Ньяя философиясытаным ілімі, логикалық қорытындыларға негізделген бағыт. Олар дүниені тану, сезіну, оны логикалық корыту арқылы қалыптасады дейді. Жалпы алғанда ньяя философиясы тұрпайы материалистік бағытқа жатады. Ол б.з.б. ІІІ ғасырда пайда болды [4, 20].
Вайшилер философиясы б.з.б. VI-V ғасырларда дүниеге келді. Ол атомистік теорияға сүйенеді. Ньяя философиясы сияқты вайшилер философиясы да этикаға көбірек мән берді. Адамның "мәніне" бостандык беру үшін оны рухани азаптан, қыспақтан босату кажет дейді. Бүкіл әлем — от, су, жер, жел атомнан құралады. Қозғалыс сапа емес, касиет дейді. Бірақ бұл материалистік пікірді олар идеализмге жеңдірді. Өйткені, атомды да билейтін ырық, күш бар екенін мойындайды [4, 20].
Қорытынды. Үнді өркениеті – әлемдегі ең көне өркениеттердің бірі. Ол Үндістан түбегінде шамамен 6 мың жыл бұрын пайда болған. Өздерін, қоршаған әлемді және ондағы орнын түсінуге тырысып, ежелгі үнді философтары дүниетанымдық ілімдердің дамуына алғашқы қадамдар жасай бастады. Бүкіл әлемдік мәдениетке елеулі әсер еткен ежелгі Үндістанның философиясы осылай дүниеге келді.
Ежелгі дәуірден бері үнді философиясы идеялар мен көзқарастарда түбегейлі өзгерістерсіз үздіксіз және табиғи түрде дамыды. Барлық негізгі ережелер 15 ғасырға дейінгі Ведаларда сипатталған. Ведалардан кейінгі әдебиеттердің барлығы дерлік оларды түсіндірумен байланысты. Ведалар санскрит тілінде жазылған және төрт бөлімнен тұрады: Самхиталар, Брахманалар, Араньякалар және Упанишадтар.
«Ежелгі Үнді философиясы» тақырыбын оқу барысында мен Ежелгі Үндістан философиясы туралы ең маңызды нәрсені қысқаша білдім: ол қалай дамыды, оның қандай ортақ белгілері болды, оның негізі қандай болды. Сонымен қатар біз негізгі Үнді философиясының ілімдерімен таныстым.
Қолданылған әдебиет Т.Х Ғабитов, Б.М Сатершинов / Философия: жоғары оқу орындары және колледж студенттеріне арналған оқулық / Алматы, Раритет, 2012.-400 б.
Нұрышева Г.Ж. Философия оқулық / Алматы 2013 - 316 б.
Серік Мырзалы Философия: оқу құралы. / Алматы 2010. - 644 б.
Д.Кішібеков., Ы.Сыдықов. Н.Философия: оқу құралы / Алматы 2002. - 388 б.