Философия пәнінен сөж жоспары және әдістемелік нұСҚауы алматы, 2023 Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысының жоспары



бет3/8
Дата25.11.2023
өлшемі29,33 Kb.
#127917
1   2   3   4   5   6   7   8
СӨЖ 14. 1. Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі
философияның рөлі» тақыры-бына ғылыми-ізденістік жоба дайындау.

1

1. Мырзалы С. Философия [текст] . - Алматы : Бастау, 2010. - 644 б.
2. Нұрышева Г.Ж. Философия. -Алматы: Інжу-маржан, 2013
3. Əденов С.Т., Хожамқұл А.Х., Котошева Ғ.К., Кудерина А.Н. Философия: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007, 259 б.
4. Әлемдік философиялық мұра [Текст]. 6-том. Жаңа дәуір философиясы / құраст. Ж. Молдабеков. - Алматы : Жазушы, 2006. - 512 б.
5. Әлемдік философиялық мұра [Текст]. 7-т. . Жаңа дәуірдегі француз философиясы / құраст. Қ. Әбішев. - Алматы : Жазушы, 2006. - 560 б

15

СӨЖ 15. «Менің кәсіби салам бойынша философиялық мәселелері» тақырыбына ғылыми-ізденістік жоба дайындау, қорғау .

1

1.АбдинаА.К., Абдильдина Х.С., Садыкова Т.М. Философия: Оқулық. – Астана, 2013.-191б.
2. Хасанов, М. Ш. Философия [Текст] : оқулық / М. Ш. Хасанов, В. Ф. Петрова, Б. А. Джаамбаева. - Алматы : Эверо, 2012. - 460 с.I
3. Мырзалы С. Философия [текст] . - Алматы : Бастау, 2010. - 644 б.




Барлығы

15




СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында сақталуы қажет:
тақырыпты өз бетінше оқу, қажет жағдайларда оқытушыдан кеңес алу;
• негізгі және қосымша әдебиеттерді, статистикалық анықтамалық материалдарды оқу, қажетті стратегиялар мен шешімдерді негіздеу үшін оларды талдай білуі қажет;
• тапсырмалар жеке немесе топпен орындалады.
Cтуденттердің тақырыптық эссе жазуға арналған әдістемелік нұсқа
«Философия» курсындағы студенттердің өздік жұмысындағы негізгі жұмыстарының бірі – студенттерді тақырыптық эссе жазуға үйрету.
Тапсырма жұмысы дәптер (оқушы дәптеріне) бетіне жазба түрде орындалады. Эссе көлемі - дәптер парағындағы қолмен жазылған парақтар болуы тиіс.
Жұмысты орындамас бұрын, эссе жазудың әдістемелік көрсеткішін көңіл аудара оқып шығыңыз.
Талапқа сай орындалған жұмыс оқытушыға тексеруге өткізіледі.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Эсседе сіздің зерттелетін мәселеге деген көзқарасыңыз, қарым-қатынасыңыз бағаланбайды, керісінше оны пікірлеу, тұжырымдау, ой-толғау қабілетіңіз бағаланады. Ең бастысы – даралық, ойлаудың шеберлігі, қайталанбас қасиеттер есепке алынады.
Эссе (француз тілінен аударғанда essai «ұмтылыс», очерк) – даралық ой-пікірді және қандай-да бір нақты сұрақ бойынша жазылған шағын көлемдегі, еркін композицияда құрылған прозалық шығарма. Бұл қандай да бір құбылыс жайында философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, сыни-әдеби ғылыми сипаттағы субъективті безендірілген жаңа сөз.
Эссе жанры шығармашылықтың еркіндігін білдіреді. Оның кереметтілігі – ол кез-келген тақырыпқа немесе кез-келген үлгіге сай жазылмайды, яғни эссе бұл сіздің естігеніңіз, оқығаныңыз, көргеніңіз жайында өз ой толғамыңыз.
Эссе – автордың даралығы, оның ойы, сезімі, әлемге деген қарым-қатынасы. Бұл шығарманың басты шарты. Эссе жазуда мына жайтты ескерген жөн: эссе шығармашылықтың еркіндігі болғандықтан, оны жазу өте қиын, сол үшін мәселе жөнінде кездеспейтін идеяны (тіпті дәстүрлі материалда жоқ пікірді), стандартты емес көзқарасты іздеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет