Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары



бет9/49
Дата18.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#118249
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
Байланысты:
философия тест ответы

14.Тәндік және руханилық.
Философия мен мәдениет тарихындағы ең алғашқы жүйелерден бастап, қазіргі күнге дейін қайта-қайта қойылып, бiрак өз шешімін таба алмай келген мәселеге адам болмысындағы рухани және тәндік бастаулардың арақатынасын анықтау жатады. Ешкім тәнін тастап кете алмайды және осыны тек рухы арқылы түсінеді. Тек фантастикалык, аныздык, мифологиялық киялдарда ғана жан дененi уақытша қалдырып, алемді аралап, сосын кайтадан оған ене алады. Бiрак, жанын күтiп бос жаткан тән феномені нақтылы адамдық тәжірбиеде кездестi деген куәлікті немесе кездестіре алмаймыз. Бұл айтылғандар аксиоматикалық қағидалар сиякты. Алайда, түсінбеушілік пен пікірталас осы екi адамдык болмыс бастауларын айғақты ұғындырамын деген әрекеттердің қалтарыстарынан көрініп тұрады. Тіпті, жәй көзқарас үшін қарапайым тәрізді болып көрінетін жан мен тәннің табиғатын түсіндіруде талай шешімі қиын түйіндер мен алынбаған белестер кездеседi.
Аристотель адам өмірінің барлық игіліктерін үш топқа:сыртқы, жандық және тәндiк ген. Бірақ олар бір-бірінен ажыратыла әрекет етпейді. Сол себепті, дейді Аристотель, «мынадай деп ажыратқан маңызды болар: ен биiк игілік кайсысы, қайырымды жаннын болуы ма, әлде соны колдану ма, жанның қасиеті ме, әлде іс пе? Олимпия жарысындағы бәйгені ең сымбаттылар мен күштiлер емес, жарыска катынаскандар алатыны сиякты.... емiрде де ен тамаша әрі игілікті жемістер дұрыс іс істегендерде ғана болады. Ондайларға Сондай өмiрдiң өзі ләззат» дейді.
Егер өлі және тірі табиғатта оның осы ішкі күштері денесінен болiнбей омiр сүрсе, адам дүниеге келіп, абстрактілік ойлау мүмкіндіктері пайда болысымен-ак, олар оны н санасында бейнеленiп, неше түрлі категориялар, принциптер, нормалар, идеялар кундылықтарды тудырады.
Аса ескеруге алатын нәрсе - адам Дүниенің заңдылықтарын өз санасында тек бейнелеп қана қоймай, оны өзгертуге, жетiлдiруге, кемеліне келген модельдердi калыптастыруға, бүгiнгi өмiрде жок, бiрак болуға тиістіні ойлап шығаруға тырысады. Оны философия тiлiнде «кол астындағы болмыстың шеңберінен шығу, трансцендiлеу» дейдi. Мiне, осының арқасында қоғам өмірінде тиістілік, болуға тиіс, яғни құндылықтар әлемi дүниеге келеді. Ол - Ізгілік пен Әсемдік, Ақиқат пен Шындық, Әділеттілік, Еркіндік пен Теңдік, Сүйіспеншілік сияқты адами құндылықтар. Мұны рухтын ең биік кызметi деп айтсақ та болады.Ол тұлға өмірінің мән-мағынасын құрап, соны өмірге енгізуге бағытталған күш-жігерді тудырады.
Алайда негізгі өмір қайшылығы мынада: ешбiр рухани құндылык, идеал, ешкашанда толығынан емiрде iске аспайды. Оны ойшылдар сонау көне заманда байкап: «Бәрі де әбігерлік, әбігерліктің әбігерлігі», - деген болатын.
Сондықтан ол рухтың шынайы дуниедегі адамдар пендешілігіне қарап зарығып, зұлымдыкка былғанып жаткан дуниеге карсы шығып, оқтын-оқтын ің әмір көтерілуіне әкеледі. Осы тұрғыдан алғанда, адамзат тарихында өткен барлық ұлы революциялар рухтын эмiр алдына қойған талаптары мен шынайы өмірде калып каскан жағдайдын арасындағы қайшылықтың шегіне жетіп өршіген кезде пайда болатынын біз жақсы білуіміз керек. Бірақ бірде-бір қан қалың тарихта болған революция өзінің алдына қойған мақсат-мұратына толығынан жете алган жок. Көп жағдайда ол кантегiске, зардап шегуге, сәтсіздікке әкеліп, зұлымдықтың кейбір өршіп кеткен түрлерін жойғанмен, олардын орнына онын жаңа түрлерiн дүниеге әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет