Философия және дүниетаным Философия пәнінің ерекшелігінен философиялық білімдердің негізгі белгілері туындайды. Ол адамзаттың рухани тәжірибесі үшін мақызды үш қабатта көрініс табады. Бұлар – Ақиқат (ғылым мен идеология); Ізгілік (мораль мен дін) және Әдемілік (әр түрлі түрдегі, формадағы өнер). Философия осы үш қабаттың өзара қабысу шегінде тұрады. Ол оларға сүйенеді, солар арқылы өз бойына адамзаттың рухани мәдениетінің барлық қасиеттерін сіңіреді.
Дүниетаным дегеніміз – адамды, тарихты, әлемді байланыста, біртұтастықта, біріне-бірін кірістіріп, жинастырып қарастыратын көзқарас.Кез-келген пән қажетті ақпаратты бере отырып, әлемнің салыстырмалы әмбебап үлгісін көрсетеді. Философия ойлаудың болмысқа қатынасының түпкі тамырын, негіздерін зерттейтін болғандықтан, ол қоршаған ортада нақты, ішкі жағынан біртұтас, жалпы көзқарасты қалыптастырады.
Философия – жүйеленген дүниетаным. Тарихта әлеуметтік өмірді, дәстүрлі көзқарастарды, басты нанымдарды күрделі, түпкілікті өзгерістерге ұшыратып отыратын ірі идеялық қозғалыстар, кең көлемдегі діни-мистикалық жаңарту ағымдары көп болған.
2. Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялы, антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары Философия дегеніміз – табиғат, қоғам және адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым қоғамдық сананың бір түрі, көзқарастық теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім. Философия пәнін осылай түсінумен бірге, ХХ ғасырда әртүрлі философиялық ілімнің негізгі мәселесінің әртүрлі болуына байланысты, бұл сұрақтың шешу жолдары анықталды.
Философияның негізгі бөлімдері (тараулары): 1. Онтология (ontos – тіршілік, logos-ілім) – болмыс туралы ілім.
2. Гносеология (гр. Gnosis – таным ж/е logos – ілім) – таным туралы ілім. Эпистемология (гр. episteme – бiлiм, logos – ілім, сөз) туралы ілім.
3. Әлеуметтік философия – қоғам туралы ілім.