Философия в современном мире: стратегии развития



Pdf көрінісі
бет43/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80

Әдебиеттер

Диоген Лаэртский. О жизни, учениях и изречениях знаменитых 

философов. – М.: Мысль, 1979. – 620 с.

Платон. Пир. – Спб: Библиотека «Звезды», 1992. – 64 с.

Кант И. Антропология с прагматической точки зрения// Собрание 

сочинении. – М: Чоро, 1994. – Т. 6. – 613 с. 

Степин  В.С.  Мировоззренческие  универсалии  как  основание 

культуры // Универсалии восточных культур. – М.: Издательская фирма 

«Восточная литература» РАН, 2001. – 431 с. (История восточной фило-

софии). 


Абай.  Екі  томдық  шығармалар  жинағы  /  Аудармалар  мен  қара 

сөздер. – Алматы: Жазушы, 1986. – Т. 2. – 200 б. 

6 Бес ғасыр жырлайды: ХҮ ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі 

қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық. (Құрастырған. 

М.Мағауин, М.Байділдаев). – Алматы: Жазушы, 1984. – Т. І. – 256 б. 


I Казахстанский философский Конгресс 

443 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

 ТҮРКІ ОЙШЫЛДАРЫ ӨЗЕКТЕНДІРГЕН 



РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ 

НЕГІЗДЕРІ

Меруерт БИЖАНОВА

(Алматы)

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихын, оның философиялық 

ойының қалыптасуын Алтын Орда кезеңінен бөліп қарастыруға 

болмайды. Алтын Орда дәуірі тек қана қиратып-күйретумен ғана 

емес,  сонымен  қатар  қалалардың  өсуімен,  сыртқы  саяси  және 

сауда  қызметінің  жандануымен,  жазу-сызудың,  мәдениет  пен 

әдебиеттің  дамуымен  сипатталады.  Алтын  Орда  билеушілері 

Беркеханның, кейін Өзбекханның мұсылман дінін қолдауы бары-

сында XIII-XV ғасырларда ғылым, мәдениет және әдебиет дамып, 

бүкіл  әлемге  таныла  бастады.  Әсіресе,  XIV  ғасырдың  бірінші 

жартысында Алтын Орда мемлекетінің Еділ бойындағы астанасы 

Сарайшық қаласы дүние жүзіне мәшһүр мәдени орталықтардың 

біріне айналды. Сондықтан сол тарихи кезеңде рухани кеңістікте 

көрініс берген шығармашылық туындыларының философиялық 

негіздерін зерделеу қазіргі замандық еліміздегі зияткерлік әлем 

үшін де маңызды болып отыр. 

Алдымен,  Алтын  Орда  дәуіріндегі  мәдениеттің  дамуы-

на,  қоғамдық  ойдың  Дешті  Қыпшақ  пен  Мысыр  арасындағы 

түрлі салалардағы: саяси, әскери, мәдени, әдеби, ел билеушілер 

арасындағы  туыстық  қатынастар  мен  байланыстар  да  зор 

ықпал еткенін атап өту керек. Дегенмен, Алтын Орда дәуірінің 

әдеби  мұралары  онша  көп  сақталмағаны  да  тарихи  дерек. 

Сондықтан түркілік кезеңдегі мәтіндерге герменевтикалық және 

аксиологиялық түсіндірмелер жасау мәселесінде зерттеушілерге 

біршама  қиындықтар  туғызады.  Дегенмен,  атап  айтатын  жәйт: 

бұл  тарихи  кезеңде  бұрынғы  мәдени  дәстүрлер  қайта  түлеп, 

Солтүстік Кавказды қоса алғанда, Дешті Қыпшақтың, Орта Азия 

мен  Еділ  бойындағы  барлық  этникалық  топтарға  ортақ  жаңа 

мәдениет қалыптасты. Ол мәдениеттің өзіне сай философиялық 

мағынадағы ұстанымдары болды.



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

444 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Алтын  Орда  дәуірінде  (ХІІІ–ХV  ғғ.)  Қыпшақ  даласындағы 

түркі халықтарының мәдениеті мүлдем жаңа сапалық деңгейге 

көтерілді. Сол  дәуірде жазылған  туындылар арасында «Кодекс 

Куманикус»  сияқты  авторы  беймәлім  ескерткіштерді,  сондай-

ақ  Хорезмидің  «Мұхаббатнаме»,  Құтыптың  «Хұсрау-Шырын», 

Сәйф  Сарайидың  «Гүлистан  би-т-түрки»,  Дүрбектің  «Жүсіп-

Зылиха»,  Рабғузидің  «Қиссас-ул  әнбия»  атты  шығармаларын 

және т. б. көптеген туындыларды ерекше атап көрсетуге болады. 

Бұл  ғұламалардың  дүниетанымын,  философиялық  жүйелерін 

тереңдей зерттеу мәселесі әлі де күн тәртібінде тұр. Жалпы та-

рихи  сабақтастың  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  Алтын 

Орда дәуірінің өзіндік әлем туралы түсініктері болғанына күмән 

туғызуға болмайды және осы факторға жеткілікті деңгейде назар 

аудармай келесі ғасырларда дүниеге бой көрсеткен атақты түркі 

ғұламаларының  шығармашылығының  түпнегіздерін  пайымдау 

қиын.

Жалпы түркі әлеміне дүниетанымдық маңызы болған әдеби 



ескерткіштерінің  ішінен  діни-исламдық  тақырыпта  жазылған 

Рабғузидің  «Қисас-и  Рабғузи»  немесе  «Қисас-ул  анбийа»  атты 

еңбегі ерекше орын алады. Бұл шығарма философиялық мағынада 

өзінің  бағыт-бағдарына  әрі  этикалық,  әрі  экзистенциалдық 

ұстанымдарды өзіне негіз еткен туынды екенін байқаймыз. Шын 

мәнінде  түркі  дәуірінің  қиссалары  әртүрлі  сюжеттерді  көркем 

тілмен жеткізе отырып, өзінің тыңдарманымен әр уақытта сұхбат 

жасап отырғандай әсер қалдырады. Олар өздерінің мәтіндерінің 

тағылымдық  астарына  көп  мән  берген.  Бұл  мағынада  қоғам 

өзінің  этикалық  құндылықтарын  ойшылдар  шығармашылығы 

арқылы осындай тәсілдермен сақтауға, дамытуға талпынғанын 

байқаймыз. 

Араб  тілінде  Алла  сүйіктілері  болып  табылатын  пайғамбар-

лардың  өмір  тарихы,  дін-шариғат  қалыптары  баяндалған  кітап 

«Қисас-ул  әнбийа»  деп  аталатындығы  мамандарға  белгілі.  Бұл 

еңбек қазіргі қазақ тілінде «Пайғамбарлар туралы әңгімелер» де-

ген мағынаны білдіреді. Орта ғасырларда «Қисас-ул анбийаның» 

әр тілде бір-біріне ұқсай бермейтін бірнеше нұсқалары пайда бо-

лып, соған байланысты мағыналық және құрылымдық әртүрлілік 

оқуға  және  жете  түсінуге  қиындық  туғызды.  Сол  себепті  ХІ 



I Казахстанский философский Конгресс 

445 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

ғасырда  Өзбекстанның  Оңтүстік  аймағында  билік  жүргізген 

Тоқбуға бек «Қисас-ул әнбийаның» араб, парсы, және түрік тілде-

ріндегі  өзгеріске  ұшыраған  нұсқаларын  бір  жүйеге  келтіруді 

Рабғузиге  тапсырады.  Бұл  туралы  Рабғузи  өз  еңбегінің  алғы 

сөзінде Тоқуға бек: «Пайғамбар туралы хикаялар бірі араб тілінде 

бірі парсы тілінде – бізге әртүрлі тілде жетіп отыр. Бірінің басы, 

бірінің  аяғы  жоқ,  бірі  толық  болса,  бірі  толық  емес.  Солардың 

бәрін бір ізге түсіріп, өзімізге түсінікті тілге жазып берсеңіз деді. 

Мен құрметті бектің өтінішін қабыл алдым», – дейді [1, 191 б.]. 

Шығарма  Мұхаммедке  дейінгі  пайғамбарлардың  өмірі  мен 

олардың бастан кешкен оқиғаларын және Мұхаммедтің өзі мен 

мұсылман  халифтарының  өмірін  баяндауға  арналған.  Онда 

дүниенің жаралуы туралы, жер жүзін топан су басуы туралы және 

Жер  бетінде  жаңа  тіршіліктің  басталуы  туралы  мифологиялық 

әңгімелер,  түрлі  аңыздар,  ертегілер  мен  мысал  әңгімелер  бар. 

Әрине,  түркі  дүниетанымының  шынайы  философиялық  ба-

стауы тек діни мәтіндермен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі 

мифологиялық санамен байланысты екенін ескерген жөн.

Рабғузидің «Қисас-ул әнбийасы» ислам өркениетінің аясын-

да  дүниеге  келгендіктен  сол  кездегі  жазба  әдебиеттің  дәстүрлі 

шарттарын қатаң сақтап отырған. Ислам дінінің кең қанат жайған 

ортағасырлық  шығыс  мұсылман  әдебиетінде  шығарманың  ба-

сында міндетті түрде әуелі бүкіл болмысты жаратқан жаратушы-

ға мадақ айтып, одан соң пайғамбарға салауат айтылады. Үшінші 

бөлімінде  еңбектің  жазылу  себебі  және  кімге  арналғандығы 

айтылып,  сонан  соң  негізгі  бөлім  басталады.  Соңында  ақын 

жаратушыға жалбарынып, шығарманы жазу барысында біліп не-

месе білмей жасаған күнәларына кешірім сұрайды, о дүниенің 

азабынан қорқып дұға оқиды. Рабғузи шығармасының басында 

әуелі Аллаға шүкір етуден бастап, содан соң пайғамбарлардың 

атына  он  екі  жолдан  тұратын  өлең  жолдарын  арнаған.  Негізгі 

бөлімде  пайғамбарлар  өмір  тарихы  қиссамен  берілген. 

Шығарманың соңында Рабғузи өз оқырмандарына арнап ақыл-

кеңес жазған. Сөйтіп, өзінің жинақтаған данагөйлік сөздерімен 

кейінгі ұрпақтарымен бөлісуге ұмтылған.

«Хазірет  Лұқпанның  келесі  бір  хикаятында  ешқашан  өзіңді 

қоршаған ортадағы тіршілік иелеріне қиянат жасама, ол күнәнің 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

446 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

үлкендерінің  бірі  деген  ойларын  түсінеміз.  Балаларының  шым-

шықтың балапанын ұстап бер дегеніне көніп, ұяның аузын шүбе-

рекпен  жапқанын  ұмытып  кетіп,  балапандар  өліп  қалады,  бірақ 

шымшық тірі қалады. Хикаятта осы оқиға Лұқпан хакімнің өмірін-

де қайталанады. Өзі ұзақ уақыт зынданда жатып тірі қалады, бірақ 

балалары  сол  зынданда  өліп  қалады.  Осыдан  адам  кейде  өзінің 

іс-әрекетіне  жауапкершіліксіз  қараса,  ол  міндетті  түрде  оның 

ақырғы азабын татуға тиіс» – деп тұжырымдайды С.Е. Нұрмұратов 

[2, 451 б.]. Хазірет Лұқпан есімі түркілер үшін адамгершіліктің, 

даналықтың, қайырымды жанның бейнесіне айналды. Міне, этика-

лық  құндылықтар  басымдылықтарының  түркілердің  әлеуметтік 

ортасына ендеуіне, кең тарауына ықпал еткен рухани дүниелерде 

осындай қырлар болып келгенін атап өтуге болады.

Адамның  оң  қасиеттерінің  ішінде  Рабғузидің  көп  мән  бер-

ген  сипаттарының  бірі  –  сабыр  құбылысы.  Адам  баласы  түрлі 

қиындыққа  тап  болғанда,  ақылды,  ашуға  жеңдірмей  сабырлы 

болуға, өткен қателіктерге сабырмен қарауға керектігін айтады. 

Жүсіп Зылиханың жаласына ілігіп, дәрменсіз күй кешкенде: «Ей, 

Жүсіп бәлеге іліккен екенсің, сабыр ет, ізгі атың шықсын. Жақып 

пайғамбар  екі  ұлынан  айырылып,  Жүсіпке  хат  жазады:  «Біз 

пайғамбар  ұрпағымыз.  Аталарымыз  бабаларымен  бірге  бәлеге 

шырмалған едік. Атам Ысқақ пайғамбар Алла жарлығымен ба-

уыздалды: үлкен атам Ибраһим пайғамбар Намруд отына күйді. 

Менде екі ұлымның қайғысына душар болдым. Бірісін бөрі жеді 

және бірін ұрлық қылды деп алып қалыпсың. Бізде ұрлық етер 

кісі жоқ... маған рақым қыл, жарылқа, көзімнің жарығы ұлымды 

қайтар. Саған ізгі дұға етем: Бұл дүниеде ізгілік көр, ол дүниеде 

күнәден құтыл. Біздің көңілімізді ауыртпа, тілегімізді зая етпегін, 

саған  жақсы  болмас,  Егер  жібермесең,  бір  түнде  ерте  тұрып 

саған қарай тағы дұға оқып жіберемін. Сен және мемлекеттен, 

қол астындағы елден жоқ боласыңдар» дейді, Жүсіп бұл хатты 

алып мынандай жауап жазады: «Аталарың қалай сабыр етсе, сен 

һәм сондай сабыр ет» [3, 183 б.]. 

Алтын  Орда  тұсында  жазылған  әдеби  мұралардың  қазақ 

мәдениетінде алатын орны ерекше. Осылардың бәрі ислам діні 

тұрғысынан  баяндалады.  Бірақ  мұнда  халықтың  дүниетанымы 

мен  кейіпкерлерді  фольклорлық  дәріптеу  айқын  байқалады. 



I Казахстанский философский Конгресс 

447 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

«Қисас-ул әнбийа» құран сюжеттерін, уағыздары мен сүрелерін 

баяндап  беретін  танымал  прозалық  шығарма  ғана  емес,  онда 

автордың  үлкен  дарын  иесі  екенін  дәлелдейтін  философиялық 

әңгімелер мен өлеңдер көп. Ал Құран хикаялары мен аңыздарының 

сюжеттері адамдарға түсінікті, тартымды да қарапайым тілмен 

баяндалған.  Олардың  діни  ғана  емес,  танымдық  мағынасы  да 

зор, оларда өмір шындығы мен уақыт белгілері көрініс тапқан. 

Кітапта түркі халықтарының ғана емес, хикаяттарда айтылатын 

басқа халықтардың да әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер бар. 

Рабғузидің «Қисас-ул әнбиясы» қазіргі заманғы мәдениет үшін 

философиялық, этикалық маңызы зор, оның тағылымы жастар-

ды дүниетанымдық сипатта тәрбиелейтініне көзіміз жетті.

Еділ  сағасындағы  Сарай  қаласынан  шыққан  аса  көрнекті 

ақындардың бірі Құтып еді. Алғаш Құтып Сырдария бойындағы 

мәдени  орталықтардың  бірі  –  Сығанақ  қаласында  тұрған.  Ты-

ныбек  Алтын  Орда  мемлекетінің  тағына  отырғанда  ол  Сарай 

қаласына қоныс аударады. Кейінірек ол мәмлүктік Египетке ба-

рып, сонда тұрған және өмірінің біраз бөлігін өткізген.

Құтып ақынды қыпшақтар арасында « Құтбы» немесе «Құтып 

шайыр» деп атаған. Ақынның өмірі жайлы мәлімет жоққа тән. 

Құтыптың  біздің  дәуірімізге  дейін  сақталып  қалған  жалғыз 

шығармасы бар. Ол «Хұсрау – Шырын» дастаны. Бұл шығарма 

–  әзербайжан  халқының  кемеңгер  ойшылы,  ұлы  ақыны  Ілияс 

Жүсіпұлы Низамидің «Хұсрау мен Шырын» поэмасының назира 

жолымен  берілген  аудармасы.  Оны  түпнұсқадан  парсы  тілінен 

қыпшақ-оғыз тіліне аударған – Құтып. 

Құтып  ақын  түпнұсқадағы  идея  мен  сюжетті,  мазмұны  мен 

форманы, дастанның көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, 

оған  өз  дәуірінің  –  XIV  ғасырдағы  Алтын  Орда  мемлекетінде 

орын  алған  әлеуметтік  құбылыстарды  көкейкесті  мәселелерді 

қосып жырлайды. Құтып аудармасының өзіндік ерекшеліктері де 

аз емес. Низами дастанда қала өмірін, патша сарайлары мен мен 

бау-бақшаларды көбірек көрсетеді. Құтып өз тарапынан мәтінге 

шығармашылықпен  қарап  негізінен  мал  шаруашылығымен 

тіршілік  ететін  Алтын  Орданың  дала  қыпшақтарының  өмірін, 

олардың экзистенциалдық, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін де 

зор шеберлікпен ашып көрсетеді.



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

448 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Дастанда  діни-мистикалық  әдеби  шығармаларға  қарсы 

бағытталған  осы  өмірдің  нақты  шындығы  бейнеленеді.  Ақын 

адамгершілікке,  әділдікке,  ынсапты  болуға,  туған  жерді  туған 

анаңдай жақсы көруге, қара бастың қамынан гөрі халық мүддесін 

қашанда  жоғары  қоя  білуге,  өнер-білімді  игеруге,  махаббатқа 

адал болуға үндейді. Міне, осы айтылған рухани құндылықтар 

жүйесінің қазіргі таңда да маңыздылыққа ие болатыны анық.

Әр халық өзінің рационалдық мәдениетінде мақал-мәтелдерге 

үлкен мән беріп, күнделікте өмірде даналықтың белгісі ретінде 

қарастырып келген. Бір-біріне қарама-қарсы тұратын екі күштің 

байланысы  бар  екенін,  олардың  бір-бірімен  оңайшылықпен 

ымыраға келмейтінін «Жараспас барша жерде от пенен су» де-

ген мақалы арқылы жеткізеді. Осы екі қарсыластық белгілі бір 

үйлесімдікті  ұстап  тұрғандай.  Шынымен  су  көбейіп  кетсе  от 

сөнеді, от қатты жанса су буға айналады. Осы мәселеге екінші 

бір мәтел сөзден жауап тапқандаймыз:

Қазан астында от болса қайнамас па,

Егер де көп қайнаса, ас айнымас па.

Әрине, ретсіз көп қайнаған астың дәмі қайдан болсын. Сол 

сияқты  әр  нәрсенің  өзіндік  ішкі  шамасы,  мөлшері,  өлшемі  бо-

луы қажет [4, 463 б.]. Демек, сан мен сапаның арасын байланы-

стырып тұрған өзіндік үйлесімдендіруші мөлшер болатындығын 

данагөй өзектендіре түседі.

Әділ  билеуші  және  мінсіз  (ізгі)  қоғам  идеясы  халықтың 

утопиялық  (құрғақ  қиял)  хикаяларында  және  Ибн  Сина,  әл-

Фараби  мен  басқа  да  ойшылдардың  ғылыми  трактаттарында 

ежелден сөз болып келген болатын. Ол Фирдоусиде, Құл Ғалиде, 

Низамиде  көркем  көрініс  тапты.  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты 

білік» дастаны Құтып үшін тікелей дереккөзі болды, сондықтан 

да екі ақында мінсіз билеуші мен әділетті қоғам тұжырымдамасы 

үндесіп жатады. Құтып пен Баласағұнның ойларынша, халықты 

дана әрі әділ адам басқаруға тиіс, ол ең алдымен халықтың игілі-

гін ойлап, өз маңындағы адамдарға, ұлықтар мен шенеуніктерге 

қатаң  бақылау  жүргізуге  және  қиянат  жасағаны  үшін  оларды 

аяусыз жазалауға міндетті. Егер әмірші мұндай болмаса, ол ел 

қарғысына ұшырайды. 


I Казахстанский философский Конгресс 

449 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Шырын өз елінің ғана емес, сүйген жігіті Хұсраудың мемле-

кетінде де әділдіктің пен тыныштық, дәулетті, тұрмыс тіршілік 

орнатуға  барынша  күш  салады.  Құтып  осы  Шырын  бейнесі 

арқылы мемлекетті қашанда әділ, білімді, инабатты, мейірбанды 

жандар  басқаруы  керек  деген  пікір  айтады.  Бұл  кезінде  әл-

Фараби мен Платондардың «мемлекетті флософтар, ізгі жандар 

басқаруы тиіс» деген тұжырымдарымен сәйкес келеді.

Шырын патша тағына отырған кезде енді бүкіл елде әділетті-

лік орнағанын айтады:



Енді қой мен қасқыр қатар тұрып,

Бір бұлақтан су іше бастады.

Бұл тұжырымдар арқылы Құтып ел билеген әкімдер әділетті 

болса, бір-біріне қасқыр мен қойдай болып жүрген бай мен ке-

дейлер өзара келісіп кетер деген пікір айтпақ болатын [5, 38 б.].

Құтыптың  «Хұсрау-Шырын»  дастанында  сүйіспеншілік 

жайында ғана емес, сонымен қатар білім, сабырлық, дүниенің 

бір қалыпты тұрмай үнемі өзгерісте болатыны жайында, адам 

өмі-рінің  мәңгілік  болмайтыны  туралы  мәселер  қамтылады. 

Мұны данагөй ойшылдың «Бұл дүние де мыстан кемпірдей қу: 

тәттімен алдайды», «Дүние кейде бал сыйлайды, кейде ара боп 

шағады», «Өлгенде дұшпан болма шат, Өзіңде өлімнен емессің 

азат»  деген  шығармасындағы  жолдардан  байқауға  болады  [6, 

150 б.]. 

Адамның  өмірдегі  көптеген  жеңісі  өзінің  жеке  басының 

еңбегіне  тәуелді,  барлық  қабілеттерінің  шынайы  байқалуына 

байланысты. Егер кейбір сәтсіздіктер үшін адам кінәліні сыртқы 

дүниеден, басқа пенделерден іздейтін болса, онда оның рухани 

әлсіз болғанының белгісі:



Көр өз айыбыңды, өзгеден іздемеңіз,

Кісі айыбың, қатулан, көздемеңіз.

Әркім  өзінің  кемшілігін  жөндеумен  айналысса,  онда  әлеу-

меттік  дүние  жетіле  түсері  анық.  Әзірге  пенделер  қай  қоғам-

да  болса  да,  қай  ғасырда  өмір  сүрседе  өзін  жетілдіруден  гөрі 

басқалардың  қателігін  тізбектеп  беруді  артық  көреді.  Сөйтіп, 

өзімшіліктің жетегінде жүрген адамға Құтып:



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

450 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Өзіңнен көрмеңіз кем кісіні,

Мамық деп санамаңыз арыстанның тісін, – 

деп ескертеді [7, 13–14 бб.].

Ойшылдың мақал-мәтелдерде кездесетін тәрбиелік мәні бар, 

адамды  дұрыс  жолға  түсіретін,  бала  тәрбиесіне  мән  беретін 

тұжырымдарына  назар  аударалық:  «Күш  жұмсама,  қорлық 

іздеме», «Пиғылы жатпен қатар отырма», «Ізгілік тілесең – ізгі 

бол» [8, 215 б.]. Құтып жалпы білімнің пайдасын, надандықтың 

зиянын туралы айтқан ойлары керемет даналыққа толы. Әрбір 

адамның  бақыт  жолына  білім-ғылыммен  жететінін,  надандық 

ақылсыздық  пен  бостыққа  апаратындығын  көрсетеді.  Адам 

оқыған  сайын  жақсы  нәрселерді  іздейтінін  көрсетіп,  білімнің 

пайдасының айрықша мол екенін түсіндіріп, оған ұмытылғанның 

алды жарық болатынын айтады. Осындай даналыққа толы әдеби 

мұралар рухани жетілу үшін құнды екені айқын. Бұл еңбектер 

таусылмас рухани байлықтың көзі болып табылады. 

Әдебиеттер

Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (Қазақ әдебиеті бастаулары). 

– Алматы: Атамұра, 2005. – 336 б.

2  Нұрмұратов  С.Е.  Насреддин  Рабғузи  қиссаларындағы  даналық 

тағылымдар  //  Қазақ  халқының  философиялық  мұрасы.  20  томдық. 

Ортағасырдағы түркі ойшылдары. 5 том. – Астана: Аударма, 2005. – 562 б.

3  Асқарова  Г.С.  «Шыншыл  Жүсіп»  қиссасының  көркемдік 

ерекшелігі // Ұлт тағылымы, 2003. 179–184 бб.

4 Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Ортағасыр-

дағы түркі ойшылдары. 5-том. – Астана: Аударма, 2005. – 562 б.

5  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  10  томдық.  Алтын  Орда  дәуірі  мен 

қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. 3 том. – Алматы: ҚазАқпарат, 2006. 

– 536 б.

Сабыр М. Құтыптың «Хұсрау мен Шырын» поэмасы және оның 

тілі. – Алматы: Қазақ Университеті, 2003. – 166 б.

Нұрмұратов С.Е., Сатершинов Б.М. Құтып және Шәкәрiм: тари-

хи сана тамырластығы. // Шәкәрім әлемі. – 2007, № 2. – 11–15 бб.

8 Құтып // Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 280 б. 

Аударған Ә. Ибатов.


I Казахстанский философский Конгресс 

451 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ – РУХАНИ ҚАЖЕТТІЛІК

Фарида САТТАРОВА 

(Қарағанды)

Қазақ философиясының ерекшелігін ашып көрсету және оны 

категориялдық-методологиялық  деңгейде  қалыптастыру  –  XX 

және XXI ғасырлар тоғысында туған әлеуметтік, мәдени, саяси 

өзгерістермен тікелей байланысты. Бүгінгі күн талабына сәйкес 

өмірдің  бет-бейнесін  айқындайтын,  жан-жақты  қамтылған 

ұлттық философияның болашағы халқымыздың өткені, бүгінгісі 

мен ертеңін терең зерттеп, түсініп және ғалымдар тұрғысынан 

көптеген  жаңа  деңгейдегі  зерттеулер  мен  ізденістерді,  жалпы 

алғанда, шығармашылықты қажет етеді. Бүгінгі бар ізденістерді 

бір  жүйеге  келтіретін  болсақ,  қазіргі  жағдайда  мынандай 

қөзқарастардың  қалыптасып  отырғанын  айтуға  әбден  болады. 

Мысалы, М.С Орынбеков ұлттық философиялық ойдың тарихи 

дәуірлерін жасап, айқындап, оны бір жүйеге келтіру керек екенді-

гін айтса, А. Х. Қасымжанов ұлттық ойлау айшықтарын тенгризм, 

зороастризмнен,  қазақтың  төл  мәдениетінен  іздеу  керектігін 

айтқан.  Ж.  Молдабеков  атамекеннің,  атакәсіптің,  атамұраның, 

табиғат танудың қазақ философиясы үшін маңыздылығына, ал 

І.  Ергали  қазақ  дүниетанымының  негізгі  ұғымдарын,  дәстүрлі 

мәдениеттің өзіндік сипатын философиялық тұрғыда ашу қажет-

тігіне ерекше назар аударады.

Өз тұрғымнан айтатын болсам, қазақ философиясы – өмір та-

лабынан, намыстан туған, өзіндік ерекшелігімен айқындалатын 

терең тарихы болғанымен, өз арнасына әлі дұрыс түсе қоймаған 

әлеуметтік-мәдени құбылыс. «Қазақ философиясы» терминінің 

шығуының  әлеуметтік-тарихи  аcпектісі  қоғамымыздағы 

әлеуметтік-саяси  өзгерістермен  тікелей  байланысты.  Сонау 

1986  жылғы  уақиғалар  әлеуметтік-саяси-мәдени  процестердің 

басталуы,  «Оян  қазақ»  (М.  Дулатов)  идеясының  жүзеге  асуы, 

қазақ  жүрегіндегі  «намыстың»  ерекше  көрінісі  қазақ  тілінде 

философия  пәні  бойынша  оқулықтардың  жарық  көруімен  де 

айқындалады.  Тіпті  «қазақта  философия  болған  ба?»  деген 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

452 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

сұрақтар немесе болды деген күннің өзінде оны «дала филосо-

фиясы»  (көшпенділер,  номадтар)  даналығы  деп  айту  керек  де-

ген пікірлер де болды. Өзінің тілі бар, діні бар, ұлттық өзіндік 

санасы мен психологиясы бар, әдебиеті мен өнері бар, өз бол-

мысы  бар  халықта  неге  өзіндік  ерекшеліктегі  философиясы 

болмасқа?  Егер  Батысеуропалық  философия  категориялар  ар-

қылы  дүниенің  сыры  мен  қырларын  анықтап  келсе,  батыстың 

рационалдық дүниетанымы теоретикалық тұрғыда қалыптасқан 

болса,  біздің  ойымызша,  бүгінгі  қазақ  менталитеті,  дәл  ба-

тыс  сипатындағы  философияны  қалыптастыруды  көздемейді. 

Жасыратыны  жоқ,  тәуелсіздікке  қолымыз  жеткеннен  кейін 

ғана  әркім  өз  халқына  тән  ерекшеліктер  мен  өзгешеліктерді, 

мәдени-рухани  құндылықтарды  іздей  бастады.  Жаңа  жазылған 

ізденістердің  негізінде  қазақ  философиясының  бет-бейнесі 

айқындала бастады. Белгілі ғалым, философ Д. Кішібеков «Қазақ 

халқында жүйеленген философия жоқ, оның философиясы жәй 

қарапайым философия дәстүрінде», – деген тұжырым айтады [1, 

29  б].  М.  Орынбеков  «қазақ  қоғамы  үшін  философиялық  емес 

қалыптағы  даналық  тән.  Ол  адам  тіршілігін  қалыптастыратын 

дүниетанымдық  әмбебаптылық  дәрежесінде  қолданылады»,  – 

деп көрсеткен [2, 33 б].

Қазақ  философиясы  халқымыздың  даналығы,  менталитеті, 

психологиясы,  өнері,  салт-дәстүрі,  адамгершілік  принциптері, 

мақал-мәтелдеріміздің,  фольклорлық,  этикалық,  тәрбиелік-

патриоттық  сипаты  арқылы  ашылар,  қалай  дегенмен  де,  қазақ 

философиясына  методологиялық,  категориалдық  талдаудың 

қажеттілігі  әбден  бар.  Біртұтастыққа  негізделген  (синкретизм, 

бірлік т. б.) «адам мен қоғам», «табиғат пен адам», жалпы «Адам-

Әлем»-жүйелілік, субстанционалдық қатынасқа негізделген фи-

лософия қазақта болу керек, ол бар да, әлі де болады. 

Өзіндік  болмысымен  айқындалатын  қазақ  халқы  өзіндік  са-

насы, өзіндік тұрмыс-тіршілігі белгілі бір «уақыт пен кеңістік» 

әлемінде  сапа  мен  санды,  ақ  пен  қараны  айыра  білген,  қазақи 

ойлау  жолымен  көптеген  рухани  құндылықтарын  жасаған, 

елін,  жерін,  қорғай  білген,  ұрпақ  тәрбиелеген,  намысшыл  ба-

тыр тұлғалары бар халық деп анықтау керек. Осы ойдың өзінен 

қаншама  категорияларды  байқаймыз.  Ұлт,  тұлға,  адам,  қоғам, 



I Казахстанский философский Конгресс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет