«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Орта ғасыр Батыс философиясының қалыптасуының алғышарттарын атаңыз



бет24/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
Байланысты:
Философия(сессия)

Орта ғасыр Батыс философиясының қалыптасуының алғышарттарын атаңыз.

Орта ғасыр философиясының қалыптасуының екі қайнар көзі болды. Біріншісі - ежелгі грек филосоиясындағы платондық және аристотелдік дәстүрлер. Екіншісі - Қасиетті жазу, бұл философияны христиандықтың арнасына айналдырған.
Орта ғасыр, діни көңіл-күйлердің өсуімен, діни құрылымдардың қалыптасуымен ерекшеленеді. Бұл уақыттары көп құдайға табынушылықтан (политеизм) бір құдайға (монотеизм) ден қоятын діндер келді: христиандық, ислам.
Еуропада христиандық өз дамуын алып, І ғ. рим империясының халықтары арасында таралды. Олардың негізгі орталықтары Рим және Константинополь болды. Христиандылық орта ғасыр еуропалықтардың дүниетануын қалыптастырды. Ол көзқарас - теоцентрлік, негізгі мәні екі принциптік жәйға сүйенеді: а) жаратушылық идеясы, ә) (откровения,) ойын ашып беру идеясы, яғни христиан философиясының таным ілімі.
Жалпы шіркеудің даму тарихымен таныспайынша орта ғасыр философиясын түсіну мүмкін емес. Өйткені бұл уақыттары философия дінге тікелей бағынышты болды. Философиялық мәселелер теоцентристік, креационистік, провиденциалистік жақтарынан қарастырылды.
Теоцентризм ( грек. theos - құдай ) - әлемді жаратушы да, себебі де Құдай деген түсінікті береді. Ол әлемнің орталығы, нағыз барлық барды жасаушы, белсенді бастама. Теоцентризм принципі таным үдірісіне де таралады және оның ең жоғарғы сатысына теология - құдай туралы “ғылым” орналасқан; одан төмен оған қызмет жасайтын - философия; одан да төмен - әртүрлі жеке және қолданбалы ғылымдар.
Креационизм (лат. Creatio - жасау, жарату) - құдай тұрақты өзгерістердегі, шіріген, өткінші тірі және жансыз табиғатты жоқтан жасады дейтін принцип.
Провиденциализм (лат. Providentia - көрегендік ) - құдайдың көрегендігі барлық дүниежүзілік оқиғаларды, тарихты және жеке адамдардың мінез-құлығын басқарады дейтін көзқарас жүйесі.
Ортағасырлық Еуропа философиясы өзінің бар ақыл-ойын христиан дінінің қатаң қағидаларын негіздеуге салып, дін ілімінің қызметшісіне айналды. Осы дәуірдегі философия ілімi “схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:
а) Балауса схоластика (IX – XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.;
ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, философиялық теология ілімі қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.;
б) Құлдырау кезеңі (XIV – XV ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың “қосақиқаттылық” тұжырымдамалары негізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б. Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық қағидаларға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты.
Орта ғасыр философиясының көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214 – 94ж) болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансценденталды болмыстың антологиясын қалыптастырған ағылшын ойшылы У.Оккам (1300 – 1349/50ж) болды. Оның пікірінше, филосилық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция (түйсік) мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымда геометриялық тәсілдің үстемдік құруына ықпал етті.
Дереккөз: «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет