12.Шәкәрім рух туралы. Ұждан-дегеніміз ынсап,әділет,мейірім.Бұл сөздерден болмыс көріністерін адам бас көзімен көретінін білеміз.Бірақ бас көзімен көрген нәрсе ақиқат емес. «Бас көзі» деп бұл арада адамның екі көзі ғана емес,адамның сыртқы бес сезім мүшелері де айтылып отыр.Бес сезім мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас көзі» деп атайды.Бұл оның өлеңдерінен де байқалады.
Абай тәрізді Шәкәрім де көрінетін және көрінбейтін әлемдердің байланысын жақсы түсіне білген.Шәкәрім осы сөздерімен көрінбейтін жоғарғы әлемдердің байланысын жақсы түсіне білген.Шәкәрім осы сөздерімен көрінбейтін жоғарғы әлемдердің осы көрнеу әлемге жасаған ықпалын көрсетіп отыр.Пайғамбарлар Жаратушының адамзатқа жіберген елшілері.Пайғамбарларды Жаратушы белгілі бір мақсатпен жіберіп,оларға ерекше рухани қуат береді.Сол қуаттың көмегімен пайғамбарлар адамдарды өздеріне сендіре біліп,олардың қатып қалған жүректерін жібітіп,сенімдерін оятады.бірақ өздеріне берілген бақытты түсінбей,Пайғамбар сөзіне сене алмаған бейбақтар да болады.Олар-өздерінің ескі сенімдерінен шыға алмаған бақытсыздар деп айтқан.
13.Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Дене ретінде адам өмірге уақытша келіп-кетсе, рух ретінде Құдайға қосылуға құмартады, ал екі ортада абыржыған жан бар. Егер ол рухпен бірге болса, өлместік дәрежесіне көтеріледі, ал денеге жабысса, сонымен бірге құриды. Олай болса, адам өз-өзіне терең үңіліп, рухтың талаптарына сәйкес өмір сүруі керек.
Ұлы А. Августин адамның рух екенін мойындап, онда өмірде зұлымдық неге бар, оның себебі неде деген сұрақ қояды. Егер Құдай еш мінсіз, құдіретті болған болса, оның жаратқан Дүниесі де еш мінсіз, керемет, ғажап. Олай болса, кінә адамның өзінде. Ол аспан құндылықтарының орнына жердегі өтпеліні таңдады. Сондықтан өмірге зұлымдық келді.
Егер көне заманның ойшылы Сократ зұлымдық адамның надандығында, білетін адам зұлымдық жасамайды деген пікірде болса, Августин: «Ақыл — біледі, ырық — таңдайды, соңғы шешім адам ырқында, мен оның жаман екенін білемін, бірақ, мен соған қарай ынталанамын, ақырында оны жасаймын, күнәға батамын», -деген пікір ұстайды. Олай болса, зұлымдықтың түп-тамыры адамның өзімшілдігі, тәкаппарлығы мен өркөкіректігінде. «Тек қана Құдайды, оның жаратқан Дүниесін барлық жан-тәніңмен сүйген кезде ғана жан-дүниеңді құтқарып, мәңгілікке ие боласың», — дейді ұлы ойшыл.
Орта ғасырларда өмір сүрген біздің бабамыз Ж.Баласағұн да рухты биік ұстау керектігін, бұл фәнидің өтпелігін басып айтады. «Құдайға жан-тәніңмен сену, ізгілік, ар-ұжданның талабынан шықпау, әділеттілік — адам рухын мәңгілікке әкеледі», — дейді ұлы ойшыл.