ұсынылды. № 5 Хаттама
3
Алғы сөз
Философияны игеру кез келген сала мамандарының жалпы мәдени және теориялық
гуманитарлық дайындықтарының іргетасын қалайды. Берілген қысқаша дәрістер жинағы
мемлекеттік стандарт талаптарымен құралып, философия тарихының негізгі сұрақтарын
және негізгі философиялық ағымдарды, мектептер мен қазіргі жүйелерді ашып көрсетуге
бағытталған. Бұл студенттерге философия проблематикаларымен оның тарихи контекстінде
танысуға және оның адамның өмір сүру өркениетінде дамуын бақылауға сонымен қатар
философиялық білімнің негізгі бөлімдері: онтология, гносеология, әлеуметтік философия
және философиялық антропологияны игеруге мүмкіндік тудырады.
Мақсаты – студенттерге философияның пәні мен міндеттері туралы алғашқы
түсініктерді қалыптастыру, маңызды мектептер мен ағымдар туралы, ұлы ойшылдар,
адамның "мәңгілік" мәселелерінің шешімі туралы, әлемнің жалпы ұғымынан бастап, қазіргі
басты мәселелерді түсінуге көмектесу.
Қысқаша дәрістер жинағы тиімді формада жасалған, философия тарихының
ерекшелігіне екпін береді, студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға бағыттайды. Философия
тарихы курсын игеру кезінде студентке қажет негізгі категориялар, дефинициялар қою
шрифтермен берілген. Студенттің лекция, семинар сабақтарына берілген материалдарды
сараптап, тұжырымдарын жазуға көмектеседі.
Қысқаша дәрістер жинағы философияның теориялық сұрақтарына арналған.
Философиялық білімнің іргетасы болып саналатын тақырыптар қарастырылған: «Болмыс»,
«Сана», «Таным», «Адам», «Қоғам» және олардың мазмұны, категориялдық аппарат және
олардың бір-бірімен байланыстары.
Достарыңызбен бөлісу: