Философия Тематикалық жоспар


Тарих философиялық пайымдау пәні ретінде



бет72/89
Дата10.10.2024
өлшемі0,65 Mb.
#147583
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89

1. Тарих философиялық пайымдау пәні ретінде

  • Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті.

1. Тарих философиялық пайымдау пәні ретінде

  • Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға.

1. Тарих философиялық пайымдау пәні ретінде

  • ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур).

1. Тарих философиялық пайымдау пәні ретінде

  • Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің «Тарих философиясы» деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:
  • өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
  • материалдық молшылықтарға жету;
  • ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;
  • баюдың көзі ретінде соғысты жою;
  • “индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет