Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет1/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67

1-ші лекция: Ойлау мәдениеті
Жоспар:
1. Ойлау мәдениетінің пайда болу тарихы. Көркемдік рефлексия. Философия – даналыққа құштарлық.
2. Философияның сұхбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.

2-ші лекция: Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары


Жоспар:
1. Философияның зерттеу объектісі, пәні мен қарастыратын мәселелері.
2. Философиялық білімнің ерекшелігі және негізгі құрамдас бөлімдері.


1. Ойлау мәдениеті
Адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанмен, жеке адамның ойлау әрекеті даралық ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен-бірі ойының кеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, оның логикалық жүйелілігі, сыншылдығы т.б. сапаларымен ажыратылады.
Ойының кеңдігі бар адам еркін ойлайды, мәселені ескі әдетпен, үйреншікті жолмен шешпейді. Ой-парасаты кең адам мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Ой-өрісінің кеңдігіне қарама-қарсы қасиет ойдың тарлығы. Мұндай адам мәселені шешуге шорқақ, ойға шабан, ол баста ойына келген бір әдісті шырқ айналдырады да жүреді.
Ойдың ұшқырлығы. Кейбір адамдар мәселенің барлық жақтарын көре біледі, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсенді келеді. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады, осындай қасиетті ойдың ұшқырлығы дейді.
Жеке адамның білім көлемі, өмір тәжірибесі, оның айналасындагылар, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері т.б. осы секілді ақыл-ойдың дара ерекшеліктерінің қалыптасуына себеп болатын факторлардың бір тобы.
Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарға тоқталғанда адамның ақыл-ойы қандай болуы керек екендігі және қандай адамды ақылды деп айтуға болатындығы жөнінде мына пікірді ескермеске болмайды: «Ақылды адам – дегеніміз қателеспейтін адам емес. Ондай адамдар жоқ, болуы да мүмкін емес. Ақылды адам дегеніміз пәлендей мәнді емес қателер жіберіп, ол қателерді оңай, тез түзете білетін адам».
Ойлау мәдениеті. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Мәселен, бір жасар бала әжесінің саусағындағы жараға жағылған иод ерітіндісіне көз салады. Он бес айлық бір бала өзі сүйрей алмаған жәшіктің ішіндегі нәрселерді көріп, біртіндеп оларды азайта бастайды, сонан соң оны жылжытатын болады.
Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады. Мектепке түскенге дейін бала ойлауы дамудың ұзақ жолынан өтеді. Ойлау бұл кезеңде нақтылы – бейнелі болып, әрекетпен әлде де тығыз байланысып жатады. Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші рөл атқарады. (Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы қалайша дамып отыратындығы психология пәнінде терең айтылады). Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс.
Жалпы, адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі ойлау мәдениеті болып табылады. Шын мәнінде, ойлау мәдениеті өмір объективті логикасын және өз өмір психикалық және өзге де нысандарда тұрғысынан тиісті көрініс үшін адам әлеуетін дамыту белгілі бір деңгейі ретінде қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет