Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



бет18/49
Дата06.01.2022
өлшемі465 Kb.
#11507
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
Байланысты:
60fb7888-9e58-11e4-8a1d-f6d299da70ee3 лекция Этно

Дәріс №3. Дәрістің атауы. Этнопедагогиканың этникалық компоненті. (1 сағат. 3 апта)

1.Этнос, ұлт және халық ұғымдары

2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара байланысы

3 Қазақ этносының пайда болу тарихы


1.Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Этнос ең алдымен, мәдениеттілік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ортақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мұраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.



Ұлт— ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетик те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда “ұлт” және “этнос” ұғымдары біріне-бірі өте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан айырмашылығы ұлттар этностық белгілерге қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси-әлеуметтік ой-пікірде “ұлт”, “этнос” категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған.

2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара байланысы



Этнология (грек. ethos – тайпа, халық және logos – ғылым, ілім, сөз) – қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді (қ. Тарихи этнография). Өткен өмір мағлұматтарын соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог халық тұрмысы мен мәдениетінің тарихи даму үрдісін анықтайды. Халық өмірінің өткен кезеңдерінің ең көне дәуірі палеоэтнология деп аталады. Мыс., халықтардың шығу тегін зерттеуде Этнология үнемі археол. деректерге сүйенсе, археология өзінің зерттеу жұмыстарында археол. ескерткіштердің қандай этн. топтарға жататындығын анықтау барысында әр дайым этнол. деректерді кеңінен пайдаланады. Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем-өнері мен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу Этнологияны толықтыра түседі. Халықтардың тілдеріндегі жақындықты зерттеу лингвистика мен Этнология мүдделерін жақындата түседі. Халықтар мен табиғи ортаның әсерін, қоныстану үлгілерін және этникалық картографияны зерттеу ісі этнологияны географиямен және дүние жүзі халықтарының санын есептеуге арналған демография пәнімен байланыстырады. Сондай-ақ халықтардың шығу тегін және алғашқы қауымдық құрылыс тарихын зерттеуде антропология ғылымы Этнологиямен ұштасып, этн. антропология саласын қалыптастырды. Этнология жоғарыда көрсетілген ғылым салаларымен тығыз байланыса отырып, ғылым үшін де, күнделікті тәжірибе үшін де аса маңызды көптеген сауалдарды шешеді. Мыс., жеке елдер мен бүкіл дүние жүзі халықтарының этн. құрамын және халықтың шығу тегі мен этн. тарихын, артта қалған халықтарда сақталған көне дәстүрлер қалдықтарының негізінде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық өмір мен мәдениеттің қандай болғандығына ғыл. талдау жасайды. Этнология термині шетелдік тарихнамада кеңінен қолданылғанымен, кеңестік тарихнамада мүлдем пайдаланылмады. Себебі, мұнда Этнологияға бірегейлік сипат берілмей, оны этнография деп атады да, бұл ғылымды тарих ғылымдарының бір саласы ретінде ғана қарастырып келді. КСРО ыдырай бастаған кезде ғана Этнология термині этнографияны ығыстырып шығарды. Сөйтіп, оның халықты танып білудегі рөлі нақтыланды. Этнология атауы этнос терминіне байланысты қалыптасқан. Антик. заманда эллиндіктер “этнос“ терминін грек емес халықтарға қолданған болатын. Э. термині 19 ғ-ға дейін кеңінен қолданыла қойған жоқ. Тек кей жағдайлардағы этногр. үрдістер мен құбылыстарды баяндау кезінде ғана қолданысқа еніп отырды. Антропол. ғылымдардың жалпы классификациясын жасап, оның ішінде Этнология ны бөліп, 1830 ж. алғаш рет көрсеткен француз ғалымы Жан Жак Ампер еді. Осыдан кейін еур. ғыл. жұртшылық осы терминді кеңінен қолдана бастады. Этнология ғылымының дербес пән ретінде ресми түрде қалыптасуы Париж этнологтары қоғамының құрылуынан (1839) басталады. Бұл оқиға пән және оның қоғамдық ғылымдардағы орны туралы қызу ғыл.-теор. пікір-сайыстар туғызды. Кейбір мәселелерге қатысты сан алуан көзқарастар болғанымен, қазіргі таңда Этнология ның орны, пәні мен зерттеу әдістері, міндеттері, т.б. айқындалған.

3. Қазақ этносының пайда болу тарихы

“Қазақ” деген терминнiң шығу тегiн, мән-мағынасын этимологиялық тұрғыдан қарастырсақ, ... ол жөнiндегi бұрын-соңғы болжамдар мен тұжырымдарды мынадай үш салаға бөлуге болады:

1. Қазақ халқы арасына тараған тарихи аңыздардың айтуынша “қазақ” деген сөз “қаз” атауынан пайда болған деп есептейдi.

2. “Қазақ” деген  сөздiң  көне түркi тiлiндегi  мағынасы, яки  қолданылу дағдысы “өз елiнен бөлiнiп шығып,  еркiн жүрушiлер”,  “ер жүрек ерiктiлер”, “көтерiлiс жасап, өз еркiмен кетушiлер” деген мағыналарды бiлдiредi. Демек, “қазақ” атауының арғы тегi “ерiктiлер” дегеннен шыққан дейдi.

3. “Қазақ” атауының арғы тегi ежелгi заманда қазақ даласын мекендеп, қазақ  кұрамына   енген  тайпалар  мен  халықтардың  аттарынан:   сақ,   каспи, қазар, аз дегендерден, яки осы негiзде өзгере қалыптасқан дейдi (56, 28).


Ендi осы жорамалдардың басты-бастыларына тоқталайық. XIX ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаев өзiнiң “Бiрер сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы” деген әйгiлi қара сөзiнде: “Арабтар Орта Азияға жорық жасап (VIII ғасырда. — С. Қ.) келгенде, көшпелi халықтарды “хибай”, “хузақи” деп атапты. “Хибай”— киiз шатырмен жүрушi деген екен. “Хузақи” дегенi — өз жұртында “хузаги” деген көшпелi халқы бар екен, соған ұқсатып айтқан екен... Сол уақыттың бiр ханы көшiп келе жатқанда, бұлардың тiркеу түйесiн көрiп, “мiне, мыналар шынымен қазақ екен” дептi. “Әдейi қайтқан қазға ұқсайды-ақ екен” дептi. Сонымен, бұлар өзiн-өзi де, бұларды өзге жұрттар да “қазақ” атап кетiптi. Бұрын өздерiн “ұлыс” дейдi екен де жүре бередi екен” (45, 231),— деп жазады.

Ал фольклорист Әбубәкiр Диваев қазақ деген сөздi “қаз” және “ұзақ” деген екi құстың атынан бiрiгiп, қазақ болып қалыптасқан дейдi. Ол тағы бiр пайымдауында: “қазақ сөзiнiң әсiлi еркiн жүрген адам” деген ұғымнан алынса керек, оны халық аңызынан аңғаруға болады” (24, 29),— дегендi айтады. Мұхамед Хайдар Дулати өзiнiң “Рашидтiң тарихы” атты еңбегiнде Әбiлқайыр ханға” қарсы шығып, Дештi-қыпшақ даласынан Батыс Жетiсуға қоныс аударған қазақ тайпалары жайында айта келiп: “Әбiлқайыр хан өлгеннен кейiн өзбек ұлысында ырың-жырың туып, даланы мекендеушiлер өзiнiң қауiпсiздiгi мен өз басының қамына бола, Керей хан мен Жәнiбек ханнан пана сұрайды. Сөйтiп, олар күшейiп алады. Алғашқыда әлгi қашқындар өз ұлысынан бөлiнiп кетiп, бiраз уақыт мал-мүлiксiз, қаңғып жүрген адамдар болғандықтан, оларды жұрт қазақтар (қашақтар) деп атап кеткен. Сөйтiп, оларға тағылған осы ат бекiп қалды” (25, 46),—дейдi. Түркия тарихшысы Зәки Уәлиди Тоған: “қазақ деп бiр саяси мақсатты көздеп, көтерiлiс жасау нәтижесiнде салт яки үй iшiмен бiрге өз қауымынан бөлiнiп шығып, өкiмет билiгiн алуға талпыныс жасаған сұлтандарды айтқан. “Қазақ” сөзi алғашқыда сұлтандарға ғана тән болған, кейiн оларға қарсы тайпалардың және олар құрған мемлекеттiң атына айналған”(77,. 37)”,— дейдi. Шоқан Уәлиханов “қазақ” сөзi әскери термин ретiнде қолданылып “ер жүрек”, “батыл” деген мәндi бiлдiргенiн баяндайды ‘(28, 75)”.

Атақты орыс ғалымы В.В.Радлов, А.Самойловичтер “қазақ” деген атауды “тәуелсiз, еркiн, ерiктi адам” деген мағынаға ие деп жазды. “Қазақ шежiресiнiң” авторы Шәкәрiм Құдайбердiұлы да жоғарыдағы пiкiрлердi қолдай келе, “қазақ” дегеннiң мағынасы “өз алдына ел болып, еркiн жүрген халық” деген сөз деп түсiндiрдi.

“Қазақ” терминiнiң төркiнiн тым ерте заманға апарып тiреген әйгiлi ғалым А. Н. Бернштам болды. Ол “қазақ” сөзi жайындағы В. В. Радловтың, Г. Вамберийдiң, В. В. Бартольдтiң, А. Н. Самойловичтiң, Н. Я. Маррдың т. б. пайымдауларын талдай келiп, “қазақ” сөзiнiң шығу төркiнi мен қазiргi мағынасын екi дәуiрге бөле қарайды. Яғни “казақ” деген сөздiң түп-төркiнi ежелгi замандағы каспи (ғұндар) жөне сақ тайпаларының бiрiгуiнен пайда болған, “қазақ” сөзiнiң қазiргi мағынасы (“еркiн адам” т. б. дегендер) кейiн шыққан ұғым деп тұжырымдайды. Каспи, яки қасып-сақтардың көшпелi бiрлестiгiне кiрген тайпа аты. Бұл қосар тайпа атауы қассақ сөзiндегi екi “с” дыбысының бiреуi өзара ықпал әсерiмен түсiп қалып, қазiргi “қазақ” этнонимi шыққан” (56, 33),— дейдi.

Көрнектi әдебиетшi ғалым Ә. Қоңыратбаев өзiнiң “Көне мәдениет жазбалары” атты еңбегiнде А. Н. Бернштам пiкiрiн қостай келе: “қазақ” сөзiнiң түбiрi “ғұз-сақ” (оғыз-ғақ) дейтiн екi түрлi кезеңдегi тайпа атының бiрлесуiнен туған (қазақ, қыпшақ, ғұзақ, қосағ, қосай деген атаулардың мағынасы жақын), “қазақ” сөзi “ғыз-сақ” деген тайпа атауынан туған деген ойды дәлелдеу үшiн, Орта Азия, Тұран, Алтай, Сiбiр, Қазақстан жерлерiн мекендеген ежелгi тайпалар тарихына, атауларына назар аудару қажет” (51, 126),—деген тұжырым жасайды. “Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары “қаз” дегеннiң кәдiмгi құс атынан басқа да мағынасы бар, қазақтың сөйлеу тiлiнде сәби баланың ешқандай сүйемелсiз, өз еркiмен аяқ басып, тiк тұруын “қаз тұру” дейдi. Жас баланың алғаш адымдап аяқ басқанын көрген ата-аналары мен туыстары шаттанып: “қаз-қаз” деп айқайлап, шабыт бередi. Бұл “қаз”— еркiн әрекеттiң алғашқы қимылы. “Қаз” түбiрiнен туындаған “қаздаң қағу”, “қаздаңдау” етiстiктерi де еркiн әрекет жасаудың мағынасын бередi. Көне түркi тiлiнде жазылған “мәңгi тастарда” да (Тоныкөк, Күлтегiн ескерткiштерiнде) “қазақу”, “қазғандұқ”, “қазғантұғын” деген етiстiктер “қажырлы қайрат жұмсау”, “күресу”, “талпыну”, “еркiндiкке ұмтылу”, “ерлiк iстеу” мағыналарында қолданылған. Бұл сөздердiң түбiрi “қаз” (“қазған-дұң”) екенi даусыз. Осы “қаз” түбiрiне “ғақ” жұрнағы жалғанып, “қазғақ” сөзi жасалып, “еркiн адамдар”, “ержүрек; ерiктiлер” деген мағынаны бiлдiретiн терминге айналған (мысалы, қазақта “ғақ” жұрнағы жалғанып жасалатын айғақ,, құрғақ, тайғақ,, оңғақ, т. б. сөздер бар). Енисей өзенiнiң бiр тарауы ұйық Тұран бойындағы тасқа жазылған “қазақ оғлым” деген жазу (VI г. ескерткiшi) бар. Сiбiр халықтарының ескi тiлiнде “қазақ” деген сөз “мықты”, “берiк”, “жойқын”, “алып” деген мағынада екен. Сонда “қазғақ оғлұм” деген сөздiң мағынасы “алып ұлым”, “батыр балам” болып шығады. Бұл қазақ сөзiнiң көп айтылып келе жатқан “ер жүрек, ерiктiлер”, “батыл адам” деген мағынасына сай келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет