Философияның пайда болуы және дамуы Тақырып 4: Антика философиясы



бет3/8
Дата27.02.2023
өлшемі85,29 Kb.
#70142
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Саба 4 Модуль 2 Философияны пайда болуы ж не дамуы

Таным теориясы[өңдеу]
Платон таным процесі — жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім — ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім — шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс, идеялар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім.
Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіні Платон білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығарм-қа жетелейтін құдіретті күш. Платонның көзқарасы бойынша, идеяны, эросты басшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана мүмкін. Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.
Қоғам және мемлекет туралы[өңдеу]
Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеум. топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеум. топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі — Құдай" деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с айналысады.
Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократиятимократияолигархиядемократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады.
Маңызы[өңдеу]
Платонның философиясы ежелгі грек дәуіріндегі Пифагордан басталған діни-мистикалық идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ. Платон өзіне дейінгі философтардан қажетті, бағалы деген ой-пікірлерді қабылдай білді. Ежелгі грек философиясының көрнекті өкілі ретінде адам туралы мәселеге кеңінен тоқталып, соған байланысты көптеген мәселелер көтерді. Оның философиясындағы үлкен бір жаңалық — адамды биол. табиғи, сезімдік заттар дүниесінің немесе атомдардың қосылысы деген дөрекі, тұрпайы анықтамадан бас тартуы. Ол, ең алдымен, адамды қоғамдық өмірдің сан түрлі белестеріне көз жүгірте отырып, тануға ұмтылды. Сондықтан Платонның ойынша, адам — әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады. Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.

2) Жан — адамның , жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің) бойындағы тіршілік қуаты. ДӘстүрлі түсінік бойынша, жанның заттық қасиеті жоқ делінетіндіктен, оны ғылым жолмен тану мүмкін емес деп есептелген. Бірақ қазіргі замандық зерттеулер бойынша жан адам денесінің тұтас жүйесіне және миындағы нейрондардың қозғалысына тәуелді дейтін функционализ идеясы қалыптасқан. Ол бойынша жан тіршілік жасушасының ерекше қасиеті мен қабілеті.


Жан – ақыл, ерік және сезімнен тұрады. Ойлау, сезіну, жоспарлау, ұйымдастыру, мәлім іске шоғырлану, шашырау, шабыттану, қалжырау дегендер жанның қабілеттері. Жан арқылы адам баласы танидя, өзара қарым-қатынас жасайды. Жеке тұлғалық қасиеттер жаннан бастау алады. Алаңдау, тынышу, қуану мен қайғыру жанның күйі есептеледі.
Ежелгі заманнан бері жан туралы дінимифологиялық, және философиялық түрлі түсініктер қалыптасқан.
Жанның көшуі, жанның ауысуы, жанның пайда болуы мен өзгеруі туралы мифтер көптеген халықтардың мәдениетінде сақталған. Бұл түсініктер кейінгі діндердің жан туралы түсінігіне арқау болған.
Діни дүниетанымда адамдарға жан беруші және оны алушы — Құдай. Бұл көптеген діндерге ортақ түсінік. Яғни, жан — Құдайдың нұры деп есептеледі. Ислам секілді өмірді жоққа шығаратын Ибраһимдік діндер бойынша дүние - жалған, жан тәнге тұрақтаған кезі “жалған” өмірді жасайды. Ал, тәннен бөлініп “ұшып” шыққан соң, яғни адам өлген соң жан “мәңгілік” шын өмірге барады. Бұл түрдегі пессисистік идея қазіргі адамзаттың өмірге махаббатына сай келмейді.
Философия адамзат ақыл-ойының қорытылуы және ғылыми зерттеулердің жүйелі жиынтығы ретінде жан туралы көптеген дана ойлар қалдырды. Ежелгі Грек ойшылдары ПифагорГераклитСократПлатонАристотельПлотин секілділердің жан туралы ойлары философия тарихында аса маңызды орында тұрады. Аристотель "жан тәннің формасы" деп есептеген. Ал, тағы бір грек философы Плотин "жан тәннің формасы емес, ол — ақыл иесі" дейді. Оның айтуынша "ақыл тәнде емес, жанда". Орта ғасыр парсы философы ибн Сина өсімдіктер жаны, хайуанаттар жаны және адамдар жаны деп жіктеген. ибн Сина дүниетанымында ақылсыз жан деген — түйсік, яғни хайуандар жаны, ал ақылды жан иесі — адам. Мұндай жағдайда өсімдік жанның хайуан жанына, одан адам жанына өтуі, немесе керісінше болуы мүмкін емес.
Жанның бір денеден екінші денеге ауысуы ежелгі үндінің жеті Даршанында, және будда дінінде айтылады, ол реинкарнация деп аталады.
Жан мифологияда, көркем өнерде түрлі образдарға негіз болған.[1] Жанға қатысты философия тарихындағы негізгі проблемалар мынандай:

  • Жанның растығы. Плотин жан субстанция деген. Жанның растығын Платон, Аристотель, ибн Сина, т.б. мойындаған;

  • жан жаратылған және жаратылмаған деген түсінік. Дін бойынша және кейбір идеалистік философия бойынша жан жаратылмаған, ол өлмейді. Мысалы Платон солай айтқан. Бірақ қазіргі замандық түсінік бойынша жан адам миының қызметі ретінде адам миына тән және сонымен бірге қалыптасады және жойылады;

  • Жанның даралығы. Әр адамның жаны өз алдына дара деген түсінік қалыптасқан. Әрбір тәннің жеке жаны бар. Жан жеке дара болғандықтан, ол қайталанбайды.

Қорқыт Ата жан жұмбағының сырын білуге ынтық болып, соның ілімін жасаған. Тән мен жан бір-бірінен ажырағанда тәннің сезілетін, сезетін қасиеттері жойылып, өзге күйге өтеді, бірақ жан өлмейді, өзінің тұрағына кетеді.
Абай жан мен ақылды бірге қарастырған. Абай тәнді “менікі”, ақыл мен жанды “мен” — дейді. Ол ақыл мен жан тәннен бөлінген соң өзінше бөлек өмір сүретінін айтқан. Тәнге енген жан құпияға айналып, “жан жұмбағы” пайда болады. “жан жұмбағы” тәнге де қатысты. Жанның тәнге қатынасы туралы зерттеген Шәкерім Құдайбердіұлы жан ақылмен бірігіп, нәпсіге қызмет атқару үшін қулық-сұмдыққа, зұлымдыққа барады деген. Сондықтан жан күнәсіз таза емес, ол күнә арқалап кетпек. жан тәннен арылған соң, тазарып рухтанбақ. Тірі адамның жаны егер ол адам ізгі ниетті, ыстық жүректі болса ғана таза. Жанның ұялайтын жері — жүрек. Жүректің тоқтауымен кеудеден жан шықпақ. “Жаны бай” — деп халқымыз мейірімі мол, ізгі адамды айтқан.
Адамның жер бетіндегі саналы ғұмыры жан мен тәннің бірлігінде. Жансыз тән жоқ. Тәнсіз жан жоқ. Бұл екеуі бір-бірінсіз нақты өмір сүре алмайды. Тәнсіз жан дәлелденбеді. Түрлі сенімдер оны жақтағанымен, нақты аргумент келтіруден бәрі қашқалақтайды. Дегенмен, халық түсінік бойынша тәнсіз жанның бір көрінісін “аруақ” дейді. Аруақ тәннен бөлінген жан иесі. Ол идеалды түсінік, санадағы шындық, заттық табиғаты жоқ.
Ғылыми Атеизм бойынша жан мен тән біріге алады, бірақ жанның өлместігі бос фантазия. Қазіргі адам жаны туралы ғылыми зерттеушілер шығарған қорытынды бойынша адамның өлімімен бірге оның жеке тарихы таусылып, тәні топыраққа айналып, жойылып кетеді, ал жаны өшеді, бейне жанып таусылған шырақ секілді. Адам мәңгілік қараңғы ұйқыға батады.
Жанның тәннен айрылғаннан кейінгі тұрағы адам баласына құпия. Ол туралы діни мифтік сарындағы топшылаулар болмаса, нақтылы ғылыми дәлелдер жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет