«Философия» пәні бойынша №2 соөж тақырыбы: Үнді философиясы Орындаған



бет2/3
Дата14.05.2023
өлшемі31,18 Kb.
#93134
1   2   3
Индра

найзағайдың, күн күркіреудің Құдайы;

Митра

күн Құдайы

Варуна

аспан Құдайы

Агни

от Құдайы

Яма

өлім Құдайы

Тапас

дене іңкәрі, жылылық

Рита

ғарыштағы тәртіп

Пуруша

ғарыш адамы, рух, жан

Карма

адамның тағдырын құрайтын жан-дүние

Сансара

ғарыштағы қысылған, күйзелген жан-дүние әлемі

Мокша

бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу

Дхарма

заң мен әділет Құдайы

Үнді мифологиясындағы негізгі кітаптар: Ригведа, Упанишада, Махабхарата, Бхагавадгита т.б. [3, 57].


Буддизм біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Ол брахманизмге қарсы, әділдік көксеген таптар арасында пайда болды. Бірақ кейін үстем таптар оны өзінің құралы ретінде колданды. Брахманизм беделді абыздарға сүйенсе, буддизм құлдық қоғам пайда болған соң ірі үстем таптарға сүйенді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда (б.з.д. 623-524). Ол Гималай таулары етегінде тұрған шакья тайпасы патшасы отбасында дүниеге келген. Кейін патша сарайын тастап, жеті жыл жер кезіп, тоғай аралап, жападан жалғыз арып-ашығып, өле жаздап жүріп бір ағаш түбінде шаршап отырғанда оның санасына даналык нұр енеді. Сол кезден бастап ол Будда дінінің негізін салушыға айналады. Бұл дін Шығыс елдеріне (Қытай, Жапония, т.б.) кең тараған. Буддизм теориялық философиядан гөрі Діни этикага негізделген. Мақсаты адамдарды түрлі рухани азаптан босату және оған жетудің жолын іздестіру. Буддизмде төрт басты мәселе бар:
1) Өмір азапқа толы;
2) Ол азаптардың себебі бар (Ол қанағатсыздық, ұдайы бола берсе деген құштарлық, тыйымсыз әуестік);
3) Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;
4) Азаптан құтылудың кезі бар.
Олай болса, бұл дін бойынша, адам өмірі, онын рахат, ләззатқа ұмтылуы азаппен қабаттас болады. Буддизм пікірінше, азаптан құтылу о дүниеде емес, осы дуниеде болмақ. Ол үшін адам талабан, нәпсіні тарту керек. Оны "нирвана” дейді. Буддизм кейін бірнеше ағымдарға бөлінеді. Ертедегі Үнді философиясында материалистік ағым да болды. Оны локаята (немесе чар- вактар) дейді. Локаята бұл дүниеден баска о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді. Табиғаттағы заттар ауа (жел), от (сәуле), су, жерден тұрады дейді. Өлген организм ыдырап, алғашында өзін құрған бөлшектерге айналады. Ләззат пен азап бірлікте, азапты жою мүмкін емес, бірақ оны жеңілдетуге, азайтуға болады дейді. Олар жұмақ, тамук (тозак) дегенге сенуді, құдайы беруді бос қиял, жалған сенім деп ұғындырады. Локаятаның шығу себебі - ежелгі рулық қоғам ыдырып, таптық қоғамның, мемлекеттің пайда болуы. Сонымен қатар, жаңа әлеуметтік топтарға сауда, колөнер, жер өңдеумен айналысатындардын пайда болуы. Олар бұрынғы топтар: діни адамдарға (брахмандар), әскери адамдарға кері бағытта пайда болды. Сөйтіп, үнді философиясы сол кезден бастап, осы заманға дейін буддизм, джайнизм, локаятадан баска бағдарда өмір сүрді. Олар: ведена, санкхья, йога, ньяя, вайшилер, миманса. Мәселен, санкхья б.з.б. VI ғасырда пайда болды. Ол философия бойынша дүние екі бастамадан тұрады:

  • бірі - зат,

  • екіншісі жан.

Ол екеуі біріне-бірі себепкер, біріне-бірі бастама. Олардан басқа ешкандай себепкер жоқ. Йога бағыты санкхьядан шығады. Бірақ олар дүниеде жанды, рухты басты элемент деп есептейді. Олар Құдай бар деп, соған сенеді [4, 19].
Йогтар тән талабын басуды уағыздап, ләззаттан бас тартуға шақырады. Олар адамның тынысын, демін, тамақтануын реттеудің ережесін жасады. Йогтар екі түрге белінеді.

  • Бірі өмірден безу,

  • екіншісі этикалык катан - тәртіпке жүгініп, өзін тек кыспақта ұстау [4, 20].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет