Философия, саясаттану


  Эстетикалық сана мен эстетикалық



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
сипаттайды [64]. Бұл жағдайда эстетикалық қабылдау «абсолютті 
мифтің»  бір  шегі  болып  табылады.  Сол  себептен,  зерттеуші 
қоғамдық-тектік  формация  жүйесіндегі  мифологияның  қалып-
тасуы  мен  даму  үрдісін  зерттей  отыра,  шындығында  оны  эсте-
тикалық қабылдаумен бірге қарастырып отыр. Осындай мағынада 
автор эстетикалық танымды жасампаз құндылықтық пән, тарихи-
қоғамдық  қатынастар  жиынтығының  өңделген  түрі  ретінде 
түсіндіреді [65].
Д. Лукач палеолит дәуіріндегі сурет өнерін және жер шаруа-
шылығы  орнаментін  әлеуметтіліктің  қалыптасу  және  өсуінің 
өзіндік  көркем-образдық  өзгеруі  деп  сипаттап,  эстетикалық 
мазмұнның  қайнар  көзі  оның  ары  дамуында  маңызды  рөл 
атқарады  деп  атап  өткен,  нақтырақ  айтсақ:  табиғат  қойған 
кедергілерді  еңсеру,  адамдардың  қоғамға  бірігуінің  нәтижесінде 
қалыптасқан, әралуан шарттармен негізделген және «табиғатпен 
өзара  алмасу»  барысында  қалыптасқан  қарым-қатынастардың 
басым болуы [66]. Ерте дәуірлерде жер шаруашылығымен айна-
лысатын мәдениеттердегі жора-салт билері, үңгірлік сурет өнері 
және  геометризм  эстетикалық  бейнелеудің  қалыптасуының  бір 
сатылары ретінде зерттеледі, белгілі «бейнелеу түріне» сай келетін 
әлеуметтік шарттармен сәйкестік жүргізіледі.
Эстетикалық  сананың  әлеуметтік-тарихи  дамуына  талдау 
жасаған  В.Ф.  Петров-Стромский  еңбектері  де  ерекше  қызы-
ғушылық  туындатады,  ол  мифологиялық  кезеңнен  бастап 
эстетикалық  мазмұнның  дамуын  этикалық  құндылықтармен 
бірге  қарастырады.  Автор  «сананың  адамгершілік-эстетикалық 
мағыналық табиғатын» негіздеп, эстетикалық сананың үш тари-
хи түрін (еуропалық кеңістікте) бөліп көрсетеді: «норма эстети-
касы»  (миф),  «идеал  эстетикасы»  (классика)»  (қазіргі  таңдағы). 
Автордың  айтуынша:  «Саналы  Меннің  автономизациясы  –  бұл 
субъект пен субстанция ажырамастай біріккен әлемнің тұлғасыз 
мифологиялық  бейнелерінен  әлемнің  пәндік  суретін  рационалды-
логикалық қалыптастыру жолына бет бұру болып табылады және 
субъективті  эстетикалық  тұрғыдан  тарихи  алғаш  пайда  болған 
[67].  Эстетикалық  таным  «түрлерінің»  ауысуын  автор  негізінен 
сананың  нормативті-эстетикалық  компонентасының  ішкі  логи-
калық дамуымен байланыстырады. Сонымен қатар ол адам сана-
сындағы  мифологиялық  және  эстетикалық  мазмұнның  өзара 
байланысына  өте  қызық  талдау  жасайды.  Петровтың  пікірінше, 

30 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
эстетикалық  таным  –  бұл  фундаментальді  және  алғаш  болып 
келетін сананың әмбебап сезімдік-бейнелік деңгейі. Бұл жағдайда 
бейне  сананың  әмбебап  құралы  болып  табылады.  Себебі,  ол 
әрқашан да біртұтас және эстетикалық болып келеді, сәйкесінше, 
сана өзінің алғашқы, негізгі кезеңінде «эстетикалық» болып табы-
лады.
Қазіргі таңда мәдени мұра мемлекеттік маңызы бар мәселе, 
бұл  тәуелсіз  Қазақстандағы  мемлекет  түзуші  ұлт  ретінде  қазақ 
халқының  ұлттық  сана-сезімінің  қалыптасуындағы  рухани-
адамгершілік  құндылықтар,  нормалар  мен  идеалдардың  қайта 
жандану кезеңінде аса өзекті болуының себебі де осында.
Терең  дәстүршілдік  деген  түсінік  ежелгі  шығыс  мәдениет-
терінің  даму  ерекшелігіне  жатады.  Ол  шығыс  өркениеттерінің 
әлеуметтік-экономикалық  және  рухани  даму  ерекшеліктеріне 
негізделеді  және  ұлттық  мәдениеттің  барлық  салаларында 
көрінеді. Ертеде қалыптасқан белгілі бір идеялар мен түсініктер 
кей кездері көптеген жүзжылдықтар, тіпті мыңжылдықтар бойы 
өмір сүрді.
Эстетика тарихы үшін мұның маңызы зор, себебі біз қазіргі 
таңда ежелгі Шығыс халықтарының көркем-эстетикалық идеяла-
рының тарихы жөнінде толық және нақты мәліметтердің болуына 
қарамастан, мәдениеттің негізгі жәдігерлерін фрагментарлы зерт-
теу арқылы белгілі бір ежелгі шығыс эстетикалық түсініктерінің 
тұрақты типологиялық ерекшеліктерін қалыптастыра аламыз.
Көшпелі  халық  өнерінің  тек  өзіне  ғана  қатысты  ерекше 
белгілері  болады,  нақтырақ  айтсақ:  табиғат  пен  адам  бірлігі, 
жасампаз  және  тепе-теңдік,  қайырымдылықтың  зұлымдықтан 
жоғары болуы, әділетті үйлесімді әлемдік құрылыс сияқты негізгі 
мәңгілік идеялар ұрпақтан ұрпақа беріліп отырған. Жекеленген 
суретшілердің  өзіндік  ойының  көрінісі  емес,  халықтың  тарихи 
қалыптасуындағы ұжымдық түсінік бола отырып, бұл гуманистік 
идеялар  дәстүрлік  мәртебесіне  ие  болады.  Ұлттық  шеберлердің 
шексіз  ұрпақтарының  шығармашылығы  арқылы  көрініс  тапқан 
бұл  құбылыс  жекеленген  суретшілерге  қол  жетпейтін  және 
бағынбайтын кемелділік болып табылады.
Қазақ  философиясының  рухани  әлемі  отандық  ақындар 
мен  ойшылдардың  бейберекет  үйлесуі  емес,  парадигмалар  мен 
тұрақты тарихи мән түзуші идеялармен біріккен халық рухының 
көрінісі  болып  табылады.  Осы  мән  түзуші  бейнелер  жалпы 

 
 
 
                      
                                                  31
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
әлемді түсіну және ондағы адамның орны мен мақсаты жөніндегі 
көзқарастың аясында қалыптасқан. 
Қазақ  философиясының  рухани  әлемі  адамның  табиғатпен, 
адаммен  (қоғаммен),  өзіндік  «менмен»  қатынастарын  үйлесімді 
етуге, тіршілік қауіпсіздігін сақтаудың тиімді түрлері мен тәсіл-
дерін іздестіруге, оларды одан ары қарай дамытуға бағытталған. 
Зороастрлік,  буддистік,  христиандық,  әсіресе  исламдық  жә-
не  сопылық  діни  ілімдердің  түркі  өркениетіне  тигізген  ықпал-
дарының маңыздылығын мойындай отыра, қазақ халқының әлемді 
қабылдаудың ғаламдық (космоцентрлік) суретінің қалыптасуын-
да Тәңір (Аспан) культінің орны ерекше болғанын айта кету қажет. 
Тәңір дүниетанымдық жүйеде, сонымен қатар көшпелі дәстүрлі 
мәдениеттің  түрлі  формаларында  алғашқы  негіз  болып  табы-
лады. Сонымен қатар бұл культ қазақ этносы мен оның әлемдік 
суретінің  қалыптасуының  барлық  сатыларында  ерекше  маңызға 
ие болуын сақтап қалды.
Ерте көшпенділер мен ежелгі түркі тайпаларының ақындық 
тәжірибесі Шығыстың әлемді көркем жолмен қабылдаудың бір-
тұтас тарихи суретінің қалыптасуындағы маңызды және ерекше 
сатысы болып табылады. Орасан зор кеңістіктегі әлеммен үздік-
сіз  күрес  пен  қажетті  келісім  жасау  шарттарында  өмір  сүрген 
ежелгі  көшпелі  халықтар  әлемге  үйлесімді  енетін  және  оның 
жалғастырушысы болып табылатын өнерді қалыптастырды.
Көшпенді  қоршаған  орта  табиғатымен  аса  бай  сезімдер, 
түсініктер  және  күйзелістермен  тығыз  байланысты  болды. 
Сезімдік  күйзеліс  арқылы  байланысқан  табиғи  орта  –  көшпен-
ділердің  дәстүрлі  дүниетанымының  қалыптасуына  ықпал  еткен 
негіздердің ең маңыздысы болды. Әрбір халықтың өзіндік ланд-
шафты  болады,  сол  ландшафты  қабылдау  ерекшелігі  арқылы 
олардың дәстүрлі мәдениеті қалыптасады. 
Қол  жетпес  биік  таулар  мен  шексіз  далалық  жерлер  көш-
пенді  табиғатын  анықтайтын  басты  түсініктер  болды.  Олар 
көшпенділер  үшін  ең  қымбат  және  мәңгілік  құндылықтар  – 
биіктік  пен  тазалықты  білдірді.  Шексіз  жазықтық  пен  биіктік 
олардың  жоғарыға  және  руханилыққа  деген  ұмтылыстарында 
көрініс тапты. Ежелгі көшпенді өзінің назарын аспанға бағыттай 
отырып, мифтердегі шынайылыққа өзінің қатынасын анықтады. 
Мифтерде  адам  Әлемді,  Ғаламды  қамтуға  және  әлемдік  құ-
рылыс  жүйесінде  өзінің  орнын  анықтауға  ұмтылды.  Тәңір  түркі-

32 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
лердің түсініктеріне сәйкес – бұл әлемді жаратқан және өзі жарат-
қан  заттардың  тағдырын  реттейтін  Аспан  (немес  Ғалам)  болып 
табылады.  Ғалам  (Тәңір)  сонымен  қатар  қабаттарда  орналасқан, 
әрбір  қабат  қарама-қарсы  екі  бастаудан:  Қайырымдылық  пен 
Зұлымдық, Күн мен Түн, Жарық пен Түнектен және т.б. тұрады. 
Аспан пен Жер культтерінің пайда болуы адамның қайырым-
ды құдайларға алғыстарын білдіру, ал зұлымдарды мейірімден-
діру  үшін  мәңгілік  ұмтылыстарына  байланысты,  себебі, 
қайырымды  құдайлардың  қорғауы  қиын-қыстау  кезеңдерде 
оларды сақтап отырды. Ежелгі түркілердің түсініктері бойынша, 
әлемдегі ең жоғарғы биіктік Хан Тәңірі деп аталуы да кездейсоқ 
емес. Осындай мағынада Жер-Су өзара байланысты құдай ретін-
де ғана түсініліп қойған жоқ, сонымен қатар Тәңірге қарсы көлде-
нең  жазықтық  ретінде  көрінді,  себебі  көшпенділер  үшін  таулар 
мен жазықтықтарды көру әдеттегі іс болды [68].
Ежелгі  адамның  рухани  әлемін  көшпенді  және  отырықшы 
болмыстың  бірлігі  анықтады.  Өмір  сүрудің  үнемі  көшпелі  күйі 
адамға әрқашан қоршаған ортаның алуан түрін ұсынды, адамның 
осы  әлемде  батыл  бағыт  алуына,  ашық  және  белсенді  болуына 
үлестін  қосты.  Әлемге  қатысты  адам  өзінің  әмбебап  білімімен 
анықталып, негізгі орынды иеленді, әлем адаммен салыстырғанда 
орасан  зор  болып  табылады,  алайда  адам  бұл  шексіз  дүниеде 
жоғалған кішкене ғана бөлшек емес, мәңгілік аспан, ұшы-қиыры 
көрінбейтін  жазықтық  дала  сияқты  дүниенің  шексіз  және  ора-
сан зор бөлігі болып табылады. «Мен – алпауытпын, тек мен ғана 
тағдырды  өзгерте  аламын;  далада  (қырда)  дүниеге  келгендердің 
күші зор», – деп мақтанышпен таулар мен жазықтықтардың ұлы, 
ежелгі  көшпенді  Энкиду  айтқан  екен  [69].  Ақылы  арқылы  адам 
әлемнен жоғары көтеріліп, өзінің мәніне жете алады.
Ежелгі  көшпенділердің  эстетикалық  дүниетанымында  мо-
ральдық кемелдену арқылы абсолюттік еркіндікке жету және дү-
ниедегі ең қымбат және қадірлі, шексіз білім, сұлулық және игі-
ліктің негізі болып табылатын алғашқы Нұрды тануға деген батыл 
ұмтылыс жарқын көрінді.
Діни философиялық түсінікте адамның мәні «күннен жоғары, 
аспаннан жоғары, жұлдыздардан жоғары» көтеретін өзін-өзі анық-
тау  еркіндігімен  байланысты  болды.  Адам  өзінің  санасында  бүкіл 
тіршілік  пен  бүкіл  әлемді  («микрокосм»,  «Ғаламның  айнасы  мен 
жаңғырығы»)  қалыптастырып  қана  қоймай,  ол  Ғаламға  трансен-

 
 
 
                      
                                                  33
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
детті, өзін онтологиялық анықтауда шексіз еркін болғандықтан өзі-
нің мәнін орнықтыруда шынайы жаратушысы болып табылады. 
Көшпенділердің тәжірибесі өзін өзі қалыптастырып, жүзеге 
асыруға қабілетті адамның жаңа көркем концепциясын дамытуда 
аса маңызды болып табылады. Кейінірек, әл-Фараби және шығыс 
перипатетизмінің  өзге  де  өкілдері  әлемді  саналы  түрде  билеуге 
қабілетті  осындай  бейнені  кемел  адамның  негізі  ретінде  алады 
(инсан ал-камил – кемел адам).
Дегенмен,  ежелгі  адам  табиғаттан  алшақ  болған  жоқ,  ол 
әрқашанда  оның  ішкі  дүниесінде  табиғаттың  тұтастығы  мен 
нақтылығын  сезініп,  толық  үйлесімділік  құрды.  Табиғат  дүние-
танымында  өзіндік  сезімдік-нақты  жаны  бар  әсемдік  және 
эстетикалық пән болып табылды. Адам материалды алуан түрлі 
дүниеден құралған, жүйеленген және таңдалған, сезімдік деңгей-
де қабылданған, нақты, сондықтан бірегей болып келетін қорша-
ған ортадан тұратын толыққанды өмірден алды. Мәңгі қозғалыс 
пен  өзгеріс  жағдайындағы  табиғатты  тікелей  бақылау  адам-
да  ойлауды,  шығармашылық  фантазияны  дамытып,  қоршаған 
шынайылықты  игерудің  өлшемі  ретінде  әсемдікті  қалыптасты-
руға себін тигізеді.
Адамның  ғалам  туралы  түсініктерінің  дінге,  дүниетанымға, 
нақты  шығармашылыққа  ықпал  етуі  туралы  тұжырым  ежелгі 
көшпенділердің көркем өнер тәжірибесін дүниетаным құрылы-
мы туралы және ондағы адамның орны туралы негізгі түсініктерді 
игеру арқылы зерттеу қажеттігін көрсетеді.
Ауыз  әдебиеті  шығармашылығының  ақындық  саласында  да 
әсемдік  табиғатқа  да,  адамға  да  тән  болды.  Оның  мәні  өмірдің 
қуаныштарында,  табиғаттың  гүлденуінде,  оның  объективтілігі 
мен үйлесімділігінде. Әсемдікте сұлулық пен өмірлік қажеттілік, 
заттар  мен  құбылыстарды  эстетикалық  сүйсіну,  сонымен  қатар 
оларға деген тәжірибелік, утилитарлық қатынастың негіздері жа-
тыр деп есептелінді. Симметриялық, ритмикалық ұйымдастыру 
қағидаты көшпенділер өнерінде үйлесімді тепе-теңдікті, адамның 
табиғатпен  шексіз  байланыстарында,  бөлшектің  бүтінмен, 
табиғатпен шынайы тұтастықтығы әлемнің ұйқастығын көрсетті. 
Табиғаттағы  симметрия,  ритмика,  үйлесімділік  және  пропор-
ция  сияқты  әсемдіктің  көрінуі  адамның  табиғи  әлемге  билік 
жүргізуінің, оны игеруінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Әлемнің 
үйлесімділігін тану арқылы адам кемелдене түсті. 

34 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Қазақ халқының ежелгі дүниетанымдық кешендері храмдар-
ды,  канондық  кітаптарды,  кәсіби  культ  қызметкерлерін  қажет 
етпеді,  олар  болмыс  саласында,  тұлғааралық  қатынастарда  ұлт-
тық  салт-дәстүрлерде  көрініс  тапты.  Олардың  негізінде  Қазақ-
станда  ортағасырларда  және  қазіргі  таңда  мекен  ететін  халық-
тың  дүниетанымы  мен  мінез-құлықтың  ұлттық  ерекшеліктері 
қалыптасты.
Әсемдік  барлығы  үйлесімді  және  ақиқат  болып  табы-
латын  шынайылықты  сезімдік  деңгейде  қабылдауда  жатты. 
Адам  табиғатты  біртұтас  жүйе  ретінде  қамти  отырып,  әсем-
дікті  органикалық  және  органикалық  емес  өмірдің  шынайы 
үйлесімділігінде көрді. 
Қазақ халқының дүниетанымдық құрылысындағы Тәңір бей-
несінде  әлемнің  түрлі  құдайлары  бірікті:  Аспан,  Күн,  Ай  және 
Жерді  біріктірген,  көзге  көрінетін  және  сезіммен  қабылданатын 
Әлем  Абсолюь  ретінде,  иерархиялық  деңгейлерден  тұратын 
құдай-ғаламдық  құрылыс;  және  кемел  –  Үйлесімділік-идеал 
ретінде  Әлем.  Көптеген  ға-сырлар  бойы  тұрақты  болып  келген 
осы культ фундаментальді және тарихи тұрақтандырушы фактор 
болып табылады, ол адам санасының бейсаналы архетиптерінде 
сақталғандықтан түрлі діни ықпалдардың әсерінен де жоғалған жоқ.
Ең  қызығы  архетиптер,  менталитет  әрқашан  да  бейсаналық 
деңгейде  көрінеді,  сол  себептен,  дүниетанымдық  негіздерді 
іздестіру  барысында  еркісіз  фетиштер  мен  иллюзиялардың 
артына  жасырылған  бейсаналық  құрылымдардың  негіздерін 
анықтауға  бағыт  алынады.  Егер  де  көзге  көрінетін  заттардың 
жасырынған  мәнін  ашу  қажет  болса,  онда  олардың  сыртқы 
көріністерін  қарастырғаннан  гөрі  сана  стереотиптерін,  әдеттер 
жиынтығын,  қалыптасқан  тәжірибе  мен  жинақталған  білімді 
талдауға  көшу  қажет,  ал  аталғандардың  барлығы  қосылып 
«ұжымдық бейсаналықты» түзеді. Жалпы түпкі негіздер сыртқы 
дүниеде емес, адамның ішкі дүниесінде, оның тіршілік етуінің им-
пульстары мен болмысының түрлерінде жатқандығы анықталды.
Музыка,  билер,  орнаменталистика,  көркем  және  сөз  өнері 
(ораторлық  өнер,  поэзия),  түрлі  ойын-сауықтар  (кейінірек  –  те-
атр),  ертеден  мәдениетте  маңызды  орын  алды.  Негізінен  өнерді 
міндетті емес, пайдасыз, бірақ аса күрделі және маңызды заттарға 
(яғни,  тәжірибелік,  утилитарлық)  толықтырушы  құбылыстар 
қатарына орынсыз жатқызып келді. 

 
 
 
                      
                                                  35
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
Шындығында  олар  белгілі  бір  мағыналардың  көрінісі,  ути-
литарлық  емес  бақылаудың  объектілері  болып  келді,  сонымен 
қатар медитация объектілері болып келіп, оны бақылаушыға ру-
хани ләззат алып келулері де мүмкін. Дәл осындай жағдайда олар 
эстетикалық  объект  болып  табылып,  өздерінің  негізгі  қызметі 
рухани  байланысты  орнатқан  жағдайда  ғана  (эстетикалық)  бір 
қатарға  қойылуы  мүмкін.  Бұл  өнерсіз,  яғни  эстетикалық  құбы-
лыстар  мен  байланыстар  жоқ  жағдайда  мәдениеттің  де,  адам-
заттың да өмір сүруі мүмкін емес.
Қазақтардың  Ғалам  туралы  дәстүрлі  түсініктерінде  музы-
ка (әуен) өнердің бір түрі ретінде әлемдік мәдениетте баламасы 
жоқ  ерекше  маңызға  ие  болды.  Ол  этностың  таза  эстетикалық 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын көркем құндылық қана болып 
қоймай,  сонымен  қатар  Универсумның,  қоғамның,  мәдениеттің 
құрылымдық ядросын түзуші құбылыс ретінде танылды. Осындай 
көпфункционалды қасиеті музыканы этностық таза эстетикалық 
қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  көркем  құндылыққа  ие 
мәдениеттегі  әуендік  хабарлама  ретінде  ғана  қарастыруға  емес, 
сонымен қатар қазақ халқының әлемдік суретін жеке дара және 
айтарлықтай  анықтауға  қабілетті  әлемді  түзуші  негізгі  элемент 
ретінде қарастыруға болады.
Әлемнің үйлесімділігі қазақ халқының мәдениетінде әуенді-
философиялық категория болып табылады, себебі, дәл осы әуен 
макроғаламдағы үйлесімділікті түзеді. Объективті түрде адамнан 
тыс  өмір  сүретін  әлем  ретінде  ғалам  қазақ  халқы  үшін  ерекше 
жағымды  үйлесімділік  болып  табылатын  біртұтас  әмбебап  си-
паты бар. Әуен Ғаламның тұтастығы мен бүтіндігін үйлестіруші 
негіз болып табылады. 
Осыған байланысты айта кететін маңызды жайт, Әуен қазақ 
мәдениетінде  қазіргі  таңдағы  көркем  өнер  жөніндегі  түсініктер-
мен  салыстырғанда  әлдеқайда  терең  мағынаға  ие  болды.  Оның 
мәні  шығармашылықты,  дәлірек  айтсақ,  Әлеммен  бірліктегі 
Шығармашылық  бастауды  түсіну.  Себебі,  қазақ  халқының  уни-
версумы  негізінде  Әлем  құрылысының  Үйлесімділігі  жатқан 
ғаламдық заңдарына сәйкес қызмет етеді [70]. 
Музыка жеке тұлға болмысын үйлесімді етіп, адамның негізгі 
іс-әрекетінің тек әлеуметтік – психологиялық негізі, көңіл көтеру 
жолы, эстетикалық ләззат алу ғана емес, негізінен жоғары қадір 
тұтатын  объект  болып  табылады;  ол  адамды  дүниеге  келген 

36 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
кезінен өмірден қайтқанға дейін серіктесі ғана болмай, сонымен 
қатар оны өмірлік жолда бағыттап, түрлі қайғылы оқиғалардан 
қорғап, сақтап отырады. 
Құндылықты  қалыптастырушы  негізгі  жаратушылар  бақсы, 
жырау, жыршы, ақындар, күйшілер болып табылады, ал олар өз 
кезегінде  –  этностың  әуендік  дәстүрінің  өкілдері,  тарихи  жады-
ны  сақтаушы,  таратушылар  болып  саналады.  Қоғамда  жоғарғы 
әлеуметтік мәртебеге ие бола отыра дәстүрлі музыканттар ерек-
ше,  таңдаулы,  құдайдың  ықыласына  ие  болған  әмбебап,  байла-
ныс-танымды  және  осы  дүниедегі  адамның  өзін-өзі  жетілдіруді 
анықтаған,  көшпелі  мәдениеттің  үйлесімділігін  сақтаушы, 
қасиетті білімнің иегерлері болып табылады. 
Іс  жүзінде  алуан  түрлі  көркем  өнер  тілдері  эстетикалық 
(көркем) көріністі жүзеге асыру үшін пайда болды. Өнердің бей-
нелер  мен  көркем  белгілеріне  басты  назар  аударылады  және 
оларға  құбылыстың  аса  жоғарғы  эстетикалық  энергиясы  тән. 
Ежелден  өнердің  көптеген  түрлері  (жиі  саналы  түрде),  адам-
ды  және  оны  қоршаған  ортаны,  жалпы  өмірді  онтологиялық 
мағынада  өзгертуге  бағытталмаса,  оларды  белгілі  бір  деңгейде 
жақсартуға, безендіруге және кемелдендіруге бағытталды. 
Шынайылықты  эстетикалық  қабылдау  субъект-объект 
қатынастарының  құндылықпен  байланысындағы  диалектика 
көрінеді.  Жүйелілік  құндылықтардың  орындарын,  олардың  ие-
рархиясы  мен  адамдардың  үйлесімді  іс-әрекеттеріндегі  сезімдік 
күйзелісті қалыптастырады. Эстетикалық мазмұнның негізгі бас-
тауларын  іздеу  барысында  былайша  айтқанда  «табиғатшылар» 
және  «қоғамдық»  деп  аталатын  шектен  шығатын  зерттеу  пози-
цияларын  ұстануға  болмайды.  Эстетикалық  мазмұн  (түсінік  ре-
тінде) ол табиғаттың объективті нақты қасиеттерінің көрінісі ғана 
емес (үйлесімділік, симметрия, ритм, пропорция, өлшем, ұйқас-
тық, кемелділік, алуандылықтағы тұтастық, заңдылық) немесе адам 
болмысының жолдарының (сезімдер, эмпатия, талғам, рефлексия, 
интенция, интуиция, идеал) объективті әлем заттарына таралуы. 
Концептуалды тұрғыдан эстетикалық сананың мәні мен құ-
рылымының негізгі бастаулары мәселесі өзінің ақырғы шешімін 
тапқан  жоқ,  дегенмен  түрлі  нақты  ғылымдар  саласындағы 
ғалымдар  мен  философтар  оның  онтологиялық  элементтері, 
гносеологиялық  қағидаттарын  мазмұндық  қырларын  қарас-
тырды.  Алайда  бұл  мәселенің  шешілуіне  қатысты  жеке  ғылым-

 
 
 
                      
                                                  37
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
дар  (археология,  этнография,  палеоантропология,  нейрофизи-
ология,  тіл  білімі,  палеопсихология,  нейроэстетика)  ұсынған 
жауаптар  ежелгі  адамдар  тіршілігіндегі  эстетикалық  сана  гене-
зисінің  толық  болмысының  негізгі  мәнін  аша  алмайды.  Бұл  тек 
мәселені философиялық-эстетикалық методологиялық қырынан 
қарастырғанда ғана, эстетикалық сананың тұтастығының қалып-
тасуының жаңа парадигмасын іздестіру жағдайында ғана мүмкін 
болмақ.
Философияда  тұтастық  мәселесі  70-ші  жылдары  жүйелік 
тәсілдемені  қорғаушылар  тұрғысынан  көтерілді;  тұтастық 
тәсілдемесі  жүйелікті  теріске  шығармайды,  керісінше  оны 
толықтырады.  Гуманитарлық  ғылымдарда  тұтастық  тәсілдеме 
жүйені  қалыптастырудағы  әдіснамалық  негіз  болып  табылады. 
Мақсаттылық – бұл тиімді тіршілік етудің жүйеленген құрылы-
мы, ал қоғамда ол мақсатты тұжырымдауға дейін үйлестірілген 
және «мақсат» түсінігімен байланысты. Осы тұрғыдан эстетикалық 
ойдың мақсаттылыққа бағыттылығын, «әсемдік» түсінігінің оны-
мен  байланысын  және  адамның  белгілік-рәміздік  іс-әрекетіндегі 
эстетикалық жағын қарастыру қажет. 
Этетикалық  қатынас  құндылық  ретінде  эстетикалық  сана 
құрылымының  қалыптасу  және  оның  түрлерінің  эстетикалық 
іс-әрекетте көрінуінің шарты болып табылады. Методологиялық 
тұрғыдан  эстетикалық  сана  құрылымы  мен  мәнінің  қалыптасу 
негіздерін түсіну мәдениеттің тарихи дамуындағы тұтастығының 
түрлі  қырларына  тереңірек  енуге  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  таң-
дағы эстетикалық ғылымда «эстетикалық» категориясы қоғамның 
іс-әрекетіне қатысты: а) антропологиялық, б) идеалды; в) сезімдік-
эмоционалды көзқарастар арқылы анықталады. 
Концептуалды тұрғыдан «эстетикалық» адамдар тіршілігінің 
мақсатты тұтастығын түзуші ретінде, яғни, эстетикалық іс-әрекет, 
эстетикалық  қажеттілік,  эстетикалық  қатынастар,  эстетикалық 
күй, күйзеліс, рефлексия, шабыт, интуиция, интенция, елес, та-
ныммен,  шығармашылық  еркіндік  пен  рухани  ләззатпен  бай-
ланысты  ассоциациялардың,  қиялдың,  таным  және  рухани 
күйзелістің пайда болуы ретінде түсіндіріледі [71]. 
Эстетикалық  сананың  генезисі  мәселесін  талдау  зерттеудің 
бірнеше  бағыттарын  анықтауға  мүмкіндік  береді,  атап  ай-
тар  болсақ:  адамзат  қоғамы  мәдениетінің,  адамның  руха-
ни  әлемінің,  эстетикалық  сана  құрылымының,  эстетикалық 

38 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет