Қоғам деп көп жағдайларда кез келген адамдар бірлестігінің барлық типтері мен түрлерін айтады. Бірақ қоғам дегеніміз – индивидтердің өзара қарым-қатынасы, қоғамдық қатынастар мен бүкіл адамзат баласы, мемлекет деңгейіндегі үлкен әлеуметтік топтар мен жекелеген кәсіби қауымдастық, отбасы, кіші әлеуметтік топтарға жататын адамдар бірлестігін қамтитын, құрамындағы элементтері бір-бірімен тығыз байланысқан біртұтас жүйе болып табылады.
Мифологиялық көзқарас: қоғамның пайда болуындағы басты фактор табиғат.
Антикалық философия: қоғам - адамдардың бірге өмір сүру қажеттілігінен туындаған.
Ортағасырлар:қоғамды Құдай қаласына қарама-қарсы, жердегі күнәға белшеден батқан пенделер қаласы деп түсіндірді.
Жаңа жазаман: қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан зерделеу мен реттеу мәселесі көтерілді.
Ағартушылық кезең:қоғамды әлеуметтік процестердің бір-бірімен байланысқан жүйесі деп білді.
Марксизм: қоғамның қозғаушы күші экономика деп есептеді.
Позитивизм: қоғамды зерттеуде нақты ғылымдардың зерттеу әлдістерін қолдануды ұсынды.
Макс Вебер: қоғам дамуында діннің орны ерекше деп есептеді.
Маршал Маклюен, Э. Тофлер:қоғам дамуында техниканың алатын орнын абсолюттендірді.