Философия пәні және оның қызметі


ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ



бет2/3
Дата04.04.2023
өлшемі0,65 Mb.
#79176
1   2   3

ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ.

  • Философия (грекше филео –махаббат, құштарлық, софия - даналық) даналыққа құштарлық, даналықты сүю мағынасын береді.
  • Философия - адам және оның айналасы туралы тәжірибелік және практикалық білімдер жиынтығы.
  • Мифология (грекше мифос, аңыз, шежіре; логос – сөз, ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы

  • Философия – қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.
  • Тұңғыш рет “философия” терминін б.з.б. VI ғ. Пифагор қолданған.

ФИЛОСОФИЯНЫҢ МИФ ПЕН ДІННЕН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ: - БІЛІМГЕ (ҒЫЛЫМҒА) НЕГІЗДЕЛГЕН (ҚИЯЛҒА, СЕНІМГЕ ЕМЕС); - РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ (ОЙЛАУДЫҢ ӨЗІНЕ-ӨЗІ БАҒЫТТАЛУЫ); -ЛОГИКАЛЫҚ (БІРІЗДІЛІКТІ, ЖҮЙЕЛІ); - НАҚТЫ ҰҒЫМДАР МЕН КАТЕГОРИЯЛАРДЫ ТІРЕК ЕТЕДІ, СҮЙЕНЕДІ). ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ДҮНИЕГЕКӨЗҚАРАС ТҰРҒЫСЫНДА ӨЗІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ МЫНА ҮШ КЕЗЕҢІНЕН ӨТТІ: - КОСМОЦЕНТРИЗМ; - ТЕОЦЕНТРИЗМ; -АНТРОПОЦЕНТРИЗМ.

КОСМОЦЕНТРИЗМ ДЕП ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ, ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН, ТІРШІЛІКТІ ЖАСАУШЫ ДҮЛЕЙ, ШЕКСІЗ СЫРТҚЫ КҮШ – ҒАРЫШ, БАРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ҒАРЫШТЫҚ АЙНАЛЫМ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ ДЕП ТҮСІНЕТІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТЫ АЙТАДЫ. (ЕЖЕЛГІ ҮНДІ, ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ, БАСҚА ДА ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ).

  • Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден
  • тысқары тұрған тылсым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән).
  • Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады. (Еуропалық Қайта өрлеу, жаңа және қазіргі заман философиялық
  • мектептер).

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

  • Өте күрделі құрылым (онтология, гносеология, логика және т.т.);
  • Шегіне жеткен жалпылық, теориялық сипат алуы,
  • Өзге ғылымдардың негзін қалайтын түпкілікті, бітімдік идеялар мен ұғымдарды өзінде сақтайды;
  • Көбінесе субъективтік қасиет тән – жеке тұлғалар мен ойшылдардың дүниегекөзқарастық ойларының таңбасы басым;
  • өз заманының ықпалын сезінеді, сүрген дәуірінің объективтік білім мен құндылықтарының, әдептілік мұраттарының жиынтығы болып табылады;
  • Философиялық білім әрдайым дамиды, әрі жаңарып тұрады;
  • Философия өз мәнінде шексіз, әрі сарқылмайды, таусылмайды; адамның танымдық қабілеттілігімен шектелген, шешімі жоқ, “мәңгі” мәселелері бар, бұлардың бәрін бүгінгі таңда логикалық жолмен дәйекті шешу, тану мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет