Болмыс және оның түрлері Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Реалды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты мән атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құндылықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа ие. Кейбір философтар идеалды болмысты ақиқат болмыс деп таниды. Болмыстың бөлінуі Тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысын қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады, қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді.
Болмыстың осылайша жалпы бөлінуін одан әрі жіктесек, оның мынадай түрлерін атауға болады: тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысы; адам бол.мысы; әлеуметтік рухани болмыс; материалдық заттар мен олардың түсінік, ұғым, теория түрінде бейнеленетін идеалдық образдары болмысы.
Қоршаған ортаны бинелеу Бірінші және екінші табиғат Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Оның санасынан тәуелсіз табиғат заттары, процестері және күйлері. Табиғат кеңістік пен уақытта шексіз, табиғат болмысы өзгермелі, объективті, реалды. Онсыз адам өмірі мүмкін емес, бірақ табиғатқа белгілі бір дәрежеде мән беретін, оны қабылдайтын - адам. Екінші табиғат – адам бірінші табиғат материалдарын өз еңбегі мен білімінің көмегімен өңдеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі, олтабиғи материал мен нақты индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі. Бірінші табиғат пен екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар, өзіндік ерекшеліктерге ие. Екінші табиғат көптүрлі, ол әлеуметтік-тарихи болмыс, адам болмысына жақындау, бірақ ол адамнан салыстырмалы түрде тәуелсіз. Заттар мен табиғи үрдістер болмысы Табиғат пен ғарыш әлемі субстанционалды. Барлығының негізі – материя. Материя атрибутивті: қозғалыс, даму, өзгеріс, мәңгілік, шексіздік, таусылмастық, объективтілік және т.б.
Заттар мен табиғи үрдістер болмысы ғарыш пен жердің, табиғилықтың күрделі жүйесі ретінде көрінеді. Бұл болмыс – бастапқы және Адам болмысының тарихи алғашқы негізі. Философиялық тұрғыда алғанда табиғи әлем объективті, заңдылықты, қажетті, Адам санасынан тәуелсіз, бүтіндей алғанда ғарыш – мәңгі, шексіз, ал жекелеген құрамдастар – шектеулі, өткінші.
Адам болмысы Адам болмысы – болмыстың екінші формасы ретінде әлемдегі тікелей біздің материалдық-тәндік-организмдік және психикалық дүниемізге қатысты. Дене ретінде Адам өзінің табиғи саласына оның құрамдас бөлігі ретінде енгізілген. Нақты дене ретінде біз өз болмысымызды үнемі гомеостаз ретінде көрінеміз, туылғаннан бастап біздің болмысымыз Ешнәрсеге – барлық тірі жанның табиғи өліміне бағытталған нәзік, тірі бүтіндік қана. Нақты денедегі өмір уникалды, қайталанбайды, тұлғалық-индивидуалды және өзінің өткінші өмірін бойындағы тұқым қуалаушылықпен сақталып келген биопсихикалық инстинктер, таңылған мақсаттармен басып тасталатындай әлеуметтік-саяси-оқшауланған социумда өткізетін болса, бұл өмір трагедиялығымен, драмалығымен де сипатталады. Өмірдің мәні жоғалту, босқа өткізген өмір, болмыстың жалғандығы – мұның бәрі нақты индивид экологиясындағы апатқа айналады. Назарларыңызға рахмет! - Орындаған:Кенжебаев Бекарыс,Салбек Ихсан .
- Группа:ЭЭк-20-10.
- Қабылдаушы:Алинов А.
Достарыңызбен бөлісу: |