Орыс ойшылы С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтік философияның зерттеу аймағы – қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің құндылық қырларының жалпы өмірдің фундаментальды құндылықтарына қатынасы болып табылады.
С.Л.Франк 1877-1950
СОКРАТ, ПЛАТОН
Сократ - білім, даналықпен бірге, қоғам үшін де өте маңызды ізгіліктің үш түріне: әділетілікке, қанағатқа, батылдыққа ерекше мән берді. Адамдар жеке өзі жүріп емес, қоғаммен бірге өз мақсатына жетіп, игілікті қоғам орнатады деп білді. Ол адамдарды, қоғамды жақсы болсын деп сынады. Кемшіліктерін әшкереледі.