Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы «Ғылым тарих мен философиясы»



бет9/18
Дата13.03.2023
өлшемі79,67 Kb.
#73932
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Ғылым тарихы филос. Дәрістер.

Әдебиет:

1. Степин B.C. История и философия науки: Учебник. М.,2011


2. Гришунин С.И.Философия науки. Основные концепции и проблемы.М., 2009
3. Крянев Ю.В., Моторин Л.Е.История и философия науки:Уч.пособие. М.,2011
4. Мамзина А.С. История и философия науки М.,2010
5. Мареев С.Н., Майданский А.Д. Философия науки. М.,2010
6. История и философия науки: учебное пособие для аспирантов. М.,2013
7. Огородников В.П. История и философия науки :учебное пособие. М.,2011
8. Ж. А. Алтаев, Н.Ж. Байтенова т.б. Ғылым тарихы мен философиясы А., 2009 ж.
9. Лешкевич Т.Г. Философия науки: Учеб.пос. М., 2008.
10. Микешина, Л.А. Философия науки: Современная эпистемология. Научное знание в динамике культуры.Методология научного исследования.М., 2005.
11. Никитина Е.А.Философия науки (основные проблемы):Учеб.пос.М., 2006.
12. Никитич Л.А. История и философия науки: учеб.пос. для студентов и аспирантов вузов. М., 2008.
13. Никифоров, А.Л. Философия науки: история и методология: Уч.пос.М.,2008
14. Яскевич Я.С. Философия и методология науки. Вопросы и ответы: полный курс подготовки к кандидатскому экзамену /Я.С.Яскевич. – Минск.,2007.
15. Микешина, Л.А Философия науки: Общие проблемы познания. Методология естественных и гуманитарных наук: хрестоматия. М., 2005
16. Степин В.С. Теоретическое знание . М., 2005
17. Томас Кун. Структура научных революций. М.: Изд.АКТ, 2007
18. В.Ж.Келле. Наука как компонент социальной системы. М.,2008

7 Дәріс




Тақырыбы: Ғылыми танымдағы ақиқат мәселесі

  1. Ғылыми танымдағы ақиқат сөзінің мағынасы және теориялық негізі

2.Ақиқат теориясының қағид
3. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат аспектілері

Ақиқат дегеніміз - танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады.


Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің «Метафизикасында” ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп түсінді. Дегенмен ол ақиқаттың дәйекті материалистік ұғымын бере алмады.
Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз біздің біліміміздің бізден тысқары түрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Ақиқатқа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік – тарихи процесс.
Егер объективті ақиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның тұсінігі сол ақиқатты бірден, толығы мен, тұтасынан объсолютті тұрде емес, тек шамамен, біртіндеп, салыстырмалы тұрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен объсолютті ақиқаттың ара қатынасын көреміз.
Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат — әлеуметтік процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – объсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.
Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрак гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды- конвенционалды теория. Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiккелiсiмдiлiгi- когеренция теориясы. Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi- прагматикалық тұғырнама. Ақиқат концепциясының дәстүрлiнемесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель “үзiлгендi үзiлген деп, байланыстыны байланысты деп айтатын шындыққа жетедi”. Орта ғасырларда, Фома Аквинский “ақиқат дегенiмiз интеллект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады”. Декарт “ақиқат- өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi”. Бұл пiкiрдi материалистер де, идеалистер де; диалектиктер мен метафизиктер де; теологтар мен атеистер де келiстi. Қазіргі заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен, және уақытпен себептес; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.
Сонымен, ақиқат - таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатын шындықты барабар бейнелеу. Әрбiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiн әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнi адам санасында бейнеленуi.
Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiң жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi аспектiде көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудын тәсiлдерiн себептейтiн (обуславливающий) толық емес, нақты емес бiлiмдер; 2) оларды алу шарттарына, орыны мен уақытына байланысты, тәуелдi бiлiмдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет