Философия, саясаттану


  Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
нәрленуi, сөз байлығының құнарланып, байып жетiлуi халықтың 
дүниетанымымен  пропорционалды  дамыды.  Олардың  өзара 
байланысы  болды  десек,  сөздiк  қордың  тылсымына  үңiлiп,  бай-
ып  жетiлу  әдiсiн  қадағалап,  әр  сөз  бен  сөз  тiркестерiнiң  сырын 
ашудың, тарихи өсу, өзгеру, даму жолдарын айшықтаудың халық 
дүниетанымы мен философиясын, эстетикалық танымын зерттеу 
үшiн маңыздылығы айқындала түседi. Сондықтан, ауызекi сөйлеу 
тiлi мен көне түрiк жазба әдеби тiлiндегi (шағатай) ескерткiштердi 
де  осы  мақсатқа  өздерiне  тән  ерекшелiктерiне  сай  пайдалануға 
болады.  Жазба  әдеби  тiлдi  қолданған  туындылар  көркемдiк-
эстетикалық мақсатты көздейдi. 
Ал, орта ғасырлардағы жалпы сауаттылыққа, ғылым-бiлiмнiң 
дамуына  қарамастан  көшпендiлiк  тұрмыс  салтына  сай  дала 
дәстүрлерiнде  ауызша  шығармашылық  үстем  дамыды.  Кейiнгi 
ғасырлардағы  көшпелi  мәдениеттiң  құлдырап,  күйзелуi  сал-
дарынан,  орта  ғасырлардағы  ғылыми-мәдени  орталықтары, 
кiтапханалары  бар  қалалардың  шапқыншылық  кездерiнде 
күйреуi  салдарынан  жазба  ескерткiштердiң  көпшiлiгi  жойыл-
ды.  Сақталған  бiраз  бөлiгi  отырықшы  мәдениетi  бар  елдердiң 
кiтапхана,  мұражайларында  сақталды.  Бұл  жазба  рухани 
мұрасымен  арақатынасы  белгiлi  деңгейде  алыстағанымен  қазақ 
халқы  өзiнiң  көшпендi  өмiр  салтын,  осыған  сай  ауыз  әдебиетi 
мен  мәдениетiн  ХХ  ғасырдың  басына  дейiн  сақтайды.  Өмiр  сал-
тына,  тұрмыс  жағдайына  тығыз  байланыста  өзгеретiн,  үнемi 
белсендi  дамитын  ауызекi  сөйлеу  тiлiнiң  өткенi  мен  бүгiнгiсiн 
салыстырудың  маңызы  да  зор.  Себебi,  ол  халықтың  тұрмыс-
салтындағы  өзгерiстiң  таразысы  секiлдi.  Халық  дiлiне  мейлiнше 
жақын  халық  тiлiнiң  төлтумасы  –  ауызекi  сөйлеу  тiлiнен,  түрiк 
жазба әдеби тiлiнiң ерекшелiгi неде?Ауызекi сөйлеу тiлi бұқараға 
ортақ (практикалық) күнделiктегi қолданыстағы тiл болса, жазба 
әдеби тiлi жекелеген жазу шығармашылық өнерiмен шұғылдан-
ған  адамдардың,  мектептердiң  үлесi.  Олардың  әрқайсысының 
көркемдiк-эстетикалық  сипатында  да,  даму  белсендiлiгiнде  де, 
жалпы халық бұқарасының тұрмыс салтының, оның рухани даму 
жолының  көрсеткiшi  ретiнде  өздерiне  тән  ерекшелiктерi  бар. 
Сонымен  қатар,  оларды  өзара  салыстыра  зерттеудiң  де  өзiндiк 
маңызы бар.
Ауызекi  сөйлеу  тiлiн  халықтың  ой-санасына,  iшкi  үнiне 
баласақ  та  болады.  Ал,  жазба  әдеби  мұраны  қорытылып  ауыз-

170 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
дан шыққан сөзге балауға болады. Халық даналығында «айтылған 
сөз  атылған  оқпен  тең»  дейдi,  сондай-ақ  бұл  жазылған  сөздiң 
өзгермейтiндiгiне де меңзейтiндей. Орта ғасырлардағы түрiк әде-
би жазба тiлiнiң (шағатай) араб, парсы сөздерiмен шұбарланға-
нын да айту абзал. Әдеби дәстүрдi берiк ұстанған шағатай тiлiнде 
жазушылар  мәдени  дамудың  жолбасшысы  бола  отырып,  түркi 
тiлiнде  жазғанымен,  қаланың,  отырықшы  ортаның  өкiлдерi  едi. 
Олардың тiлi ғылыми тiл болды.
Көшпендiлердiң (көшпендiлер ғана ма екен) бiр ғажап қасиетi 
бiрде таңбаларды бiтiстiрiп, әрiп қылып сөз құраса, «бiтi» деп ата-
са, бiрде сол заттың атауы болған сөздерге нышандық (символдық) 
қызмет жүктеп, оларға бейнелiк сипат берiп, жансызға жан бiтiрiп, 
жандыға рух берiп жазу жазған, яғни Меңзеу, Әсiрелеу, Баламалау, 
ұлғайту  т.  б.  көркемдік  бейнелеу  әдiстер  арқылы  сөз  мағынасын 
кеңейтiп, семантикалық мағынасын ұлғайтты – жазды. Таңба – ны-
шанынан айрылып әрiпке айналып, сөз бойында қатар түзеп бiрде 
бiтiссе, сөз атау мәнiн алысымен жаңа нышан тауып басқа атауды 
бейнелеу арқылы жайыла түседi, жазылады. Бұл ұлғаю үлгiсiн өз 
кезегiнде сөйлемде де, сөз тiркесi де қайталап, бастапқы мағынасын 
мақал-мәтелде,  шешендiк  сөздерде  ұлғайта  түсу  арқылы  жаңа, 
тың, тұрақты форма қалыптастырады, тыл-сымдылығында ақиқат 
шұғыласы  бар  мәнiне  ұйытады.  Ал  қыпшақ  тiлiнде  «мәтел»  сөзi 
бүгiнгi жұмбақ мағынасында қолданылғаны да рас.
Жазу  адамның  қолымен  жасалған  қару.  Жазудың  орта 
ғасырлардағы  шағатай  тiлiндегi  мұраларды  бүгiнге  сол  күйiнде 
жеткiзiп,  ғасырлар  тұңғиығынан  бүгiнмен  тiлдестiретiн  құдiретi 
де  бар.  Ал  жалпы  тарих  үшін,  көшпендiлер  тарихы  үшін  жыл-
наманың жасаған қиянаты да ғылыми қауымға мәлiм. Бұл пiкiр Ол-
жас Сүлейменовтың кiтабында жан-жақты ашылған, дәлелденген. 
«Жылнама беттерiнен айқай мен шу, ойбай мен балағат естiледi. 
Мазмұны  –  үрей  мен  кек.  Ал,  миллиардтаған  үлкендi-кiшiлi 
махаббат,  адамзат  Бақыты,  Қуанышы  мен  үмiтiнiң,  мыңдаған 
жылдарға ұласқан бейбiт еңбектiң, жер жаңартқан зәулiм дәуiрi 
жылнамаларда  iзсiз  кеткен.  Даналардың  игi  iстерi  жазылма-
ды.  Сондықтан  ұмыт  болды...,  –  деп  жазды  «АзиЯ»  кiтабында 
О.  Сүлейменов,  –  Еуропаның  да,  Азияның  да  жылнамаларында 
адамзаттың  өткенi  сұрапыл  соғыстар,  қанды  сарай  төңкерiстерi 
арқылы ғана бейнеленедi. Ал мәдениет тарихы үздi-жұлды, жол-
жөнекей ұшырайды» [161, 94 б.] дейдi.

 
 
 
                      
                                                  171
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
«Өткеннiң  езгi  дәуiрi  әлi  де  жалғасын  тауып,  адамның  жан 
дүниесiн батпаққа тартып, санасын уландыра түсуде. Тарихшылар 
бұрын  өткен  ата-бабасына  олардың  надандығын,  сенгiштiгi  мен 
именшектiгiн  кешiргiсi  келмейдi»  деген  ақын  «АзиЯ»  еңбегiнде 
тарихи танымның көне соқпақтарының сiлемiн адам санасының 
жады – сөзден, тiлден iздеу қажеттiгiн айтады. «Осы жағдайдың 
өзiнде  де  сөз  тарихи  мәлiметтердiң  бiрден-бiр  шынайы  қайнар 
көзi  екенiн  мойындауға  тура  келедi.  Тiл  жазба  жадығаттарда 
таңбаланған әлем жылнамасын сақтайды» [161, 176 б.] дейдi ой-
шыл ақын.
«Межесi – ақиқат, алды – жөн, арты – соқпақ», iзденушiнiң, 
мәңгi жол үстiндегi салт аттының тыным алған сәтiнде өткен соқпақ 
сорабына  көз  салуына  мүмкiндiк  беруiмiз  керек.  «Кодекстегi» 
етiстiктi  тануға  ұмтылсақ,  тiлдегi  сөйлем  мен  ойдағы  үзiк  ой 
үндес.  Егер  оны  талдай,  бөлшектей  бастасақ,  дискурсиядан  ай-
ырылып ыдыраған  түрдегi бөлшектерге атауларға тап боламыз. 
Қандай сөйлемде болмасын үш нәрсеге назар аударуымыз керек. 
Бастауыш, баяндауыш және олардың байланысы. Алғашқы екеуi 
де ойға тереңнен  бiр нәрсенiң  сұлбалық атауына  қозғау салады. 
Олардың себептi байланысы болса, бұл осы заттарға тән атаулар-
ды туғызады. Етiстiк қандай болмасын тiлдiң сөйлемнiң қажеттi 
шарты.  Егер  етiстiк  жасырын  түрде  болса  да  қатыспаса  сөйлем 
болмайды.  Сөйлем  және  тiл  туу  үшін  екi  нәрсе  арасындағы 
атрубитивтiк  байланыс  айғақтануы,  белгiленуi  керек.  «Это  есть 
это» «Мынаның мәнi анау болады». Етiстiктiң бiр ерекшелiгi – бар 
зат жоғалса, оның жоқтығын да растай алады. Етiстiктi екi қарама-
қарсы  ұғымды  барлық  пен  жоқтықты,  өмiр  мен  өлiмдi  де  рас-
тай  алады,  яғни  заттың  көрiнiс  атрибутын  растамайды,  ұғымды 
растайды.  Сондықтан  да  «Кодексте»  қыпшақ  тiлiндегi  «бол-
мыш»  сөзiнiң  бүгінгi  қолданысындағы  «болмыс»  формасы  орыс 
тiлiндегi «бытие»-нiң тiкелей аудармасы емес «етiстiктiң ұғымдық 
қалпының  атауы».  Өйткенi  бол+мыш  сөзiнде  барлықты  растай-
тын «бол» және «мыш» растыққа күмәндәну және жоқтығын рас-
тау ұғымдары қатар орныққан.
ХVIII ғасыр батыс грамматистерiнiң бiрi тiлдi суретке балай 
отырып,  былай  түсіндiрдi.  Зат  есiмдi  форма  ретiнде,  сын  есiмдi 
түрлi түстi бояуға, ал етiстiк болса таза тақтаға меңзейдi. Етiстiк 
басқа  сөздердiң  бояуы  мен  сұлбасының  астында  қалып  тiлге 
оның суретiн сұлбалауға, туындысының бояуын ашып көрсетуге 

172 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
кеңiстiк бередi дейдi. Немесе «бол» деп, сонымен бiрге «мыш» деп 
жоққа шығарып, баяндаушы етiстiк мөлдiр бозалаң түске ие бо-
лады. Оның үстiне сурет салып, бояуға мүмкiндiк туады. Етiстiктiң 
қызметi  тiлдiң  өне  бойын  жайлап  өмiр  сүру  әдiсiне  бара-бар. 
Етiстiк – атрибутивтiлiк: барлық қасиеттердiң – түрi, қалпы мен 
негiзi  «болу»  етiстiгi  барлық  сөйлемде  бар.  «Бол»  сөзi  баршаға 
ортақ және бәрiне тән атрибут, нәрсенiң бастауы мен негiзi. 
«Кодекс  Куманикус»  лингвистикалық  сөздiк  қызметiн  ат-
қарған  көне  қолжазба  болумен  қатар,  бұл  ескерткiште  сол 
замандағы  жұмбақтар  жазылып  қалдырылған.  Жұмбақ  жа-
сыру  ойыны  қауымның  әр  мүшесiне  тән  бейнелi  ой  тiзбегiнiң 
түйiндi бiр атауын жұмбақтап, қауым мүшелерiнiң ой жүйесiнiң 
үйлесiмдiлiгiне,  көпке  ортақ  шешімінің  болуына  есептелген. 
Сондықтан да, жұмбақтың қамтыған тақырыбы халықтың негiзгi 
түрмыс-салтынан,  ой-бағдарынан  хабар  бередi.  Ал,  бейнелi  ой-
лар  жүйесiне  зейiн  салсақ,  халықтың  эстетикалық  талғамы  мен 
танымының тылсымынан сыр тартады. Бұл жинақта ел аузындағы 
үнемi қолданылған жұмбақтар жиналған. Сондықтан, жұмбақтың 
шарты жасыру болғанымен, халық жадында сақталып, өмiршең 
болуы үшiн ол көптiң көкейiндегi танымал ортақ нәрсенi сөз етуi, 
санасын сәулелендіріп, жарқ етер шешімімен есте қалуы болса ке-
рек. Сол себептi жұмбақтарда жасырған атаулар сол кездегi халық 
бұқарасының таным-түйсiгiнен хабар бередi деп бiлемiз.
Орта ғасыр түрiк әлемiнiң дүниетанымы орта ғасырлық кос-
мологиямен ұштасып жатыр. Бұл танымға ертеден келе жатқан 
көзге көрiнбейтiн о дүние жайлы және көрiнетiн бұ дүние жайлы 
түсiнiк өзек болған. Осы түсінікке сай «бұ дүниедегi әсемдiк руха-
ни әлем ғажаптығының сәулесi, оның айнымас көшiрмесi» деген 
таным бар. Ал, екiншi жағынан көзге көрiнетiн дүние – субъектiнiң 
жеңiп  алар  қамалы  немесе  ғажайыпты  iздеушi,  ақиқатқа  ұм-
тылған  адамның  өтер  көпiрi.  Орта  ғасырдың  алдыңғы  қатарлы 
дүниетаным зерттеушiсi ғұлама, суфизмнiң өкiлi әл-Ғазалидiң ой-
ынша көзге көрiнер дүние – субъективтi ұғым. Ғұлама «о дүние 
мен бұ дүние бiздiң iшкi жан-дүниемiздiң екi жағы, оның мәнiсi 
–  бiздiң  назарымыз  бiрде  өткiншi  жалған  дүниеге  бағытталса, 
бiрде  барлығы  беймағұлым  болашаққа,  мәңгiлiкке  бағытталған 
деп біледі. Бiрiншi жолы, бiздiң iс-әрекетiмiз бiздiң эмпирикалық 
өмiрiмiзге тән түйсiктер мен қалыптарға құрылған, екiншi жолы, 
мәңгi бар бiздiң фәни өмiрiмiзден тыс, құндылықтар мен заңдар 

 
 
 
                      
                                                  173
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
және ойлар игi iстерге итермелейдi. Кейбiр адамдар үшiн жер бетi 
зұлымдыққа  толады,  ендi  бiреулер  үшiн  жақсылыққа  бөленген 
баққа айналады. Бұл субъектiнiң өзiне байланысты оның өз таны-
мы мен өмiр жолын қайда бағыттауынан туындайды».
Орта ғасыр космологиясында неоплатонистiк және креоцио-
нистiк көзқарастар бiрге қатар өмiр сүредi. Екеуiнде де жаратылыс 
жаратушының  еркiмен  жүзеге  асады.  Бiрiншiсiнде  Алла  әлемдi 
сәулесiн түсiру, айнадан өз сұлулығын көру үшiн жаратады. Бұл 
тұрғыдан әлем оның ғажаптығын аңдататын құрал. Ал екiншiсiнде 
Құдай  –  суретшi,  мiнсiз  мүсiн  жасаушы.  Көзге  көрiнетiн  әлем  – 
эстетикалық  сүйсіну  объектiсi,  Құдай  ғажайыбының  сипаты. 
Дүние  абсолюттiк  әдемiлiктiң  сәулеленген  шұғыласы.  Қайда 
қарасаң да Құдай дидары нұрланып түр. Адам сұлулықты көре 
бiлiп, тамсанып ғажаптануы, эстетикалық ләззәттана білуі керек.
Орта ғасыр дүниетанымында бұл өмiрдiң сұлулығы о дүние 
ғажайыбының  бейнесi  мен  көлеңкесi  деген  қағида  басым  бол-
ды. Идея мәңгi, ол өзендегi суға түскен жұлдыз сәулесi сипаттас 
тұрақты,  ал  су  үнемi  ағып,  қозғалыс  үстiнде  ауысып  отырады. 
Өзендегi жұлдыздың өзгермейтiн себебi, олардың негiзi суда емес 
көкте. «Әлем – Құдай дидары, көзге көрiнетiн Құдай сипаты – ло-
гос» ретiнде адам танымының объектiсi болуға тиiстi деп білді.
Әлемдi  танудың  да  өзiндiк  әдiсi  бар.  Жалған  дүниедегi  зат-
тар құбылыстарды бейнелi тiлмен образдармен сипаттасақ, адам 
назарына оның бұ дүниелiк көзге көрiнетiн сипаты емес, рухани 
мәнi, ақиқат сыры, астарлы мазмұны сәулеленедi. Сондықтан да, 
сопылық  танымында  болсын,  тiптен  жалпы  шығармашылықта 
Ақиқат жайлы айтылар ойын бернелi оймен перделеп, символ-
дар тiлiмен жеткiзу тән болды. Мысалы «Кодекс куманикуста» бы-
лай жұмбақ жасырады:
«Там-там тамызық,
Таматұғын тамызық,
Көлеңдеп жүрiп,
Күйетұғын тамызық»
Жұмбақ  шешiмi  –  «көбелек»  –  сопылық  танымдағы  кең 
тараған образдық бейне. Көбелектiң iс-қимыл әрекетiн сипаттау 
арқылы  жұмбақ  жасырудың  өзi,  оның  сопылар  танымындағы 
ғашықтық отына шарпылған ақиқат iздеушiнiң күйiмен тiкелей 

174 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
ұқсастығын көрсетедi. Ақиқатты отпен бернелеп, ғашық сопының 
күйiн көбелекпен бейнелеген сопылық баяндаудың қимыл-әрекет 
сипатын осы жұмбақтан айқын көремiз. От айналып көлбеңдеген 
көбелектiң от жалынына шарпылып лап етiп, тамып түсуiнiң өзi 
шындық,  айнымас  сурет  болумен  үлкен  символдық  жүк  артуға 
мүмкiндiк  берген.  Бұл  сурет  сопының  Ақиқатқа  деген  махаб-
бат  отына  шарпылуымен  қатар,  тамызықша  лап  еткен  өзіндік 
мәнімен Оған ұласуына меңзейді. Махаббат мұхитына тамшы бо-
лып қосылып, жоғалады, мүлдем жоғалмайды сол мәнге айнала-
ды. Абсолют мәңгiлiкке өзін жоғалтып, сөйте тұра лап еткен жа-
лынымен, Хақтыққа, өз жарық қызуымен, өз мәндiлiгiн паш етiп 
барып қосылады. Алайда, жарқ етіп барып өзін жоғалтуы өзінің 
сол  Ақиқатқа  сәйкес  екендігінің  Ақиқаттан  шығып,  қайта  соған 
оралатынының  айғағы.  «Өмір  жолы  тар  соқпақ  бір  иген  жақ, 
Иілтіп екі басын ұстаған Хақ» деген Абай Құнанбаевтың шумақ 
жырында  да  адамның  Хақтан  шығып,  Оған  қайта  оралатынына 
нұсқайды. Сопылық символдар әлемiнде оттың үлкен символдық 
мәнi  бар  екенiн  бiлемiз.  Сондықтан  да  көбелектi  тамызық  деп 
атаудың  өзi  оның  қимыл-әрекетiнiң  мән-маңызын  аша  түседi. 
Тамызық  сөзiнiң  бүгiнгi  мәнi,  өзiнен  үлкен,  отқа  қозғау  салу, 
тұтату мағынасына ие. Көбелектiң «отқа күйер жынды көбелек» 
мағынасында  жұмбақталмай,  өзi  күйсе  де  мәңгi  жоғалмайтын 
мәнге  балап,  «тамызық»  деп  аталуы  көбелек  символының  ең 
терең  мәнi  –  Хаққа  деген  махаббатты  өзінің  жоғалуымен,  яғни 
мәңгiлiкке ұласуымен дәлелдей отырып, шәкірт жүрегінде махаб-
бат отын тұтандыруды көздеушінің асыл мұраты. Бұл жұмбақта 
сопылықта  үлкен  символдық  мәнi  бар  «көбелек»,  «от»,  «там-
шы»  сөздерi  өз  символдық  жүгiн  көтерiп  тұр.  Сонымен  қатар, 
олардың  өзара  бір-біріне  сәулесін  шашып,  әрекеттесуі  жаңа 
образдың бейнелер туғызған. Қазақ даласында мұсылман дiнiнiң 
Ақиқат жайлы iлiмiн жайған Әзiрет Сұлтан мәшайық Қожа Ах-
мет  Ясауидiң  хикметiнде  «Көбелек  болып  отқа  түстiм,  шоқ  боп 
ұштым  мiнеки»  деген  сөздер  бар.  «Көбелек  те  отты  алам  деп, 
шоққа  түсті  боп  құмар»  деп  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  жырлай-
ды. Жұмбақ халықтың ұжымдық ой санасына мейлінше жақын, 
бұқара  көпшілікке  түсінікті  ұғымдарды  қамтитынын  ескерсек, 
жұмбақтардың  сопылық  танымдағы  бейнелі  образдарды  мол 
қамтығанына қарап, рухани аталарымыздың имандылық ғибраты 
халық  арасында  кеңiнен  тарағанына,  адамдардың  рухына  азық 
болғана көз жеткіземіз.

 
 
 
                      
                                                  175
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
Сондай-ақ, сөздіктегі жан-жануарларға байланысты жұмбақ-
тарға  назар  аударсақ  жан-жануарларды  сипаттауда  оларды 
ерекше  қастерлеудiң  белгiсiн,  киелілік  сипат  беруді  көремiз. 
Бұл  жұмбақтарды  жасырудың  бiр  сыры  осы  күнге  дейiн  халық 
арасындағы  сақталған  жан-жануарларды  атымен  атамау,  яғни, 
эфемизм  дәстүрiмен  ұштасып  жатқанын  байқаймыз.  Халықтың 
наным-сенiмiмен  тiкелей  байланысты:  «Жұмыртқаны  ақ  үйге» 
балауы,  «Тырнаны  шоқпардай  алтын  басты»,  «Балықты  алтын 
қабыршақтың  баласы»  деуi.  Бұлардың  бәрi  адам  баласының 
жан-жануарлармен  өзара  қарым-қатынасына  мистикалық  сыр 
бүркеп, табиғат әлемi және өзін одан өгейленбеген оның төл ба-
ласы деп білген сезімінен хабар береді. Адамның ғалам тылсымы-
мен үндестiгiн түйсiнгенінен, оның қоршаған ортадан оқшаулана 
қоймаған кездегi таным-түйсігін бейнелейді.
Шаруашылыққа байланысты жұмбаққа назар аударсақ:
«Көкше лағым көгенде семiредi» (қауын)
Мал  шаруашылығы  мен  диқаншылықтың  өзара  үйлесiмдi 
дамыған  заманында  туған  жұмбақтан  диқаншылық  өнiмi 
қауынды, малшы түйсiгiне түрткi болар бейнелi сөз шоғырымен 
бере салғанынан көремiз. 
«Сиырдың  сырты,  қойдың  қоң  етi»  (ол  –  кереге)  деген 
жұмбаққа  назар  аударсақ  киiз  үй  жасау  әдiсiне  тiкелей  қанық 
емес  адамға  мүлдем  түсiнiксiз.  Ал,  ол  кездегi  әр  қоғам  мүшесi 
тұрмысының  тiкелей  мәнi  болған  киiз  үйдiң  технологиясымен 
таныс. Сондықтан да, оларға қой қоңымен майлап, қозға салып 
иетіғұн,  сиырдың  терiсiмен  тілінген  таспамен  көктеп  құрайтын 
заттың кереге екенi белгiлi. Бұнда ауыл тiршiлiгiнiң мамыражай 
бiр  шағының  суретi  тұнып  тұрған  тiкелей  қисындық  ақылдан 
көрi түйсiкке сәуле түсiретiн жұмбақтар бар. Сол кездегi қауым 
адамдарының көңiл ұшқырлығына, бейнелi ойының тереңдiгiне, 
ғалам  тылсымына  жақындығына  есептелген  бұл  жұмбақтар 
негiзiнен  көңiлдi  селт  еткiзер  сырлы  суреттердi  әдiс  қылған. 
Сондықтан да, бұл жұмбақтардың шешiмiн қисындық ақылмен 
саралау  қиын,  сезiмдiк  түйсiну  арқылы  аңдауға  болады.  Себебi, 
жұмбақтарға  қисындық  ой  жүйесiнiң  бiр  түйiнiн  жасырмаған, 
керiсiнше әр заттың, құбылыстың бояуы қанық, суретi айнымас, 
көкейге сәуле түсiрер, эстетикалық әсері мен этикалық ғибраты 
ұштаса жүретін бiр сәтiн жұмбақтаған. Мысалы:

176 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
«Аузымды ашсам өкпем көрiнедi».
(есiктi ашқанда оттың көрiнуi)
Сарайдағы сары айғыр,
Күлдiр, күлдiр кiсiнедi (сақырлап қайнап тұрған қазан)
Мүлдем жоқ нәрсенi жұмбаққа айналдыру мысалына қара-
сақ:
Сенде, менде жоқ,
Сеңгiр тауда жоқ,
Өте берiк таста жоқ
Қыпшақта жоқ (құстың сүтi)
Бұл  жұмбақтан  осы  дүниеде  жоқ,  бiрақ  идея  ретiнде  адам-
дар  санасында  өмiр  сүретiн,  аңыз  әңгiмелерде  ғана  кездессе  де, 
адамдардың  образдар  әлемiнде  дерексiздiктiң,  жоқтың  сим-
волын  бейнелейтiн  атаулардың  болғанын  аңғарамыз.  Жоқты 
дәлелдеу  үшiн  сенi  мен  менде  жоқ  дей  келiп,  ерекше  қастерлi 
нәрсенiң  сақталуы  мүмкін  асқар  шыңда,  берiк  таста  болмауы-
мен бекітіп, тіптен «қыпшақта да жоқ» екендігімен оның мүлдем 
жоқтығын  түйiндегені  назар  аудартады.  Демек,  қыпшақтар  бұ 
дүниелік материалдық игіліктердің барлығын иеленген халық де-
ген сеніммен ұштас мемлекетшілдік сана көрініс береді. «Құстың 
сүтi» бұл дүниеде жоқ, яғни материалдық зат емес, алайда санада 
бар, рухани мөлдiр әлемде өмiр сүретiн идея.
Аспан  әлемiне  байланысты  жұмбақтарға  назар  аударсақ, 
жұлдыздардың  бағыт-бағдар  анықтайтын  орны  баса  айтылған. 
Көне замандардан бері ғарыш, аспан әлемі тылсым сыр бүккен, 
адам  тағдырының  тылсым  жұмбағын  түйген  сырлы  қазыналы 
сандық сияқты тәмсілденген, сондықтан оған үңілу, оқу ғылымға 
ұмтылудың көрінісі:
Оң мен солды айырған,
Отыз түмен он айдын (Күн, Ай, жұлдыздар)
Көзiмдi салып, көпке дейiн оқыдым (Көк пен жұлдыздар)
Жыл  мезгiлiнiң  маусымдық  өзгерiстерiн,  ауа  райын  аспан 
әлемiне қарап болжай бiлген көшпендiлер адам, қоғам өмiрiндегi 
маңызды  құбылыстарды  да  көк  жүзiне  қарап,  бағамдаған. 

 
 
 
                      
                                                  177
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
Көшпендiлер мифологиясында жұлдыздар тоғысуына, жұлдыздар 
шоғырының қозғалысына байланысты, аңыз әңгiмелер бар. Көкке 
қарап көшi-қон бағдарын, уақытын белгiлеген көшпендiлер өмiр 
тәжiрибесiн аңыз әңгiмелерде қалдырып отырған.
Қиял ғажайып ертегiлерден де аспан денелерiнiң қозғалысына 
байланысты  таным-түсiнiктер  сұлбасын  аңғарамыз.  Ғұзыхан 
Ақпанбеттiң  «Қазақтардың  дүниетанымы»  атты  кiтабында 
сақалы  қырық  құлаш,  бойы  бiр  қарыс  шал  жайлы  ертегiден 
халықтың  құйрықты  жұлдызға  байланысты  космологиялық  та-
нымын  көредi.  Сол  шалдың  үш  ағайынды  батырмен  шайқасуы 
құйрықты жұлдыздың (кометаның) жұлдыздармен тоғысу жолын 
бейнелейтiнiн дәлелдi баяндайды.
Күннен елшi келедi,
Күмiс шашып келедi 
Айдан елшi келедi,
Алтын шашып келедi (Күн мен Айдың шашылған нұр сәулесi)
Осы  жұмбаққа  қарап  отырып,  халық  дәстүрiнде  берiк 
сақталған  «шашу»  шашу  салтының  өзi  ертеден  келе  жатқанын 
және  игілікті,  қуанышты  iске  Алланың  нұры  төгiлсiн,  қолдасын 
деген игi тiлектен туғанын аңғарамыз.
«Жазда жаңа келiн иiлiп тұрады» (қамыстың басы, үлпiлдегi) 
деп  бiр  ауыз  сөзбен,  қамыстың  самал  желге  майда  шұлғып, 
толқып, иiлуiн – ибалы келiнге балай бейнелеу, аса шебер сурет.
Негiзiнен батыста кеңінен таралған түсінікте оттың символы – 
қораз болса, дала мәдениетінде өрттiң жалын тiлiнiң сумаңдауын 
кесiрткеге балаған. Мына жұмбаққа назар аударсақ:
Кесiртке сияқты, қаны тамып
(немесе: кесiрткедей сары алтын)
қара Ұлысқа жайылады (от, өрт).
Бұл жұмбақтан өрттiң алдындағы қорқыныш, үреймен қатар, 
оны алтынға балап қастерлеудi байқаймыз.
Қортындылай  келе,  Дештi-Қыпшақ  түркiлерiнің  халықтық 
тiлiнiң негiзiнде түзiлген бұл лингивистикалық сөздiктiң аса зор 
маңызы – бұл бiрден бiр халықтық сөздiк қордан алынып, жазы-
лып қалдырылған ескерткiш. Бұл жазбаны зерттеуде тiлдiң даму 

178 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
құбылыстарын  пайымдаумен  қатар,  халық  дүниетанымының 
сөздегi  таңбасын  мейлiнше  таза,  мөлдiр  күйiнде  көру  арқылы 
оның эстетикалық таным талғамының рухани негіздерін аңаруға 
болады.  Мәселен,  «көр»  және  «бақ»  деген  синонимдес  сөздiк 
түбiрдi салыстыра зерттеудiң өзiнен-ақ халық танымындағы бұл 
дүниедегi жаратынды заттар және метафизикалық жазықтықтағы 
құбылыстармен  қатар  абсолюттiк  рухани  әлемдегi  таным 
түсiнiктердің дербес әрі қатар өмiр сүретiнiн аңғардық.
«Кодекс Куманикус» халық сөздiк қорының ескерткiшi екенi 
ескерiле  отырып,  қыпшақ  тiлiндегi  ұғымдар  мен  түсiнiктерге 
лингво-философиялық талдау жасалынып оның көркемдік эсте-
тикалық, рәміздік қырларына назар аударылды.
Бүгiнгi  қазақ  тiлiмен,  оның  сөздiк,  фразеологиялық 
қорларынан  мысалдар  келтiре  отырып,  жұмыста  тарихи-салы-
стырмалы,  компаративистiк  зерттеу  әдiснамасы  пайдаланылды. 
Сөздердiң синонимдiк топтарына, түбiрлес сөздер тiзбектерiндегi 
ұғымдар мағынасының өзгеруiне қарай отырып, философиялық 
тұжырымдар  жасалды.  Халық  дүниетанымы,  оған  дiннiң  әсерi, 
осылардың  тiлдiк  қорда  сәулеленiп  көрiнiс  табуын  мысал-
дар  арқылы  дәлелдеп,  тілді  жанды  құбылыс  ретінде  танып 
қастерлеудің  маңызы  мен  ұлттық  сананы  лингвофилософиялық 
тұрғыда зерттеудің өзектілігі тұжырымдалды. Дiннiң имандылық 
ұстыны, бақи мен фәни, өмiр мәнi жайлы бiлiмнiң тiлдегi ұғым-
дардың  қалыптасуы  мен  мән-мазмұн  иеленіп,  семантикалық 
жүиесінің  баюына  негіз  болғаны  түжырымдалды.  Ежелгi  түркi 
мәдениетiндегi  сөздердiң,  ұғымдар  мен  түсiнiктердiң  адам 
санасының,  оның  дүниетанымы  мен  философиясының  жан-
ды  куәсы  ретiндегi  ескерткiштiк  ғылыми  құндылығы,  мәдени 
құбылыс ретіндегі эстетикалық сипаты жан-жақты ашылды.
Немістің көрнекті философы К. Ясперс өзінің рәміздің маңыз-
дылығы  туралы  ойын  былай  айтады:  «Адамзаттың  ықылым  за-
маннан  бері  рәміздер  әлемінде  өмір  сүретінін  түсінеміз.  Осы 
рәміздер  оның  өмірінің  мәнін  анықтайтын  шындыққа  айнала-
ды. Осы рәміздердегі өмір адамның негіздемелік өмірмәндік құ-
рылымына жататынын түсінеміз. Сондықтан да бұл рәміздердің 
ерекшеліктерін түсінгіміз келеді, олардың осынау саналуандығын 
жинақтап, шолып, жүйелегіміз келеді. Рәміздердің мазмұнын ашу 
адамның өзімен-өзі, өз мәнділігімен, өз субстанциясымен бола ала-
тын кеңістігін ашу деген сөз. Рәміздерсіз ол тұлдырсыз қалғандай 

 
 
 
                      
                                                  179

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет