Философияның пайда болуы және дамуы мақсаты



бет14/42
Дата10.03.2022
өлшемі424,71 Kb.
#27421
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42

5.Философияның функциялары

Философияның қызметі (функциялары) – философияның мақсат-міндеті мен арналуы іске асатын негізгі қолданылу салалары. Философияның негізгі функциялары мынадай:

Дүниетанымдық функция. Дүние туралы тұтас түсініктің – дүние құрылымы, заңдылықтары, ондағы адам орны, қоршаған ортамен қатынас қағидалары (принциптері) туралы тұтас пікірдің қалыртасуына әсер етеді.

Метологиялық қызмет. Концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені барынша жалпылауға үйретеді.

Гнологиялық функция. Философияның функцияларынң ішіндегі маңыздыларының бірі болып табылады – қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды (тану механизмін анықтауды) көздейді.

Аксиологиялық – (грек.axios-құнды) функциясы қоршаған дүниедегі құндылықтарды заттарды түрлі құндылық тұрғыларынан (моральдық, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, т.б) бағалап келіп барлық бағалы, құнды, пайдалыны өткізіп, барлық ескі,қажетсіз, құнсызды, кедергілерді ұстап қалатын “сүзгі” рөлін атқарады. Аксиологиялық қызмет әсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде күшейе түседі. (мысалы,ортағасырлар басында Римнің құлдырауынан кейін кезеңдегі жаңа, теологиялық құндылықтарға деген ізденіс-сұраныс немесе Қайта Өрлеу, Реформация және ХІХ ғ.аяғы мен ХХ ғ.ғ басындағы капитализм дағдарысынан туындаған аксиология т.б).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет