Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет50/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Адам мәдениет субъектісі. Адамның басты қасиеті оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады. Адамды адам еткен еңбек дейтін болсақ, сол еңбек нәтижесінде адамның санасы, тілі пайда болды. Олай болса, еңбек, сана, тіл – бәрі де қоғамдық құбылыс, олар қалыптасқан, даму тарихы бар.
Мәдениет философиясы мәдениет формаларын, олардың мағынасын философиялық талдайды, мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейді. Мәдениетті бағалаудың, түсінудің, зерттеудің әртүрлілігі сияқты мәдениет әлемі де алуан түрлі.
Освальд Шпенглер (1880-1936) өзінің «Европаның дағдарысы» еңбегінде адамзат ұғымын өткір сынға алып, «әлемдік тарих» идеясына қарсы шықты. Шпенглердің пікірінше, мәдениеттер ішкі герметикалығымен ерекшеленіп, бір-бірін өзара бөтенсінеді.
А.Дж.Тойнби (1899-1975) – ағылшын философы және тарихшы. Ол оқшау өркениеттер концепциясын адамзат тарихының тұтастығы идеясымен келістіруге тырысады.
Эстетикалық мәдениет өзінің көпқабаттылығымен сипатталатын күрделі құрылым болып табылады. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады.
Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара әрекет барысында бейнелік ойлаудың құрылымын айқындайтын тұлға – ұлт – адамзат сияқты әлеуметтік бастаулар қиылысады. Өнер өзінің аудиториясына тұлғалық формаға көркемдік идеяларды еге отырып, оқырмандарды, көрермендерді, тыңдармандарды тартады.
Ақындар, суретшілер, музыканттар, философтар табиғаттан үйлесімділік іздейді. Және үйлесімділіктегі, ырғақтағы, мақсаттылықтағы, заңдылықтың көрінісіндегі эстетикалық құндылықты теріске шығаруға болмайды. Мәселе, оның нені білдіретіндігінде.
Үйлесімділік – бұл аулантүрліліктің тұтастығы, өзінше құндылық емес, тек адамға қатынасында ғана құндылық. Табиғаттың өзінде үйлесімділік те, ырғақ та, тепе-теңділік те заңды өмір сүреді. Алайда мұның барлығының құндылығы, яғни адам үшін маңыздылығы – бұл адамзат мәдениетінің құбылысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет