2. Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер кешені
Дәрістер
Дәріс №1. Дәрістің атауы. Этнопедагогиканың методологиялық негіздері.
(1 сағат. 1апта)
1.Халықтық педагогиканың мазмұны және негізгі қызметі
2. Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
3. Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы, халықтық ғылым болып табылады.
Этнопедагогика-халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды,сондай-ақ тарихи -педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының , ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін оларды келешекте зертеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму заңдылықтарына ие.Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс,өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы,оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық «адамшылық табиғаттың» адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генефондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық, ақыл ой, мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез құлықты реттеу , өзін өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілермен танысу болашақ мамандарды оқылатын материалға қызығушылығын арттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтар ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша класс сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғарғы кластар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогткалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше.
Адам баласы оу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айналысып бақты . Оның қағазға түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл ақыл, өсиет өнеге, қағида болып тарап келген білім білік, тәлім тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.
Халықтық педагогикалық білімдері комплексті және синтетикалық сипатта деп бағалауға әбден болады. Себебі аса ауқымды педагогикалық мәліметті қабылдап, оны жадында сақтау және келер ұрпаққа дәлме дәл жеткізе алу үшін ойды жинақтап айтудың тиімді жолдары мен түрлері қарастырылған.
Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады.
Халықтық педагогика салт дәстүр, жол жора, қонақ күту рәсімдері, ел жұрт, ру тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім тәрбиенің түрі, адам мінезі, іс әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады.
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жиі сөз болған жекелеген авторлар еңбектерінде әдет ңұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі.
Этнопедагогика кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететінг жекелеген мәселелер де аз емес.Оның алдында шешілуі ең қиын алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр.
Диалектикалық ілімге сүйене отыра этнопедагогика ұдайы мұрагер болу жаңару және жаңаны тудыру процесінде өмір сүретін қозіалысты жүйе деп әбден қарастыруға болады.Мұнымен байланысты этнопедагогикада жаңа құбылыстардың пайда болуы және алға басуы; XX ғасырдың басына дейінгі және одан кейінгі кезеңдерді этностық педагогиканың даму тенденцияларын ашып көрсетуге елеулі орын берілуі қажет.
Этнопедагогика білімдерін қолдану рухсыздыққа, ұлттық жоққа шығаруға, тарихи ессіздікке нақты тосқауыл қояды ғ балалар мен жасөспірімдерге халықтық құндылықтар мен дәстүрлер, ұлттық мәдениет мұрагерлері ретіндегі адамзаттық борышын жете түсінуге , оларды өзінің ата аналары, өткен ұрпақ , бүтін халық ісін жалғастыруға үйретуге көмектеседі.
Этнопедагогикалық қарастыруда тәрбие қоғамдық құбылыстың бірінен өзгесіне заңды ілесіп отыруы, яғни мінез құлықтың табиғи формасы ретінде алға шығады.
Этнопедагогика зерттеудің кең көлеміне не оның алдында үлкен өзекті міндеттер тұр. Оның қалыптасуының қазіргі жағдайда халықтың педагогиканың әрекет ету аясын анықтау оның бүгінгі тәрбие мен өзара байланысын айқындау аса маңызды.
Этнопедагогиканың практикаға жол табуы ол қазіргі педагогикалық теорияны жан жақты қолданғанда ғана мүмкін . Сонымен бір мезгілде этнопедагогиканың көптеген қоғамдық , гуманитарлық және психологиялық ғылымдардың өзара ықпал ету шеңберіне енуінің принципті мәні бар.Бұл этнопедагогикалық материал мен бастаулары елеулі кеңейтеді, оны үлкен тарихи тәжірибесі бар ғылымдар методтарымен қаруландырады және сонысымен де аса кең теориялық қорытындылаулар үшін қолайлы жағдайлар туғызады.Этнопедагогикалық ізденістерді этносоциологиялық зерттеулердің құрамды бөлігі ретінде қарастыру жемісті болып көрінеді.Кез келген ғылым секілді этнопедагогикаға да теориялық тереңдікпен ұштасатын кеңестік керек, мұның өзі эмпирикадан тек теориялық қорытындылауларға көшкен жағдайда өана мүмкін болады.
2.Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
Этнопедагогиканың дамуында оның басқада ғылымдармен байланысы ерекше рөл атқарады.
Ол ғылымдар:
Философия – бұл адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсінуге, білушілікке тәрбиелейді.
Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.
Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғарғы нерв қызметін, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.
Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.
Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, мәдениеті, тарихын зерттейді.
Сондай-ақ, этнопедагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты болса, этнопедагогика өзінің ғылыми қалыптасып дамуында педагогика, фиолософия, психология, анатомия мен адам физиологиясы, гигиена, математика, кибернетика және т.б. ғылымдардың идеяларын пайдаланып жетілуде.
3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары — халықтық педагогиканы ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |