«философия» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет24/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67
Персонализм  –  бұл  тұлғаны  алғашқы  шығармашылық  шындық  және  жоғарғы  рухани 

құндылық  деп,  ал  әлемді  Құдайдың,  жоғарғы  тұлғаның  шығармашылық  белсенділігінің 

көрінісі  деп  мойындайтын  қазіргі  заманғы  философиядағы  теистік  бағыт.  Персонализм  екі 

түрлі вариантта көрініс табады, олар: француз персонализмі, өкілдері: Э.Мунье (1905-1950) 

мен  Ж.Лекруа  және  американ  персонализмі,  өкілдері:  Б.П.  Боун  (1847-1910),  Р.Флюэллинг 

(1871-1966) мен Э. Брайтмен (1881-1953).  

Персонализмдегі  негізгі  зерттеу  пәні  адамның  шығармашылық  субьективтілігі  болып 

табылады. Мұны тек  адмның құдайға деген қатыстылығы арқылы ғана түсіндіруге болады. 

Адам ол әрқашан тұлға, персона; оның мәні оның жанында. Адамның жаны өзіндік саналы, 

ол  өздігінен  бағытталады.  Тарих  пен  қоғам  адамның  тұлғалығы  арқылы  дамиды. 

Персонализмнің  негізгі  мәселесіне  адамның  адамгершілік  тәрбиесі  мен  еркіндігі  мәселесі 

жатады. Персонализмге сәйкес, егер де тұлға Құдайға, қайырымдылыққа ұмтылыс жасаса, ол 

дұрыс жолда келе жатыр. Моральдық өз-өзін жетілдіру, дұрыс адамгершілік пен діни тәрбие 

үйлесімді  тұлғалар  қоғамына  әкеледі.  Тұлға  басқа  адамдармен  белсенді  сұхбаттасу,  қарым-

қатынас  процесінде  персонаға  айналады.  Осыдан  адамдардың  әлемді  өзгертуге  қатыстыру 

ретіндегі коммуникацияның  маңыздылығы көрініс береді.  



Структурализм  –  (К.Леви-Стросс,  Ж.Лакан,  М.П.  Фуко,  Д.Альтюссор).  Бұл 

философиялық  ағымға  әлеуметтік  нақтылықтың,  адамның  ойлау  жүйесінің  әмбебаптық 

құрылымдарын  айқындау  арқылы  жалпы  философиялық  тұжырымдар  жасау  және  осы 

негізінде,  олардың  мәнін  түсінуге  талпыну.  Структурализмнің  ілімінше,  құрылымдық 

тәсілдің  негізінде  кез-келген  зерттеп  отырған  құбылыстарды  өзгерткенде  олардың 

құрылымының  бір  қалыпты  болатындығын  мойындау  жатыр.  К.Леви-Стросс  әртүрлі 

халықтардың тайпалардың аңыз, ертегілерін, мифтерін зерттей келе, кез-келген бір миф жер 

жүзінің  бір  аймағында    ешқандай  айна  қатесіз  қайталанып  жатады.  Олай  болса 

мифологиялық әр халықта белгілі бір логикаға бағынады деп ой қорытады. ХХ ғасырдың 40 

жылдарынан  бастап,  структурализм  ғылыми  тәсіл  ретінде  лингвистикада,  антропологияда, 

психологияда, социологияда, кейінгі кезде философиялық әмбебап тәсіл ретінде қолданылып 

жүр. Структурализм сыни рационализммен қатар позитивизмнің көрінісінің формаларының 

бірі болып табылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет