Заң дегеніміз – заттар мен құбылыстардың, олардың қасиет-терінің қайталана беретін тұрақты байланысы, ал философия – дүниенің ең түпкі заңдарын ашуды міндет тұтса, ең түпкі қасиеттерді анықтап, солардың тұрақты байланысын табуға тырысуы керек.
Адам болмысының ерекшелігі – руханилығында, яғни, ол көрінген ісін алдымен басында, санасында идеалдық түрде, ойша істеп кейін реалдыққа көшіреді. Бірақ, ол руханилыққа ерекше биологиялық жан ретінде және руханилықтың көзі – қоғамдық өмір арқылы ғана келе алады.
5-шы лекция: Философиядағы сана мәселесі Жоспар:
1. Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар. Сананың құрылымы.
2. Шығыс және Батыс философиясындағы сана мәселесі.
3. Сана және бейсаналық. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концеп-циялары (З.Фрейд, К.-Г.Юнг).
4. Сана және ұлттық сана-сезім. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім.
6-шы лекция: Фәлсафа тарихындағы рух және тіл
Жоспар:
1. Антикалық философиядағы рух пен парасаттың космологизмі.
2. Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы. Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім рух мәселесі.
3. Ойлау және тіл. XX ғ. философиясындағы «лингвистикалық бұрылыс»: сана философиясы тіл философиясы ретінде.
4. Тіл және ұлт. Латын графикасына көшудің қазақ ұлты мен қазақ тілінің дамуындағы рөлі.
1. Жан, ақыл, парасат, рух Ақыл – адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол – пайым және парасат.
Пайым – ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.
Парасат – ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.
И.Канттың пікірінше, ақыл аффектідеи жоғары, парыз нәпсі ментөменгі тілектерден жоғары тұрды. Өзінің ғылыми-философиялық қызметін ең жоғарғы міндеті деп түсінген Кант басқа нәрсенің бәрін осы міндетке бағындырды.
Оның философиясының негізгі мәселесі – табиғат, дүние, қоғам емес, субъектінің танымдық қызметі адамның ақыл-ойының мүмкіндік-терінің шекарасын анықтау.Яғни, онтологияның орнын гносеология, субъектінің танымдық қабілеттерін сыни сараптау алмастырды.