.А.Философия науки (основные проблемы):Учеб.пос.М., 2006.
12. Никитич Л.А. История и философия науки: учеб.пос. для студентов и аспирантов вузов. М., 2008.
13. Никифоров, А.Л. Философия науки: история и методология: Уч.пос.М.,2008
14. Яскевич Я.С. Философия и методология науки. Вопросы и ответы: полный курс подготовки к кандидатскому экзамену /Я.С.Яскевич. – Минск.,2007.
15. Микешина, Л.А Философия науки: Общие проблемы познания. Методология естественных и гуманитарных наук: хрестоматия. М., 2005
16. Степин В.С. Теоретическое знание . М., 2005
17. Томас Кун. Структура научных революций. М.: Изд.АКТ, 2007
18. В.Ж.Келле. Наука как компонент социальной системы. М.,2008
6 Дәріс


Тақырыбы: Құндылықтар табиғаты мен олардың әлеуметтік-гуманитарлық маңызы

1.Құндылық түсінігінің тарихи дамуы.


2.Г. Риккерт және М. Вебер пікірлері. Ғылыми танымға қатысты
аксиологияның қоланылуы.
3. Кеңестік философиясындағы ғылым мен мәдениет мәселесі.

Ғылымда ғылыми әдістердің қалыптасу мен қызмет етуінде аксиологтялық, яғни құндылықтық аспектілер анықталды. Тек әлеуметтік институттардың әсер етуі, капитал салымдарының саясаты, ғылымның мемлекет қолдауына сүйенуі ғана емес, сонымен қатар, ғалымдардың құндылықтық бағдарлануы да ғылыми танымды әлеуметтік-мәдени және тарихи тұрғыдыан түсіндіреді.


Ғылыми-танымдық қызметтің идеалдары, методологиялық және коммуникативті нормалардың, ережелердің, парадигмалар мен көру тәсілінің, дүниетанымдық және этикалық құндылықтардың жүйесі зерттеушінің ғыдыми қызметінің сипаты мен нәтижелеріне ықпал етеді.
«Құндылық» түсінігі мен оның мазмұны философиялық рефлексияның пәніне жақында ғана айналды. Көптеген зерттеушілер құндылықтық мәселенің мазмұндалуын Герман Лотценің (1817-1881) философиялық ілімінен бастаса, енді біреулері оны И. Кантпен байланыстырады.
Құндылықтар мәселесін антикалық немесе ортағасырлық дүниетаным шеңберінде талқылау өзінің мәні жөнінен дұрыс еме болып табылады. Әрине, құндылықсыз дәуірдің болуы мүмкін емес, қай заманда болмасын, адам белгілі бір түсініктерге сеніп, ұмтылуы қажет деген қарсы пікір айтылуы мүмкін. Ол да дұрыс, алайда бұл құндылықтың нақты мән-мақсатын ашпайды. Платон өзінің «Мемлекет» деп аталатын диалогында әділеттілікті ең жоғарғы ізгілік ретінде бағалайды. Платонның пікірінше, әділеттілік халықты ортақ игілікке жеткізуші рөлін атқарса да, оны ең жоғарғы құндылық деп санау қате болар.
«Бағалы, құнды» сөзінің грек тіліндегі эквиваленті «axios» - «лайықты» деп аударылып, құндылықтар туры ғылымның атауына айналды – аксиология. Алайда ол кезеңде «лайықты» түсінігінің бағалаулық сипаты болған жоқ.
Өзінің мәні жөнінен, «құндылықтар адамныі әлеуметтік және табиғи шынайылылықтағы бағдарлануының нормативтә формасы қызметін атқарады». «Құндылық» түсінігі мен функционалды мақсатының осылайша анықталуына И. Канттың трансценденталды философиясы әсер етті. Кантка сәйкес, өнегелік сферасы ерікті заңнамамен бекітіледі. Бұл ұстанымдарды адамның өзі таңдайды және соған сәйкес өз еркін бағындырады. Олай болса, еріктің автономиясы құндылықтың негізі болып табылады. Құндылықтар болмыстың саласына жатпай, яғниғ өзімен өзі тіршілік етпей, талаптар мен бұйрықтар ретіндегі «міндетті» нәрселердің қатарына жатады. Тек идеямен ғана анықталатын біріңғай нәрселерді Кант «идеалдар» деп атады.
«Құндылық» түсінігінің мәнін зерттеуді Г. Лотце өзінің «теологиялық идеализм» ілімі шеңберінде қарастырды. Өзінің «микрокозм» атты фундаменталды шығармасында ол сананы «құндылықты-қабылдаушы» ретінде анықтады.
Лотценың кейбір идеялары оның шәкірті, неокантшылдықтың бадендік мектептің негізін салушы В. Виндельбандтың шығармашылығында көрініс тапты. Оның пікірінше, ғылыммен табылған кез келген білім өзінің құндылығын дәлелдеу үшін философиялық тексерістен өтуі керек.
Ғылыми білімге қатысты құндылықтар туралы ілім фундаменталды неміс философы Г. Риккертпен жасақталды. Құндылықтарды «жеке патшалық» ретінде сипаттай келе,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет