Бекітуге арналған сұрақтар:
1.Маркстік философияның пайда болу себептері.
2.Маркстік философияның орны, кемшілігі, маңызы.
№12 Дәріс тақырыбы: XX ғ. -XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық
философия.
Дәріс жоспары:
1. Феноменология.
2. Позитивизм философиясы.
3. Экзистенциализм философиясы.
4. Фрейдизм және неофрейдизм.
Қазіргі батыс философиясының аясында Х1Х ғасырдың аяғы ХХ1 ғасырдың басындағы
АҚШ философиясы мен батыс-европалық философиясы түсіндіріледі. Бұл дәуір –
адамзаттың рухани және материалдық дамуына өз үлестерін қосып, өздерінің талғамды және
терең идеалдарымен философиялық мәдениетті байытуға ұмтылған, керемет ойшылдардың
ордасына айналған классикалық емес философия дәуірі болды. Осы кезеңдегі батыс
философиясынан – сол қоғамның бетке ұстар философтары, көптеген мектептер, бағыттар
мен концепциялар орын алды. Олардың ішіндегі ең негізгі бағыттарға мыналар жатады:
феноменология,
позитивизм,
сыни
рационализм,
прагматизм,
постпозитивизм,
неокантианство, экзистенциализм, персонализм, структурализм, постмодернизм.
Достарыңызбен бөлісу: |