3. Қайта өрлеу философиясының Антропоцентризм мен Гуманизм ұғымдарын түсіндіріңіз.
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды.
Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды.
Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.
Гуманизм- адамның кісілік қадір-қасиетін, адамның еркіндігін, адамның бақытқа құштарлығы мен талпынысын, адамның құқы мен жауапкершілігін, арын, намысын, мейірбандығы мен қайсарлығын, адамның жасампаздығын - яғни адамның барша адами қасиеттерін ұлықтайтын, даралығы мен дамуын діріптейтін идея.
Гуманизм сөзі және гуманизмдік идеялар ХV ғасырда Европаның ренессанс басталған елдерінде пайда болды. Бірақ оның түп тамыры батыс пен шығыстың ежелгі дүниетанымында тұнып тұр.
Гуманизм - мәлім әлеуметтік жағдайда жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған белсенділігі, адамның кім екіне қарамай, оның құқы, құндылығы, адамара тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастар.
Гуманизмнің ең басты ережесі - "егер дүние бейне жүзік болса, онда адам оның бетіндегі гауһар"(Омар Хайям) дегенге құрылған.
Абайдың "адамзаттың бәрін сүй бауырым деп", "адам бол" деген сөздері гуманизмнің нақты мысалы.
Қайта өрлеу дәуірі – философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды.Қайта өрлеу философиясының негізгі белгілерінің бірі: антропоцентризм және гуманизм – адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою;
Антропоцентризм - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы тұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. М.Штирнер өз ілімінде Антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара түрін көрсетті. Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П.Боранецскийдің тұжырымдамасы). Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз бар¬лық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитар¬лық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында антропоцентризм тәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады.
Достарыңызбен бөлісу: |