«Философия» ұғымы (грекше «филео» -құштарлык, махаббат: «софия»-даналық) «даналыққа құштарлық » деген мағьна береді. «Философия» атауын тарихта алғаш қолданған
Пифагор болды.
- Ей, дана (софист)! •- дегендерге:
- Мен дана (софист) емеспін, бар болғаны даналыққа құштармын (философистпін). Нағыз даналық Құдайга ғана тән! - деп жауап берген екен Пифагор.
2.“Философия” пәнінің негізгі бөлімдері
Философия пәні деп философия қарастыратын мәселелер мен сұрақтарды айтады. Философия пәні мынадай негізгі бөлімлерден құралады:
Онтология (болмыс туралы ілім)
Гносеология (таным туралы ілім)
Антропология (адам туралы ілім)
Аксиология (құндылықтар туралы ілім)
Этика (мораль туралы ілім)
Логика (ойлау заңдары туралы ілім)
Эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім)