Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
ғасырдың  аяғы  мен  XX  ғасырдың  басында  отаршылдық  езгідегі 
Шығыс  елдерінің  әлеуметтік-саяси  және  рухани  дамуын  сипат-
тайтын  реформаторлық  түрде  көрінген  саяси  және  мәдени  мо-
дернизация үшін болған күрестің идеялық бастамасы болып та-
былатын маңызды фактор. Бұл шығыстық қоғамдардың мәдени 
өмірін қайта құрудың ұзаққа созылған және күрделі процесінің 
негізін қалады.
Дегенмен,  қазақ  ағартушылығы  элитарлық  бағытта  жүрді, 
олар  өмірдің  дәстүрлік  формаларынан  гөрі  батыстық  сананың 
формаларын,  батыстың  қоғамдық  институттары  мен  құнды-
лықтарын игеруге шақырды. Бірақ олар негізгі әлеуметтік-саяси 
мәселелерді,ұлттық бірегейлену мен ұлттық азаттық мәселелерін 
шеше  алмады.  Бұл  мәселелер  олардың  ағартушылық  идеоло-
гиясының  бағдарламаларынан  тыс  жатты.  Бұл  ағартушылық 
идеялар  кейінірек  реформаторлықпен  бірігудің  нәтижесінде 
қоғамдық санада жаңа идеялық ағымдардың, оның ішінде «Алаш» 
қозғалысының пайда болуына түрткі болды.
Қазақ  зиялыларының  антиотаршылдық  санасы  жарқын  ре-
формашыл 
либерал-демократтық 
сипаттағы 
бір 
тобы 
(Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  Ж.  Айтмауытов, 
М.  Жұмабаев  және  т.  б.)  бастапқыда  «Қазақ»  газетіне  топта-
сып,  кейіннен  Алаш  ұлттық  қозғалысын  басқарып,  Алаш-Орда 
үкіметін құрды. Алаштықтар оперативті шығармашылдық элита 
құру  арқылы  отаршылдықтың  болмысын  этапты  түрде  рефор-
малау нәтижесінде ұлтты жаңа сатыға көтеру қажеттіліктерін се-
зінді. Ондағы мақсат еуропалық мәдениетті игеру ғана смес, соны-
мен бірге ұлттық дәстүрге реставрация жасау еді. Мәдениеттану-
шы Ә. Қодар Алаш партиясының мәдени саясатындағы үш үрдісті 
айқындайды:  1)  ағартушылық  (Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов, 
М.  Дулатов);  2)  көшпелі  әлеммен  ностальгиялық  қоштасу 
(Ж. Аймауытов, М.  Әуезов); 3) жаңа  ұлттық  мифтік  шығармашы-
лық (М. Жұмабаев) [149, 142 б.].
Бізді зерттеу тақырыбымызға сай, соңғы үрдіс қызықтырады. 
Қазақтың жазба поэзиясындағы және жалпы рухани мәдениетін-
дегі Абайдың алатын орнын, оның эстетикалық шығармашылығы 
мен  ойларын  да  мойындай  отырып,  қазақтың  келесі  бір  ұлы 
эстет, лирик ақыны Мағжан Жұмабаевтың эстетикалық ойларын 
батыстың классикалық философиясының өкілдерімен салыстыра 
компаративистикалық талдауды жөн көріп отырмыз. 

 
 
 
                      
                                                  151
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
Ақын Мағжанның ойлары мен И. Канттың эстетика хақылы 
қағидаларының  байланысы  туралы  сөз  қозғау  жасанды  болып 
көрінуі де мүмкін. Бірақ, М. Жұмабаевтың өткен жылы мұрағат 
қорларынан  табылған  «Табалдырық»  атты  қолжазбасы  ол  бай-
ланыс  жөнінде  ешбір  шүбә  келтірмейді.  М.  Қойгелдиевтің 
кіріспе  мақаласымен  2011  жылы  жарық  көрген  бұл  шығарма 
1924–1925  жылдары  қалыптасқан  кеңестік  жүйе  жағдайында 
қазақ әдебиетінің одан әрі дамуы қандай сипатта болу керек де-
ген  сауалға  жауап  табуға  арналған.  Яғни  бұл  қолжазба  ақын 
Мағжанның  керемет  поэзиясымен  қатар  жалпы  өнердің  түп 
табиғаты неде дейтін сұраққа байланысты концепциялық ойларға 
да қалам тартқандығын көрсетеді. Бұл шығарманың тарихи, әдеби 
т. б. жақтарын зерттеу сол салалар мамандарының үлесі дей оты-
рып,  осы  байланыстың  философиялық  мазмұны  туралы  ғана 
ой бөліссек деп отырмыз. Осы шығарманың «Адабият не нәрсе? 
Адабияттың  жалпы  заңы»деп  аталатын  бөлімінде  М.  Жұмабаев 
былай  деп  жазған:  «Адабият  –  искусствоның  бес  тарауының 
біреуі. Искусство – адамзаттың сұлулық сезімінен, сезім арқылы 
жаратылысты,  өмірді  ұғуға  ұмтылуынан  туған.  Сұлулықтың  өзі 
не нәрсе? Философ Кант былай деп жауап береді: «Түрімен ғана 
тура  құлқынға  байланбаған  ләззат  ойнататын  нәрсенің  бәрі  – 
сұлулық» – дейді. Осы сөзде түгел болмағанмен бірталай шындық 
бар» [150, 54 б.]. 
Яғни,  М.  Жұмабаевтың  И.  Канттың  эстетикалық  пікір  айту 
(суждение) немесе эстетикалық сезімнің табиғаты туралы ілімімен 
таныс екендігі анық және де ол И. Канттың негізгі ойымен келіседі. 
Олай болса, И. Кант эстетикалық талғамды қалай түсінеді? 
Шығармаларының 5-томын құрайтын «Критика способности 
суждения»  деп  аталатын  еңбегінің  «Критика  эстетической  спо-
собности  суждения»  деген  бөлімінде,  мысалы,  ол  былай  дейді: 
«Бір  нәрсенің  тамаша,  көркем,  керемет  екендігін  анықтау  үшін 
біз  пайымдау  жолымен  оны  тану  мақсатында  ол  туралы  біздің 
сезімімізді объектіге қатынасында емес, субъектіге, оның ләззәтіне 
ғана  қатысты  айтамыз.  Яғни  нәрсені  көркем,  не  керемет  деп 
сүйсіну оны тануға, оның не нәрсе екендігін білуге бағытталмаған. 
Эстетикалық сүйсіну немесе, керісінше сүйсінбеу сезімі (нәрсені 
құбыжық  деп  қабылдау)  сол  сезімдерге  қатысты  заттың,  істің, 
құбылыстың бізден тыс қасиетін солай деп сезіну емес. Тамашалық 
– тамаша деп қабылданатын нәрсенің бізге тәуелсіз қасиеті емес. 

152 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Ол  адамдардың  өзіндік  сезімдік  қалпы.  Басқашалау  айтсақ, 
сұлулық бізден тыс нәрселердің өзіндік қасиеті емес, біздің олар-
ды солай қабылдауымыз» [151, 158 б.]. Аталған еңбектің «Анали-
тика прекрасного» деген 1-кітабында осындай ойлар өрбітілген. 
Канттың  түсінуінше  егер  біздердің  керемет,  көркем  деп 
қабылдайтын  нәрселеріміз  өздігінен,  бізге  тәуелсіз  көркем  бо-
латын  болса,  онда  ол  танымның  (ғылымның)  ғана  объектісі 
болған  болар  еді.  Сондықтан  да  эстетикалық  талғамды  тудыра-
тын мұқтаждық сырттан емес, ол өзі өзінен мұқтаждық, немесе 
дәлірек айтса, оның өзі мұқтаждық. 
Сонымен бірге эстетикалық талғам сезімі ешбір практикалық 
қажеттіліктен  де,  мұқтаждықтан  да  туындамайды.  Керісінше, 
практикалық мұқтаждық эстетикалық сезімде белең ала бастаса, 
ол  сезім  эстетикалық  сипатты  жоғалтады,  эстетикалық  болудан 
қалады.  Егер  күн  нұрымен  ашылған  гүлді  қабылдауға,  сезінуге, 
сүйсінуге  бір  пайдагерлік  сезімі,  оны  бір  пайдаға  жарату  сезімі 
араласа  бастағанда  ол  эстетикалық,  сұлулық  сипатынан  бірден 
айырылып, табиғатын өзгертеді. 
Көркемдік,  тамашалық  қандай  да  болмасын  мүдделерден 
аулақ, оларға тәуелсіз. Талғамдық ұстаным, пікір айту (эстетиче-
ское  суждение)  ешбір  мүддесіз  пікір  айту  (незаинтересованное 
суждение). Дәлірек айтсақ, мүдделік қызығушылықсыз пікір, ол 
– еркін пікір. Ешбір тәуелділікпен сыйыспайды. 
Ал бұл мүмкін бе? Адамдардың барлық іс-әрекеттері белгілі 
бір  мұқтаждықтарды  өтеу  үшін  болмай  ма?  Жалпы  алғанда, 
әрине,  ол  солай.  Талғамдық  сезім  де  белгілі  бір  мұқтаждыққа 
негізделеді. Бірақ, біріншіден, ол мұқтаждық оны бағындыратын, 
мәжбүрлейтін  өзінен  сыртқы  мұқтаждық  емес.  Басқаша 
айтқанда, табиғаты эстетикалыққа, сұлулыққа бөтен мұқтаждық 
емес.  Ол  мұқтаждық,  егер  оны  мұқтаждық  деп  атауға  болса, 
сол  талғамның  өзі.  Эстетикалықтың  өзі  өзі  үшін  мұқтаждық. 
Сондықтан  да  ол  өзі  өзіне  ғана  бағынышты.  Басқа  бір  нәрсеге 
бағынуға тура келген жағдайда сұлулық сезімі бірден жоғалады. 
Экономикалық,  саяси  т.  б.  өмірлер  де  өздеріне  сай  сезімдер 
туғызады,  бірақ  олар  эстетикалық  сезімдер  емес.  Екіншіден, 
эстетикалық  сезім  субъектінің  өзінің  ғана  қасиеті  болғандықтан 
ол таза еркіндіктің өзі. Яғни субъектінің таза еркін қалпы. Оның 
сыртқы бір қажеттіліктің қайсысынан болмасын адалығы. Әсіресе 
экономикалық тәуелділіктен.

 
 
 
                      
                                                  153
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
Осы  соңғыны  М.  Жұмабаев  «құлқынға  байланбаған»  дейді. 
Ақынның бейнелік тілі. Бұл да сол еркіндікті көрсетіп тұр. 
Еркіндік  идеясы  ендеше  жалпы  Кант  эстетикасының,  тіпті 
жалпы  философиясының  түпқазығы.  «Еркіндік  ұғымы,  –  дейді 
ол, – реалдығы практикалық зерденің белгілі бір аподиктикалық 
(қатаң  қажетті)  заңымен  дәлелденетіндіктен  бүкіл  таза,  тіпті 
спекулятивтік,  зерде  жүйесі  құрылымының  тірегін  (Schlusstein) 
құрайды  және  де  бұл  жүйеде  ешбір  тірек  таба  алмайтын 
идеялар  (құдай,  мәңгілік  өмір  туралы)  онымен  бірге  әрі  сол 
арқылы  ғана  беріктікке,  объективтік  шындыққа  ие  болады, 
басқаша  айтқанда  еркіндіктің  бар  екендігі  олардың  да  бар  болу 
мүмкіндігіне  негіз  береді,  өйткені  еркіндік  идеясының  өмірде 
бар екендігі оның моральдық заң арқылы көрінуінде» [152, 314 б.]. 
Оның  осындай  тұрғысынан  қарағанда  бүкіл  адамның  өмірі, 
қауымдасуы,  қоғамдық  қатынастардың  тууы,  өрбуі,  дамуы, 
оның моралі, құқық, адамгершілік нормалары, ойлау формала-
ры,  ауызша,  жазба  тілі  т.  т.  барлығы  адамдардың  өз  туындысы. 
Қоғам  адамдарды  туғызбайды,  адамдар  өздері  оларды  жасай-
ды,  құрады.  Бірақ,  солардың  бәрін  құруда  адамдар  оның  жал-
пы принциптерін өз зердесінен (разум) табады. Ол принциптер 
зердеде  о  бастан  берілген.  Тәжірибеден,  тумайды.  Олар  қандай 
да болса тәжірибеден бұрын бар (априори). Дегенмен ғылым са-
ласы, тәжірибе, іс-әрекет, т. б. салаларда адам ойы, сезімі толық 
мағынасында еркін емес, біршама шектелген. 
И.  Кант  эстетикалық  рахат  сезімін  рахаттылықтың  басқа 
түрлерінен  былай  ажыратады:  рахаттылықтың  үш  ерекше  түрі 
бар. 
1. Жайлылық немесе жағымдылық, сүйкімділік (приятное).
2. Тамашалық, сұлулық, кереметтік, көркемдік (прекрасное).
3. Игілік, жақсылық (доброе).
Жайлылық немесе сүйкімділік те, жақсылық сезімі де белгілі 
бір  нәрсенің  бар  екендігіне  ғана  байланысты  емес,  оның  адамға 
объективтік қасиеттерімен қандай рахаттылық әкеле алатынына 
тәуелді. Олардың негізгі принциптері, мысалы, адамгершіліктің 
түпкі  нормалары,  зердеде  о  бастан  берілген  болса  да,  сезімдер 
сыртқы  жағдайларға  байланысты.  Моральдік  принцип  іс-
жүзінде  орындалғанда  ғана  жағымды  сезімдер  тудыра  алады. 
Сүйкімділік болса, көбіне заттардың өз қасиеттерімен ғана рахат 
сезімін туғыза алады. Сондықтан да осы екі рахаттылық та өзінен 

154 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
тыс  мұқтаждықтарға  тәуелді.  Тек  сұлулық,  көркемдік  сезімдері 
ғана өзінен тыс ешбір мұқтаждыққа бағынышты емес. Адам еш 
уақытта сыртқы бір өзіне жат ықпалдың қысымымен бір нәрсені 
сұлу, көркем немесе керемет деп сезіне алмайды. 
Сонымен  қатар,  көркемдік,  кереметтік  сезімдері  логикалық 
негізге немесе ұғымға сүйенбейді, оны қажет етпейді. Ал жағым-
дылық және жақсылық рахаттанулары заттың қандай қасиеттері 
сол  сезімдерді  тудыра  алатыны  туралы  білімдерді  қажет  етеді. 
Яғни сыртқы жағдайлардың субъектіден тыс белгілеріне тәуелді. 
Ал эстетикалық талғам болса, өзінен бұрын қалыптасқан сыртқы 
нәрселер  туралы  ұғымсыз  пайда  болады.  Эстетикалық  талғам 
– таза субъективтік қалып. Яғни оның шығу көзі, өнетін тамыры 
субъектінің өзінде. Эстетикалық талғамға деген қабілет те адам-
дар  зердесінде  о  бастан  берілген  болуы  керек.  Зерденің  басқа 
априорлық  принциптері  мен  ұғымдары  сияқты  талғамға  де-
ген  қабілет  те  зерденің  ерекше  қасиеттерінің  бірі  болуға  тиіс. 
Жағымдылық  рахаттану  жануарларда  да  бар.  Жақсылық,  не 
игіліктікке ұмтылу, соны тілеу сезімдері адамдардың ең биік деп 
есептейтін  мүдделерінен  туындайды.  Тек  дүниені  керемет  деп 
сезіну қалпы ғана ешбір тілек, пиғыл, құмарлықтардың бәрінен 
де  оқшау  өзі  өздігінде  пайда  болатын  рахат  сезімдері.  Бұл  тек 
адамдарға  ғана  тән.  Ешбір  логикалық  тіректерсіз  туындайтын 
болса  да,  эстетикалық,  көркемдік  сезімдері  кейін  ғана  өздеріне 
сай ұғымдарға ұласа алады, яғни адамдарда сұлулық, кереметтік 
жөнінде белгілі бір түсініктер мен ұғымдар қалыптасып жатады. 
Және де ол ұғымдар мен түсініктер (представления) жалпылыққа 
иек артады, басқаша айтқанда адамдардың барлығы да сұлулық-
ты осылай қабылдау керек деп есептейді. 
 «...Талғамдық пікір, – деп жазады И. Кант, – таза аңдаулық. Яғ-
ни нысанның өмір сүруіне бейтарап бола отырып, оның қасиетте-
рін тек рахаттану немесе рахатсыздану сезімдерімен байланысты-
рады. Бірақ осы аңдау ұғымға бағытталған емес, өйткені талғамдық 
пікір танымдық пікір емес» (теориялық та, практикалық та) сон-
дықтан да ол ұғымдарға негізделмеген әрі ұғым оның мақсаты да 
емес.  Бұл  жерде  Кант  ұғымға  бағытталмаған  дегенді  талғамның 
нысаны  жөнінде  ұғым  жасауға,  яғни  оны  тануға  бағытталмаған 
деген мағынада айтып отыр. «Рахат сезімдерінің осы үш түрінің 
ішінде,  –  дейді  ол  сол  бетте,  –  жалғыз  тек  кереметтіліктің  раха-
ты  ешбір  бөтен  мүддеге  байланбаған  және  еркін  рахаттылық, 

 
 
 
                      
                                                  155
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
өйткені мұнда (сыртқы) сезімдер мүддесі де, зерденің мүддесі де 
бізді бұларды ұнатуға мәжбүрлемейді» [151, 210 б.]. 
Бұл тұста айқындалуға тиіс бір мәселе бар. И. Кант эстетика-
лық  керемет  сезімінің  субъектіден  тыс  нәрселерге  де  қатысты 
екендігін  теріске  шығармайды,  бірақ  ол  кереметтік,  сұлулықты 
сыртқы  нәрселердің  өзіндік  қасиеті  деп  те  есептемейді.  Яғни, 
сұлулық...тек адамның өз сезімі. Сонда оның, субъектінің, сыртқы 
нысандарға  қатысы  неде?  Сыртқы  нысандарсыз-ақ  ондай  сезім 
бола бере алмай ма?
Егер  эстетикалық  сезімнің,  бір  нәрсені  керемет,  сұлу  деп 
сезінуі үшін ол сезімдер сыртқы нәрселерден тәуелсіз болу керек 
болса, онда ол нәрсе еркіндіктің, еркін өсіп, дамып кемелденудің 
белгісі, дәлірек айтсақ, еркін, ешбір қысымдылықсыз өзі өздігінен 
өрбіп,  өрістеудің  бір  символындай,  нышанындай,  болып  тұруы 
керек болар. Әсіресе, адам өзі жасамаған, одан сырт нәрселердің 
керемет  көркем  болуы  олардың  өздігінде  солай  болғандығынан 
емес,  оны  аңдайтын  адамдардың  сұлулық  туралы  қалыптасқан 
сезімдерін  паш  ететіндей  болып  тұруы  керек  болады.  Егер 
эстетикалық сезімдердің басқа барлық сезімдерден өзгешелігінің 
өзі олардың басқа қандайда болмасын сыртқы қажеттіліктерден 
тәуелсіздігі, табиғатының өзі оның еркіндігі болатын болса, онда 
сұлулықтың да бірден бір өлшемі сол еркіндік болып тұрмай ма?
Ал  адамдар  өздері  жасайтын  бұйымдарының,  атқаратын 
істерінің,  шығармаларының  пайдалы  болуымен  қатар  адамның 
өз іскерлігінің, шеберлігінің көрсеткіші болуы – адам еркіндігінің 
бейнесі.
Егер И. Канттың түсінуінде еркін қиялдың сан түрлі елестерді 
тудырып,  оларды  ойнатуында  дүниенің  бар  нысандарын  бейне-
леп, оларды өз қалпында суреттеу жоқ болса, онда адам қиялы 
мұнда өмірді бейнелеуге ұмтылмайды. Ондай бейнелер, немесе 
сезімдер т.т. өмірдің қандай екендігінен көрі оның қандай болуы 
тиіс екендігінде. Онда тиістілік бар. Еркін жасампаздық бар. Тіпті 
өмірдің жалған, ұсқынсыз көріністерін көрсетудің өзі көркем бо-
луы тиіс. Сондықтан да өнер танымнан тіпті басқа сала. Танымның 
мұраты бейнелейтін нысанның түпкі ішкі мазмұнына жетіп соны 
көрсете алу. Тамашалық – өмірдің, оның жеке құбылыстарының 
қандай болуға тиістілігіне қиялды шарықтату, ал ол еркіндіктің 
көріністері  дедік.  Шынында,  егер  тамаша  көріністер,  сұлу, 
көркем  бейнелер  табиғатта,  адам  өмірінде  бар  нәрселердің 

156 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
неғұрлым  дәл  көшірмесі  болуы  керек  болса,  онда  көркем 
өнердің  ғылымнан,  жалпы  танымнан  қандай  айырмашалығы 
болар  еді?  Оның  үстіне  эстетикалық  талғам  нақты  бір  сезімдік 
бейне  болуы  керек,  бірақ  логикалық  жалпылық  формасы  оған 
жат.  Ол  адамның  сезімдік  қиялының  еркін  шарықтауының  ту-
ындысы.  Яғни  еркіндіктің  идеялық,  немесе  логикалық  көрінісі 
емес. Еркіндік – бұл мағынасында жасампаздық. Танымдық бей-
не  ондай  жасампаздықтың  идеялық  нәтижесі.  Ол  бейнелейтің 
нәрсесіне  тәуелді.  И.  Кант  адам  еркіндігін  әсіресе  эстетикалық 
жасампаздықпен  байланыстырды.  Ал  кейінгі  дәуірде,  әсіресе 
ХХ-ғасыр  ойшылдары  еркіндік  шеңберін  әлдеқайда  кеңейіткені 
белгілі және әрі тереңдетті де. 
Бұдан  көрі  әлдеқайда  ауқымды  мағынада  еркіндік  тек  эсте-
тика  саласымен  ғана  байланысты  емес.  Ол,  еркіндік,  адамның 
бүкіл дүниеде болуының, әсіресе ойлауының негізі. Адам ойлауы, 
әрине, дүниені танумен ғана басталмайды әрі аяқталмайды. Адам 
ойлауы  ең  алдымен  табиғаттан  өзге  өзінің  әлеуметтік-тарихи 
дүниесін түзуге бағытталған. Таным процесі соның бір маңызды, 
бірақ бағынышты бөлігі. Адам ойлауы қоғамдық өмірді, жасауды, 
құруды идеалдық түрде дайындайды, соның идеалдық жобасын 
түзеді. Адамдар өз болмысын сол өзі алдын ала түзеген идеалдық 
жоба  бойынша  іске  асырады.  Сондықтан  да  адамдық  ойлау 
оның  болмысынан  бұрын  қалыптасады.  Тек  сонан  кейін  ғана 
олар өз мақсаттарын, мұраттарын т. т. іске асырады. Яғни, бүкіл 
адам  ойлауы  жасампаздық  процесс.  Әлеуметтік-тарихи  өмірде 
сондықтан  ойлау  алғашқы,  ал  болмыс  соңғы.  Болмыс  сананы 
анықтамайды.  Сана  адам  болмысын  анықтайды.  Бұл  белгілі  ой. 
Бұрыңғы  еңбектерде  талқыланғандықтан,  осы  айтылғандармен 
тоқталамын.  М.  Жұмабаев  «Табалдырықта»  (Манифест)  осын-
дай ойлардың арнасында қазақ әдебиетінің бағытын айқындауға 
тырысқан.  Ол  әдебиеттің  жалпы  өнердің  табиғаты.  Саясатпен 
тікелей  байланыса  алмайтындығын,  оның  өмірді  тікелей  бейне-
лей  алмайтындығын  алға  тартады.  Өнер,  соның  ішінде  көркем 
әдебиет өмірдің тікелей идеялық көшірмесі болса, онда ол өнер, 
әдебиет эстетикалық талғам болудан қалады. 
«Қысқасы искусствоның негізі – сезім. Құралы сезімнен туған 
сурет. Мақсұты білім беру емес. Сезім ояту. Бұлай болса искуство 
қайраткерлерін, ақынды өлшейтін кез мынау болады: сұлу терең 
суреттер арқылы қандай болса, ондай болсын әйтеуір терең сезім 
оята алса, ол – ақын, оята алмаса – ақын емес. 

 
 
 
                      
                                                  157
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
Сондықтан  Агамемнон,  Ахиллесті  жырлаған  Гомер,  өмірді 
қарғап  өтсе  де  суреті  терең  болып,  тұңғиық  сезім  оятатын  Бай-
рон қайткенде де ақын; «Тарғынды» жырлаған Марабай, «Жібек 
қызды» жырлаған Жүсіпбек қожа, қыл көпірді мақшарды, жұмақ, 
тамұқты суреттей біліп, тыңдаушыны еңіреткендей дін қыссасын 
шығара білген біреу қайткенде де ақын». [150, 55–56 бб.].
«Бірақ ақын қандайда болса да бір елдің, бір топтың азама-
ты болғандықтан, өлімді емес, өмірді, жауыздықты емес, ізгілікті 
нысана  қылған  жалпы  адамзаттың  бір  мүшесі  болғандықтан, 
ақынның  оқушыда,  қараушыда  ізгі,  дұрыс  сезім,  өмір  сезімін 
оятуға  ұмтылуы  –  азаматтық  борышы.  Осы  борышты  атқару 
үшін  ақын  ақындығын  өмірге,  тұрмысқа  жанастыруға  міндетті. 
Таза  ақындықпен  бірге  осы  борышты  да  атқарған  ақынды  ғана 
ел  «өз  ақыным»  демек.  Ақындықты  азаматтықпен  өлшеу  –  бұл 
ақынға салынатын екінші өлшеуіш [150, 56 б.]. М. Жұмабаевтың 
таза  ақындық  деп  отырғаны  И.Канттың  қағидасындағы  талғам. 
Эстетикалық  талғамның,  таза  ақындықтың,  яғни  сұлулықтың 
тұрмыс  мұқтаждықтарынан  туындамайды  әрі  оларды  тікелей 
бейнелемейді. Себебі ол дүние еркіндік дүниесі емес. Бірақ эсте-
тикалық  талғам  сол  тұрмыстың,  оның  тарихи  әртүрлі  кезең-
деріндегі  адамның  еркіндікке  құлшынысы,  соған  деген  ынты-
зарлығы қандай болу керектігін көрсете алады, көрсете алуы тиіс.
Сондықтан,  адамның  эстетикалық  сұлулыққа  құштарлығы, 
содан туатын, болуға тиіс еркін болмыстың бейнесін түзу – өнердің 
ісі. Болуға тиісті, бірақ әлі толысқан кейпінде өмірде жоқ мінез-
құлықты, істерді, қатынастарды жырлау өмірдің тікелей бейнесі 
бола алмайды. «Ақындық фотография емес, фотография ақындық 
емес, ақынның міндеті – білім беру емес, терең сезім, асқар пікір 
ояту», – дейді Мағжан [150, 57 б.].
М.    Жұмабаевтың  да  ойларының  ішкі  өзегі  –  еркіндік.  Тұр-
мысқа  тікелей  байланбау  К.  Маркстың  тарихты  материалистік 
түсіну  қағидасына  тіптіде  сәйкес  келмейді.  Кеңестер  одағын 
құрған,  билікті  толық  орната  алған  большевиктердің,  олардың 
көсемі  В.  Лениннің  теориялық  туындыларында  осы  тарихи  ма-
териализм  деп  аталған  теория  аса  бір  тұрпайы  түрге  ие  болып 
еді. 1925 жылдары бұл қағида қоғамдық санаға жан-жақты еніп, 
белең  алып  үлгермеген  кезі  болатын.  Сонда  да  болса  қоғамдық 
ғылымдар, өнер, әсіресе әдебиет салаларында марксистік көзқа-
растың  үстемдігі,  басқаша  ойға  жолдың  жоқтығы  айқын  бо-

158 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
лып  қалған.  М.  Жұмабаев  осы  идеологиялық  ахуалды,  әрине, 
ескерді.  Ол  Канттың  жоғарыда  айтылған  тұрғысы  іспеттес 
сөздерді Маркстың еңбектерінен де тапқан. Маркс те өнердің да-
муын  өнеркәсіптің,  еңбектің  дамуымен  тікелей  байланыстыру-
дан сақтандырған. Маркстың еңбектерінде идеалистік сипаттағы 
сөздер  де  кездесіп  отырады.  Мысалы,  «Капиталдың»  І-томында: 
ең нашар архитектордың ең шебер арадан айырмашылығы сол, 
ол үйді салмастан бұрын оны өз басында салады, яғни идеалдық 
түрде дейтіні бар. Бірақ, осы іспеттес ойлар басқа да тұстарда, тіпті 
марксизмнің ең толық қалыптасқан деп есептелетін еңбектерінде 
де  ұшырасады.  Мысалы,  «Капиталдың»  барлық  томдарында  да, 
әсіресе  байлықтың  өзін  тудырған  адамдардан  жоғары,  олардың 
өздерін  бағындыратын,  субъектілік  сипатқа  ие  болған  қалпын, 
адам  күштерінің  олардың  өзіне  жаттанған  түрлерін,  адам  мен 
адамның  ара  қатынасы  капитал  мен  капиталдың  арасындағы 
қатынас  болып  көрінетін  шын  қатынастардың  теріс  өңге  ие  бо-
латынын да бағалап отырады. Яғни шын қатынас – адамдардың 
өзара  қатынасы.  Әлеуметтік  өмірдің  түпкі  негізі  әрекет  етуші 
адамдардың өзі дейді Маркс. Бірақ, Маркстың осы тұрғысына оның 
қоғамдың  болмыс  адамдар  санасын  анықтайды  дейтін  қағидасы 
тікелей  қайшы  келеді.  Себебі  адамдар  іс-әрекет  ету  үшін  алды-
мен олардың мақсаттарын, жоспарын ой жүзінде түзеді, сыртқы 
практикалық іс-әрекеттерінде сол идеалдық түзімді іске асырады, 
яғни басқаша философия тілімен айтсақ – ойлауын болмысына ай-
налдырады. Бұрын да айтқандай, адам ойлауы оның болмысынан 
бұрын, алдын ала түзеледі де, сонан кейін ғана сыртқы болмысына 
айналады. Адамдар ойының сырттай әрекет-қимылдық, жасалған 
бұйымдар, заттар, шығармалар түрінде ол – енді болмыс – адам 
болмысы. Болмыс түрінде жеке, индивидтің ішкі ой-сезім, мақсат, 
арман, мұраттары басқа индивидтердің аңдауына, сезінуіне, сезім 
органдарына әсер етіп, олар бір-бірінің ішкі идеалдың сырларын 
білуге мүмкіндік береді. Сол арқылы ғана адамдар бір-бірінің ой, 
сезімдерін  түсініп,  қабылдап  немесе  қабылдамай  жүре  алады. 
Басқаша  айтсақ,  әркімнің  ойлауы  тек  іс-әрекеттердің,  олардың 
заттық нәтижелері арқылы басқалардың да үлесіне айнала алады. 
Адам мен адам арасында тек осы жолмен қоғамдық қатынастар 
орнайды.  Яғни,  қоғам  тек  осы  тек  адамдарға  ғана  тән  жолмен 
қалыптасады.  Бұл  процесстер  заттану  (опредмечивание)  және 
затсыздану (распредмечивание), ал басқа бір терминдер бойын-
ша – объективтену және субъективтену деп аталатыны белгілі. Ен-

 
 
 
                      
                                                  159

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет