Философияның пәні мен әдісі, негізгі бөлімдері, қызметі және негізгі бағыттары



бет55/67
Дата05.04.2023
өлшемі166,35 Kb.
#79509
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
2. Марксистік философия тарихы
Марксистік философия – бүкіл философия тарихында ерекше кезең болып есептеледі. Ол XIX ғ. Батыс Еуропа елдерінде капитализмнің келуімен сипатталады. Капитализммен бірге тарихта пролетариат та пайда болды. Сонымен қатар, жаратылыстану ғылымында үш үлкен жаңалық ашылды: Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, клетка теориясы және энергияның сақталу және өзгеру заңы.
Маркстiк философиямен, жалпы алғанда, жан-жақты философиялық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси iлiм ретiндегi марксизммен ТМД елдерiнiң халықтарының ХХ ғ. өмiрi мен тағдыры өте тығыз байланысты. Дүниежүзiлiк тарихта алғашқы рет Кеңес Одағында марксизмнiң негiзiнде коммунистiк қоғам орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтiк батыл да қайғылы эксперимент 70 жылдан артық уақытқа созылды. Сол «жаңа қоғамды» орнату жолында миллиондаған адамдар осы әлеуметтiк эксперименттiң құрбаны болды.
Маркстiк философияның негiзiн қалаған екi немiс ойшылдары К.Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельс (1820-1895) болды. Егер, К.Маркстiң әкесi – сол кездегi iрi заңгерлердiң бiрi болса, Ф.Энгельс өзiнiң жеке меншiктегi фабрикасы бар iскердiң жан-ұясында дүниеге келедi. Сондықтан, олардың екеуi де өз заманындағы үлкен жоғарғы оқу орындарда оқып, бiлiм алады. Студенттiк жас кездерiнде олар «жас гегельшiлердiң» қатарында болғанымен, сол кездегi әлеуметтiк-саяси ақуал оларды буржуазиялық либерализмнен гөрi революциалық демократизм жолына қарай итермелейдi.

27, 28-ші лекция:


Дін философиясы
Жоспар:
1. Дін философиясының пәні мен мәртебесі. Діннің анықтамасы.
2. Діннің пайда болу тұжырымдамалары: эволюционизм (Э.Тейлор), діннің тұжырымдамасы (З.Фрейд), структурализм (К.Леви-Стросс), Фейербах, Ф.Шлейермахердің дін философиясы, С.Кьеркегордың діни философиясы.
3. Ұлттық діндердің философиялық және дүниетанымдық негіздері (индуизм, даосизм, синтоизм, конфуций діні).


1. Дін және философиялық білім
Дін әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады. Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тіл. Ethnos – халық, logos – ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет