Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы «Ғылым тарих мен философиясы»


Тақырыбы: Ғылым тарихы мен философиясындағы ғылыми білім мселесі



бет6/18
Дата13.03.2023
өлшемі79,67 Kb.
#73932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ғылым тарихы филос. Дәрістер.

Тақырыбы: Ғылым тарихы мен философиясындағы ғылыми білім мселесі

1.Ғылыми білім берудің теорияның қурылымы.


2. Ғылыми білім берудің ерекшелігі
3. Ғылыми білім дамуының классикалық кезеңі

Ғылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмұндық және формальдық жақтарын да ескеру қажет.


Мазмұны жағынан теория — ең алдымен, эмпирикалық базистен, атап айтқанда, тәжірибелер барысында анықталған және теориялық түрде қорытындылауды қажет ететін білім фактілерінің жиынтығынан; теорияның логикалық аппаратынан, яғни теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар мен дәлелдемелерден; теорияның өзінен, қоса алынған тужырымдамалардан түрады.
Дегенмен, теорияныталдаудың формальды жағы да қызықты. Бұлжағдайда теория объектіге постулаттар, аксиомалар, жалпы заңдар түрінде анықтама береді. Олар көбінде басқа теориялардың терминдері арқылы анықталып, дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде болады.
Теорияның өзіндік негіздеріне логикалық түрғыдан оның қалған терминдерімен сөйлемдерді толықтырып туратын негізгі термин сөздер мен сөйлемдер жатады.
Сонымен қатар, теорияның қосымша негіздері де бар. Олар бірнеше топқа белінде:
1) Семиотикалық негіздер — теорияның тілін қалыптастыру ережелері.
Көптеген ғылыми теориялар табиғи тілді (біз өзіміз қолданып жүрген) қолданады, ал кейбір теориялар үшін формальды тілді (мысалы компьютерлік бағдарламалардың тілдері) қолдану қолайлырақ болады.
2) Методологиялық негіздер — сол ғылым пайдаланатын әдістемелер. Олар басқа теориялардан, ғылымдардан алынуы мүмкін.
3) Логикалық негіздер — бұл теория терминдерін сөйлемдерін логикалық түрде жүйелеу.
Қазіргі теориялар көпке әйгілі «аристотельдік» логиканы ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар көптеген классификациялық емес логикаларды да қолданады.
Прототеориялық логикалар — булар белгілі бір теорияның негізі болып саналатын теориялар. Мысалы, физика үшін математика, ал жалпы жаратылыстану философиясы үшін — барлық жеке жаратылыс ғылымдары тағы басқа.
Философиялық негіз — теорияны негіздеуге, оның мәселелерін шешуге арналған философиялық принциптер мен категориялар. Фило-софиялық негіздер белгілі бір ғылымның жаңалануына және негізгі мәселелерін шешуге көмектесуі тиіс. 
Ғылым, білімнің құрылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз — арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл атқаратынын жоққа шығармасақ та, керінбейтін білімді.
Білімді тек жеке білім деп түсіну – қате.
Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсе, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің құрылымында жаңалықтар да ерекше рөл атқарады. Ғылыми субъект парадигма-дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып отыруы тиіс.
Ғылымның дамуындағы ғылыми жаңалықтардың рөлін көрстеу үшін алдымен ғылымның онтологиясын анықтап алған дұрыс. Ресей ғалымы В.В.Ильин ғылымының онтологиясын: 1) ғылымның алдыңғы шебі; 2) ғылымның мығым ядросы; 3) ғылымның тарихы құрайды деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет