Білім – біріншіден тәжірибе арқылы тексерілетін ақпарат, екіншіден, және ең бастысы, бұл адамға шындық туралы толық бейнесін береді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-Білім. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі.
Білім ортақ
Өнер мен дарын-адам бойында кездесе бермейтін ерекше қабілет.Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні.
Бірақ адам әлемнің біліміне ешқашан толықтай қанық бола алмайды.Бұған қарамастан білім үйреніп оны өзгелермен бөлісу-ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТ.
Сана түбі жоқ теңіз
Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – дейді ол.
Едвард Лоренз 1963-жылы Каос теориясының ''Көбелек әсері'' атты принципін ашқан.
Ғылым
Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.
Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөледі:Жаратылыс құбылыстарын (бологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану ғылымдары жәнеАдамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.
Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс-айланы ойлап тапты.
Ғылым Түрлері
Жаратылыстану ғылым (Биология, Химия, Физика...)
Қоғамдық ғылым (экономика, психология, әлеуметтану...)
Формалды ғылым (философия, логика, математика, теориялық компьютер ғылымы...)
Техника
Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды. Техникалық білімнің негізі ерекшелігі – оның объектісі табиғи емес, жасанды сипатта болады. Бір адам техникалық құрылымның жобасын сызады, екіншісі оны өндірудің технологиясын жасайды, үшіншісі оны өндіреді. ал төртіншісі онымен тікелей жұмыс жасайды.
Өзгеріс
Техниканың дамуы бүкіл адамзаттың өмірін өзгертті . Оның жағымды жақтарын атап көрсетсек:
1) Техниканың дамуы рациональді ойлауды, дәлдікті, еңбек құралдарын үнемді қолдануды қалыптастырды;
2) Ғылыми-теориялық білім ұсынған жаңа технологиялардың өндіріс процесінде және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылуы әлемдегі көптеген мемлекеттердің экономикасын өркендетті;
3) Техниканың өндіріс процесіне енуі адам еңбегін айтарлықтай жеңілдетті;
4) Техника мен ғылымның антропогендік сипаты адамның күнделікті тұрмысын да түбегейлі өзгертті, бұрын қолмен атқарылатын жұмыстың басым кепшілігін тұрмыстық техника атқара бастады. Бұл өзгеріс адам үшін жалпы алғанда оң өзгеріс болды.
5) Байланыс, араласу салаларында жаңа технологиялардың пайда болуы бүкіл адамзатты бір-біріне жақындатып, өзара түсіністіктің пайда болуына ықпал етті.
Жағымсыз жақтары
1.Техниканың өндіріс процесінде қолданылуы
шикізатты, табиғат байлықтарын аяусыз пайдалануды ұлғайтты;
2Адамның сұраныстары мен қажеттіліктері шектен тыс күшейді, техника, әсіресе, әскери техника саясат саласында күшті құралға айналды;
3.Жеке адамның құндылығы төмендеп, оның орнын техника жасаған құндылықтар басты;
4.Техникалық прогресс өркениет критериі ретінде қабылдана бастады, мәдени, ұлттық, діни құндылықтардың маңызы төмендеді;
5. Қорытып айтқанда, адам қолымен жасалған техника адамның өзіне қарсы тұрып, оның өміріне қауіп туғыза бастады, ол адамның ырқынан шығып, өзіндік, адам дүниесінен бөлек дүние қалыптастырды. Техника адамды өзімен санасуға мәжбүр етіп отыр.