"философия" ПӘні №12-Дәріс. «Қоғам және мәдениет» "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы



бет7/8
Дата31.12.2021
өлшемі2,63 Mb.
#23792
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Философия 12-дәріс. Қоғам және мәдениет. ҚДС, Стоматология 2021

ҚОҒАМ АНЫҚТАМАЛАРЫ

Макс Вебер: «Қоғам адамдардың бір-біріне ықпал етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» деген анықтама береді.

Американдық әлеуметтанушы Толкот Парсонс «қоғам адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ол қарым-қатынастардың негізі – ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады» дейді.

  • Карл Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етуінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.

ЕРТЕДЕГІЛЕРДІҢ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІ
  • Ертедегілер қоғам деп дүниенің біртұтас болмысын түсінген. Яғни олар үшін қоғам дегеніміз ғарыштық тәртіптің бір түрі, мемлекет, саяси құрылымның өзі болатын. Себебі «космос» сөзі тәртіп, реттілік дегенді білдіреді. Ертедегілер ғарыштағы тәртіп пен тепе-теңдік, үйлесімділікке таң қалады. Соған қарап әскери тәртіп орнатып, мемлекет құруды көздейді. Әйелдердің бет-жүзін әрлеп, тәртіпке келтіретін керек-жарағының «косметика» аталуы да сондықтан.

ГЕРАКЛИТ, ПИФАГОР, ПЛАТОН ҚОҒАМ ТУРАЛЫ
  • Космос сөзін әлемнің болмысы, дүние құрылымын белгілеу үшін ең алғаш грек ойшылы Гераклит қолданады. Ол үшін ғарыш, күллі әлем «логос» заңына бағынады. Құдай дегеніміз сол – заң, сол – логос, яғни – ғылым, ілім, білім. Пифагор космосты сандардың үйлесіміне сәйкес – гармония деп түсінді. Платон болса “Тимей” диалогында ғарышты (космосты) “жаны бар біртұтас тіршілік иесіне” теңейді.
  • Ертеде қоғам мен мемлекет бір деген түсінік қалыптасты. Платонда мысалы, қоғам – мемлекеттің саяси функциясымен теңгерілді. Олар халықты сыртқы жаудан қорғау мен ішкі тәртіпті сақтау. Платон үшін қоғам мен адам жанының құрылымы бір. Мысалы мемлекет құрылымы: басқарушы даналар (философтар), әскерилер және шаруа-қолөнершілерден тұрса, адам жанының құрылымы соған сәйкес – ақыл, ерік-жігер және күш-қайраттан тұрады. Яғни Платондағы мемлекет – алып тұлғалы адамға ұқсас тіршілік иесі.

АРИСТОТЕЛЬ, Т. ГОББС, Ж.-Ж. РУССО

Аристотель адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастардың мәнін аша түседі. Ол адамгершілік, достық қатынастарға ерекше мән береді. Отбасының орнын жоғары бағалайды. Достық жайлы Аристотель «адамның ең бірінші досы өзі, яғни адам ең бірінші өзін жақсы көріп, өзін сыйлай білуі тиіс» дейді.


  • Жаңа замандағы қоғам туралы көзқарастар адамдар “табиғи жағдайдан” өзара “қоғамдық келісімге” келу арқылы мемлекет, қоғам пайда болды деген теорияға тоқтайды (Т.Гоббс, Ж.-Ж.Руссо).

Аристотель (б.з.д. 384-322)

ҚОҒАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ. ҚОҒАМ ТҮРЛЕРІ

Адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуы ең бірінші – еңбек, қарым-қатынас және танымға байланысты .

Осыдан келіп, адам тіршілігінің, қоғамның: экономика, әлеуметтік-саяси, құқықтық және рухани-мәдени (дін, ғылым, мораль, өнер, медицина т.б.) салалары шығады.

Қоғам дамуында – жабайы, дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды кезеңдерді жүріп өткен.

Батыстық және Шығыстық қоғамның өз ерекшеліктері бар.

Ақпараттық, желілік, тұтынушы қоғамдар бар



ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР

Жануарлар дүниесі қоршаған ортаға инстинктер арқылы бейімделіп тіршілік етеді. Ал адам баласы үшін осы инстинкт ролін ғасырлар бойғы адамзат тәжірибесінде қалыптасқан әлеуметтік институт құрылымдары атқарады.


  • «Әлеуметтік институт» терминін алғаш рет XIX ғасырда ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер ұсынады. Ол әлеуметтік институттың 6 типін сипаттап береді: өндірістік, кәсіби, саяси, әдет-ғұрыптар, шіркеулік және үй тұрмысына қатысты әлеуметтік институттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет