Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет47/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67
Байланысты:
Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³ ìåí ?ä³ñ³, íåã³çã³ á?ë³ìäåð³, ?ûçìåò³ æ?íå íåã

Қоғам мүмкіндіктер жүйесі. Даму барысында потенциалды мүмкіндіктердің барлығы қалыптаспайды, барлық жағдайларды болжау мүмкін емес екендігі жалпы заңдылық болып табылады.
Рухният – адам бойындағы тек өзіне ғана тән басты байлық. Қоғам тарихының рухани жағы, әрқашан философияның ерекше көңілін талап еткен. Рухани өмірді зерттеуде зор үлес қосқандарға: Сократ пен Платон, Гегель мен Фейербах, Достоевский мен Кант, Абай және т.б ойшылдар жатады.
Рух – адам жанының әрекетінің көрініс табуы. «Рух – Н.Бердяевтің ойлауынша – бұл шындық, сұлулық, жақсылық, мән, бостандық».
Адамдардың әлеуметтік және индивидуалды болмысының әртүрлі қырларын зерттейтін бүкіл «жеке философиялар» тарихи тұрғыда қазіргі кезде «әлеуметтік философия» деп аталады. Пайда болуы, қалыптасуы және дамуы жағынан әлеуметтік философиядан алда тұрған философиялық білімнің аймағы – тарих философиясы.
Ақпараттық қоғам. Ақпараттық қоғам дамуының үш кезеңі бар:
1) ақпаратты өндіру мен тарату бойынша негізгі экономикалық салалардың қалыптасуы;
2) өнеркәсіптің өзге салалары мен өкімен үшін ақпараттық қызмет номенклатурасының кеңеюі;
3) тұтынушылық деңгейде ақпарат құралдарының кең торабының қалыптасуы.


2. Мәдениет, оның табиғаты мен мәні
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік. Бұл өркениет ұғымы.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналары әр кезде әр түрлі тұжырымдалған:
1) Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И.Гердер, Э.Б.Тайлор).
2) Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антикоды (Ж.Ж.Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер).
3) Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф.Вольтер, Д.Белл)
4) Өркениет тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи мәдени саты (А.Морган).
5) Өркениет этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я.Данилевский т.б.).
6) Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар. Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық, қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. Мәдени игіліктерді толассыз жасаудың нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Батыс адамы Дүниемен, табиғатпен, өзі сияқты басқалармен күресуде. Шығыс адамындағы күрес пафосы – керісінше, ол өзімен-өзі, өзіндегі толымсызбен күреседі. (А.Хамидов. Шығыс және Батыс дүниелік қатынас және дүниетаным // Шаһар 1993ж. №1). Егер, тарихи-мәдени қозғалыстың динамикасын алып қарастырсақ, онда тарихи тұрғыдан мынадай сатыларды бөліп көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет