Философия тарихындағы жан, ақыл, парасат, рух мәселелері


Жан, рух, сана мәселесін түсінуде антикалық философияның ерекшеліктері



бет6/11
Дата14.10.2022
өлшемі1,58 Mb.
#43013
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс 3.Философия тарихында жан мен рух, сана мен ақыл

Жан, рух, сана мәселесін түсінуде антикалық философияның ерекшеліктері

  • Космологизм - ғарыш проблемасының басымдылығы. Рух, парасат, идеялар ғарыштың рухани құрылымы ретінде танылады.
  • «Рух» ұғымы екі сөзбен берілген: «пневма» (тыныс, дем, леп) және “нус» – ақыл, зерде.
  • Дүниежүзілік жан - ғарышты жандандыратын бастама.
  • Құдай - ғарыштық сана, парасат, зерде болса, адам - ғарыштың бөлігі, микрокосмос. Адам жаны – дүниежүзілік жанның бөлшегі

Милет мектебі (б.д.д VII- VI ғғ.): Фалес, Анаксимандр, Анаксимен

1. Дүниенің бастапқы негізін іздеді

2. Бастапқы негіздің рухы бар деп түсінді

Фалес (625-547 б.д.д.) космологиясындағы жан туралы түсінігі

«Дүниенің негізін құрайтын алғашқы зат - су, оның рухы бар, сондықтан ол бәрін өзінен қалыптастырады. Дүниежүзілік жан бар, ол эфир сияқты зат. Дүние құдайларға толған»


Фалес
(625-547 б.д.д.)

Анаксимандрдің космологиясы және жан туралы түсінігі

«Алғашқы негіз - апейрон (грек тілінен: шексіз, бейнақтылы). Оның рухы бар. Апейрон дүниедегі шектелген әртүрлі заттарды өзінен жаратады.

Адамның жаны ауаға ұқсайды»


Анаксимандр
(б.д.д. 610-546 жж.)

Анаксименнің космологиясындағы жан туралы түсінігі

«Ғарыштың алғашқы бастауы – ауа, «тыныс алу» (pneyma), ол бәрін қамтиды. Ауа сирей келе отты тудырады, қысыла келе - желге, бұлтқа, жерге, тасқа т.с.с. айналады.

Адамның жаны да – ауа. Ол біздің денемізді қадағалайды»


Анаксимен
(585-525 б.ғ.д.)

Гераклиттің космологиясы мен жан туралы түсінігі

Ғарыш - лаулап жанып тұрған от. Адамның жаны – от.

Су отты сөндіреді, сондықтан ең жақсы жан - құрғақ жан, ол өзін ылғалдан сақтануы керек. Шарапты ылғал десе болады. Гераклиттің сөзіне сүйенсек, маскүнем адамды бала басқарады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет