17. Гегельдің философиясы және оның диалектикалық әдісі.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) шығармашылығы классикалық неміс философиясының шыңы болып есептеледі. Ол алғаш рет барлық табиғи, тарихи және рухани дүниенің ұдайы дамуын көрсетті. Ол объективті идеализм тұрғысынан диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын ашты және дәлелдеді.
Гегель, Кант ұсынған мән және құбылыстың арасындағы мета-физикалық бөлінумен келіспеді. Құбылыс, Гегелдің ойынша, мәннен кем объективті емес. Мән құбылыс арқылы көрінеді ал құбылыс мәнді қолдаушы. Бұл бірінсіз бірі бола алмайтын қарама-қарсылықтардың бірлігі. Сол себептен Канттың өзіндік заттың принципиалды түрде танылмайтындығы туралы дәлелдері орынсыз. Өзіндік заттар, дейді Гегель, ол тек қана алғашқы кезең, заттардың дамуының алғашқы сатысы. «Мысалы өзіндік адам — әзірге ол нәресте, өсімдік өркені — өзіндік өсімдік… Барлық заттар әуелгі кезде өзінде, бірақ онымен іс тоқтатылмайды». (Гегелъ. Энциклопедия философских наук. Ч.1.М.; 1929. С.214-215)
Гегель, Канттың субъективизмін және агностицизмін сынай отырып болмыс пен ойлаудың тепе-тендіктерінің негізінде әлемді адекватгы тану мүмкіншілігін мақұлдайды. Сонымен қатар Гегель ой мен шындықтьщ арақатынасын қарастыра отырып, идеалдылықтан (қисындылықтан) шындыққа, абсолюттік идеядан табиғатқа өту мәселесін қойды. Абсолютті ой өзі абсолюттігінен «жұлынып шығуы» тиісті, яғни «өзінен өзін-өзі шығарып басқа өрістерге кіруі керек» М.Ф., Кричевский А.В. Абсолютная идея и абсолютный дух в философии Гегеля. М., 1993. С. 118.) Табиғат тек осы өрістердің біреуі ғана болады екен және осы идеялардың ішкі дамуының кезеңдеріне сәйкес оның озге болмысы немесе оның өзге іске айналуы.
Гегельше табиғат принципті түрде о баста оның негізінде жат-қандықтан идеядан түсініледі. Сөзсіз бұл ой идеалды, бірақ нақты болмысты, әлемді, дамудың жалпыға бірдей заңдарын зерттегенде онда терең мәнді тиімділік бар. Гегелдің ойынша диалектика — да-мудың және дүниежүзілік рухтың бар болуының және ол жаратқан қоршаған әлемінің негізгі заңы.
Әлемге деген философиялық тәсілдің ерекше моделі ретіндегі диалектиканың негізінде Гегель көрсеткен диалектиканың негізгі зандары жатады: «терістеуді терістеу заңы», «санның сапаға ауысу заңы», «қарама — қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы». Бұл заңдар бір бірінен дербес болмай, бірыңғай жалпы даму барысының біртұтас компоненттері сияқты іске асады. Кез келген заттың, құбылыстардың белгілі бір сапасы және оның сол затты құрайтын жақтары бірлікте болады, бірақ сол сапаның ішіндегі сипаттары мен қарама-қайшы тенденциялардың сандық қордалануы нәтижесінде қарама-қайшылыққа келеді және заттың дамуы сол сапаны терістеп, кейбір қасиеттерді жаңа сапада сақтауы арқылы жүзеге асады.
Жалпы диалектиканың бұл заңдары әлемдегі заттарға, құбылыстарға даму объектісі тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Гегелге барлық адамзат рухани мәдениетінің әрбір кезеңін рухтың қалыптасуының үдерісі ретіндегі орасан күрделі философиялық жүйесін жасауға мүмкін болды. Бұл адамзаттың келе жатқан ерекше сатысы және жалпы дүниежүзілік мәдениетке араласа отырып әрбір адам әлемдік рухтың дамуының барлық сатыларынан өте алады. Бұл сатылардың ұшар шыңында болмыс пен ой абсолютті тепе-тендікке жетеді, одан кейін таза ойдың, яғни логика (қисын) өрісі басталады.
Гегель философиясы ойлау (сана) мен болмыстың тепе-теңдігінен басталады. Заттар және олар туралы ойлар сайма-сай, сол себептен өзінің имманенттік анықтамаларында ойлау және заттардың нағыз табиғаты тепе-тең, бір.
Болмыс пен ойлаудың тепе-тендігі Гегелдің ойынша, әлемнің субстанционалдық бірлігі болып табылады. Бірақ тепе-теңдік абстракты емес, нақтылы, яғни айырмашылықты қажет етеді, Тепе-тендік және айырмашылық — қарама-қарсылықтардың бірлігі. Ойлау және болмыс екеуі де бір заңға бағынышты. Гегель, объективті абсолютті ойлауды, тек қана алғашқы басталым және барлық бардың дамуының қозғаушы күші, деп ойлайды. Әр алуан құбылыстарда көріне отырып, ол абсолюттік идея тұрғысында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |