«Философия мен медицинаның өзара байланысы»



бет2/4
Дата28.04.2023
өлшемі401,69 Kb.
#87692
1   2   3   4

Медицина ғылымындағы қазіргі кездегі зерттеулер медицина теориясының тек табиғи ғылыми білімдеріне ғана сүйенбейтінін сипаттайды. Жүйке психикасының бұзылуының көбеюі, соматикалық аурулардың психогендік механизмін айқындау, терапевтік әсерлердің тұлғалық факторлерге тәуелділігі және басқа факторлар адам ағзасы өмірі мен оның патологиясының мәндерін түсіну барысында кең ауқымды тәсілдерді қажет етті. Сондықтан да медицинаның базисін кеңейту үшін, оны жаратылыстану және гуманитарлық білімдермен қатар түсіндірме құрылыстарға енгізуге заңды беталыс айқындалды. Осылайша, қазіргі жағдайларда медициналық теорияның философиялық білімдерге тәуелділігі артады. Бүгін медицинаның барлық мәселелерін шешу үшін табиғи ғылыми негіздер жеткіліксіз. Сондықтан да, біріншіден, табиғи ғылыми негіздер шегінен медицинаның когнитивтік негізін кеңейту қажет, және екіншіден, аксиологиялық (құндылықтық) мәселе медицинада ерекше орын алады. 

Медицина философиясы 

Медицина философиясы ғылыми білімнің ерекше саласы ретінде ХХ ғасырда кеңінен тарады, себебі философия мен медицинаның қосылу шекарасында болған зерттеу бағдарламаларының көптеп таралуына байланысты: емдеудің тәжірибелері мен техникасы қалыптаса бастады, өзіндік сауығу, ағзаның ішкі мүмкіндіктерін, адамзат рухының резервтерін, с.қ. психиканың ұрпақтан ұрпаққа берілетін құрылымын есепке ала отырып өзіндік жетілу (мысалы К.Юнгтың коллективтік бейсаналық архетиптері).

Қазіргі медицина философиясы әртүрлі принциптерге, әдістемелік негіздер мен философиялық амалдарды басшылыққа ала отырып бірнеше бағытта дамиды. Қазіргі таңда философия мен медицинаның қырында тұрған негізгі мәселелер – тұлғаның және ұлттың денсаулығы, салауатты өмір салты, қоғам мен табиғи ортаның адамзат ағзасына тигізетін патологиялық өзгерістері, адамзат руханилығының адам денсаулығының психикалық және физикалық негізі ретінде, «ғасыр індеттерінің» әлеуметтік себептері, дәрігер мен науқастың қарым –қатынас этикасы, қазіргі медицианың эстетикалық негіздері. (өнер емдеу әдісі ретінде, түс және дыбыс терапиясы, сұлулық пен үйлесімділік ағза тепе – теңдігін қалпына келтіруші тәсіл ретінде және т.б



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет