«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Жаңа заман философиясындағы тәжірибе ұғымының эволюциясы (Ф. Бэкон, Дж. Локк, Дж. Беркли)



бет36/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Байланысты:
Философия(сессия)

8. Жаңа заман философиясындағы тәжірибе ұғымының эволюциясы (Ф. Бэкон, Дж. Локк, Дж. Беркли).
Жаңа заман философиясы
Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механикатұрғысынан қарастыру әдетке айналды.
Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл-ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы-Френсис Бэкон (1561—1626 жж.) еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида», т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты- табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материядан қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі-қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан, т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтындықтан-нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп-табынушылық, жалған эксперимент екендерін тусінулері керек. Бэконның түсінігінше, зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір-бірімен байланыста болмайды.Дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетулеріне болады.
Джон Локк (1632-1704 жж.)-ағылшын философы, психологы, педагогі. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе». Локк таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім-тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан түрады:
1. Адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
2. Адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады;
3. Ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе – түйсік.
Психиканың қалай қалыптасатынын түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеяларға денелердің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық, т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал, екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм, т.б. қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар бар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал, екіншісі-сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар. Мысалы: «көк» ұғымы- көру түйсігі, ал «қозғалыс» ұғымы-көру және сезіну түйсіктері арқылы пайда болған. Мұндай үғымдар енжар болу себепті ой белсенділігін талап етпейді. «Бірінші» және «екінші» сапалы идеялар адамның көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдануы мүмкін. Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі. Адамның қуанышын тудыратын және күшін өсіретін істің барлығы-игілік, ал оған қарама-қарсы іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлеқет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.
Қорыта айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық метафизикалық философияның іргетасын қалап, ғылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тәсілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп, өзінен кейінгі ғұлама-ойшылдарға үлкен әсер етті.
Джордж Беркли (1684—1753 жж.)-ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат».Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материалдық денелер құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түп негіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық-біздің санамыздағы құдіреттің белгісі-«еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің», идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз-құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түрлері. Мысалы, уақыт-түйсіктердің бірінің соңынан бірі ауысып отыру дәйектілігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себептері, өзіндік «меннен» басқа «бөтен мендердің» болуы. Таным процесінде Беркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол-сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі-«еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шындықтың субъеқтивтік- кескіні емес, түйсіктердің «еске алу» жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп жүргеніміз нақтьі денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет