Философский и общественно гуманитарный журнал



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,16 Mb.
#6090
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Литература
1 The Future of the Global Muslim Population. Pew Research Center http://www.
pewforum.org/2011/01/27/the-future-of-the-global-muslim-population/ January 27, 2011.
Нигметжанов К., Бектенова М. Диалог религий в эпоху постсекулярности

86     Адам әлемі | 3 (69) 2016
2 Н.А. Назарбаев – основоположник казахстанской модели межэтнического и 
межконфессионального согласия. / Сост.: А.Н. Нысанбаев, А.Г. Косиченко. – Ал-
маты: 2010. – С. 3-5.
Эко У. Священные войны: страсть и рассудок. Сказать почти то же самое 
// Русский журнал. – 2001. (Публикация от 31 октября 2001 г.) // www.gumer.info.
Хакимов Р. Где наша Мекка? – Казань, 2003. – 102 с.
Кузьмина Т.А. Секулярное сознание и судьбы культуры. // Реформаторские 
идеи в социальном развитии России. – Москва,1998. – С. 18-66.
Булгаков С.Н. Два града: исследования о природе общественных идеалов. – 
СПб., 1997. – 592 с.
7  Ласло  Э.  Век  бифуркации.  Постижение  изменяющегося  мира  //  Путь.  – 
1995. – № 7. – С. 3-129.
8  Онфре  М.  Статья  к  «Трактату  атеологии.  Физика  метафизики»  //  Курьер 
Юнеско. – 2007. – № 9. – С. 28.
Түйін
Нигметжанов К.Г., Бектенова М.К. Постсекулярлық дәуірдегі діндер диа-
логы
Мақалада  діндер  диалогының  постсекулярлы  қоғамда  адамзаттың  қазіргі 
әлемдегі  бірігуі  мен  табысты  тіршілік  етуі  негізі  ретіндегі  феноменологиялық 
мәні айқындалады. Діни дәстүрлердің диалогтық әрекеттілігінің қазіргі замандағы 
діндер  диалогының  ең  релевантты  моделі  ретіндегі  қазақстандық  тәжірибесін 
ұсына  отырып,  авторлар,  дегенмен,  бұл  мәселенің  қайшылықты  алаңын  да 
көрсетуге тырысты.  
Түйін  сөздер:  ислам,  діндер  диалогы,  постсекулярлық,  Қазақстан, 
толеранттылық, келісім, дәстүр.
Summary
Nigmetzhanov K.G., Bektenova M.K. Dialogue of Religions in the Era of Post-
Secular
The article reveals the phenomenological significance of the dialogue of religions 
in the post-secular society as the basis of integration and fruitful human existence in the 
modern world. Featuring the Kazakhstani experience of dialogical existence of religious 
traditions as one of the most relevant models of dialogue of religions of modernity, the 
authors, however, indicate the problem field of this question.
Keywords: Islam, a Dialogue of Religions, Post-Secular, Kazakhstan, Tolerance, 
Harmony, Tradition.
Философия и религия

3 (69) 2016 | Адам әлемі     87
ф
илософия
 
тарихы

Қайта
 
жаңарту
 
парадигмасы
 ● 
и
стория
 
философии

парадигмы
 
реконструкций
МРНТИ 02.15.61
ӘӨЖ 177.1
Серік Нұрмұратов
1
1
ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: 
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Аннотация. Ғылыми мақалада қазақ халқы ділінің құндылықтық-мәндік бас-
тауы  талданған,  этностың  рухани  эволюциясы  аясында  тарихи  ойшылдардың 
философиялық  көзқарастары  көрсетілген.  Оның  үстіне,  дәстүрлі  мәдениет  пен 
қазіргі заман жағдайындағы қазақ қоғамының рухани әлемінің басымдылықтары 
анықталған.  Мәдени-философиялық  талдау  негізінде  қазақстандық  қоғамның 
мәдени  өмірінің  өзгерулері  аясында  белгілі  қазақ  ойшылдарының  құндылықтар 
жүйесінің этикалық-онтологиялық негізі айқындалады. Жұмыста қазақ дәстүрлі 
қоғамының дүниетанымдық мазмұны ашып көрсетілдеді. Тарихи-философиялық 
аяда дәстүрлі қазақтың әлемді қабылдауындағы дәстүршілдік құбылысының орны 
мен рөлі анықталады. 
Түйін сөздер: білім, ғылым, дәстүр, дін, жаңашылдық, құндылық, мәдениет, 
шығармашылық, тарих, философия, этика.
Мәдениет  пен  руханият  саласындағы  маңызды  құбылыстардың 
қатарына  құндылықтар  мәселесі  жатады.  Құндылықтардың  табиғатын 
зерттей отырып оның тарихи субъектіге қатысты мәндік сипатын анықтау 
арқылы қоғамның даму бағытын, оның болашағын бағамдауға болады. Кез 
келген қоғам өзінің тарихи болмысында, тарихи даму эволюциясында ерек-
ше  құндылықтар  жүйесін  қалыптастырады  және  оны  барынша  дамытып 
отырады. Мағыналық мазмұны бойынша гуманистік емес, яғни әлеуметтегі 
үйлесімділікті бұзатын агрессиялық мағынадағы құндылықтарға басымдық 
берген қоғам түбінде өзінің саяси-әлеуметтік дүниесін, мәдениеті мен эко-
номикасын белгілі бір қайшылықтарға, қиындықтарға алып барады, өзінің 
болашағына балта шабады, деградацияға жол береді. 
Құндылықтық үйлесімсіздіктен жалпы қоғамның ішкі дамуында теже-
лулер басталып, әр түрлі салада дағдарыстар белең алатыны анық. Сөйтіп, 
қауымдастықтың өркениеттілік жолына түсуіне мүмкіндіктер шектеледі. Де-
мек, құндылықтар – әлеуметтік кеңістіктегі кейбір объектінің, құбылыстың, 
үдерістің  көрінісі  ретінде  адам,  топ  және  қоғам  үшін  стратегиялық 
маңыздылығы  бар  әлем.  Құндылықтар  өзінің  шынайы  мағынасында 
адамдардың  түбегейлі  мүддесіне  сәйкес  келіп,  оның  рухани  кемелденуі 

88     Адам әлемі | 3 (69) 2016
үшін идеал, эталон, іргетас, бағдар қызметін атқарады. Сондықтан іргелі 
құндылықтар  өздерінің  қоғамдық-саяси,  рухани-адамгершілік  жағымды 
қызметін ұлттың дамуында атқарады.
Әр  қилы  халықтардың  мәдениеттерінің,  рухани  игерулердің  көптүр-
лілігі базалық негіздегі жалпыадамзаттық, метатарихтық, әмбебап рухани-
адамгершілік құндылықтарды (адамдардың өмір сүруге құқылығы, еңбек 
етуге,  білім  алуға,  теңдікке,  тіл  мен  діни  сенімге  еркіндігі,  меншікке 
құқылығы,  махаббатқа,  үлкендерді  сыйлауға,  балаларға  қамқор  болуға 
Отансүйгіштікке,  кәсіпкерлікке,  жеке  қауіпсіздікке,  адалдыққа  және  т. 
б.  жағымды  әрекеттерге)  жоққа  шығара  алмайды.  Осыған  орай  зерделе-
уге  таңдалған  ғылыми  зерттеу  тақырыбының  өзектілігі  осы  мәселенің 
түптамырын  халықтың  болмысымен  байланыстыра  отырып  анықтауда 
және  қоғамның  мүшесі  болып  табылатын  әрбір  адамның  өмір  жолымен 
байланыстылығын тұжырымдаумен астасып жатады. 
Адам еркіндігінің жоғарғы көрінісі – құндылықтарды, қадам жасаудың 
бағыттарын  таңдау  құқығы  болып  табылады.  Табиғат  әлемінің  тіршілік 
иелерінен  адамзаттың  түбегейлі  айырмасы  да  осыдан  көрініс  береді.  Де-
мек, адам үшін қоғам деген үлкен мүмкіндіктер айдынында өз тағдырын өзі 
шешуі керек және күнделікті өмірге келетін ықтималдылықтардың арасы-
нан өзіне жолды еркін таңдау жасау арқылы өзінің әлеуетін паш етуі тиіс. 
Адамзат тарихында, әсіре қазіргі заманда демократиялық жүйеге жүгініп, 
оны қалыптастыруға және дамытуға ұмтылудың түпкі мәні осы құқықты 
барынша кеңінен пайдалануға әрекеттену болып келеді. 
Немістің  ұлы  философы  И.Канттың  моральдық  императивтерінің 
бірінде  –  адамды  әлеуметтік  қатынастарда  әрқашанда  мақсат-мұрат  ету 
жөнінде  кесімді  философиялық  ой  айтылады.  Әрине,  адамға  ешқашанда 
құрал  ретінде  қарамау  керек.  Әлеуметтік  тіршіліктің  ең  кемелденген  си-
паты  түрінде  көрініс  беретін  адам  құбылысы  өзінің  рухани  мәнін  тек 
рухани-адамгершілік  құндылықтарды  дәріптеген,  жүзеге  асырған  сәтте 
ғана  таныта  алады.  Сондықтан  халықтың  келбетін  ең  бірінші  кезекте 
көрсететін құбылысты рухани-адамгершілік құндылықтар деп атауға бола-
ды. Олар девальвацияға ұшыраса, дағдарысқа түскен болса, онда қоғамда 
міндетті түрде жасанды, жалған құндылықтар басымдық таныта бастайды. 
Сондықтан  тарихи  санада  қалыптасқан,  қоғамның  дамуы  үшін  маңызды 
рөл атқарған рухани құндылықтарды сараптаудан өткізіп отыру және олар-
ды насихаттау өзінің өзектілігін үнемі сақтап отырады.
Қоғам бір орында тұрмайды, үнемі өзгерісте болады және ол өзінің даму 
кезеңдерінде әртүрлі әлеуметтік-саяси, экономикалық қиыншылықтарды 
басынан  өткізеді.  Дегенмен,  сол  дағдарыстардан  шығудың  бірден-бір 
жолы  алдымен  руханият  әлемін  ретке  келтіру  болып  табылады,  яғни 
азаматтардың рухани құндылықтарға бет бұруы. Сондықтан құндылықтар 
Философия тарихы: қайта жаңарту парадигмасы

3 (69) 2016 | Адам әлемі     89
әлемі қоғам мен ғылым үшін үнемі өзекті және маңызды мәселелер сана-
тында деуге болады.
Қазақтардың тарихи болмысында ертеректен құндылықтар жүйесінің 
әртүрлі сипаты қалыптасқан және олардың көбісінің идеялық, ділдік баста-
улары  түркілік  замандағы  түсініктермен,  ұғымдармен  тікелей  байланыс-
ты.  Халықтың  этникалық  өзіндік  санасында  рухани  эволюцияның,  руха-
ни сабақтастықтың болуы да заңды құбылыс. Сондықтан олардың рухани 
болмыста  орын  алу  себептерін  анықтаған  орынды.  Ал  енді  қазақтардың 
этникалық өзіндік санасында «құт» ұғымы, рухани құндылық ретінде ерек-
ше орын алғаны белгілі.
Негізінен «құт» болмыстық тұрғыдан алғанда – «түркі-қазақ халқының 
дәстүрлі дүниетанымында береке орнады, байлықтың басы болды дегенді 
білдіретін киелі ұғым. Көне түркі заманында Құт сөзі: 1) жан, өмірлік қуат, 
рух;  2)  бақыт,  жақсылық;  3)  сәттілік,  табыс,  сыбаға;  4)  ұлылық,  дәреже; 
5)  ақиқатқа  жету,  нұрлану,  шаттықа  кенелу  деген  түрлі  мағыналарда 
қолданылған.  Қ.  ұғымы,  а)  өсіп-өну  құбылыстары  мен  заңдарына  ұқсас; 
ә) тылсым рухтарға тәуелді негізде; б) көк Тәңірден келетін сыбаға деген 
наным-сенім  ыңғайында  қалыптасқанды»  білдіреді  деген  сипаттамалар-
мен, тұжырымдармен келісуге болады [1]. 
Әрине, қазақ қоғамы ежелден этикалық заңдарды, әдептілік дәстүрлерді 
барынша  бағалаған.  Сонымен  қатар  табиғатқа  деген  қатынастың  биік 
экологиялық мәдениет деңгейінде болғанын құт құбылысын адам мен жан-
жануарлардың табиғи өсіп-өнуі тұрғысынан, байлық-молшылық сипатын-
да түсіндірілуімен астастыруға болады. Кейін түркі-қазақ даласына тарай 
бастаған мұсылман діні аясында құт ұғымы «Алладан келетін киелі нұр, 
қуат  көзі,  күллі  берекенің  бастауы»  деген  түсініктермен  байытылды.  Бұл 
жерде екі түйіскен әлемде дүниетанымдық қайшылықтың болмағанын, ор-
нына  құт  туралы  тереңдетілген  пайымдаулардың  халық  дүниетанымына 
ендегенін байқаймыз. 
«Құт» ұғымы дәстүрлі қоғамда киелілік, әулиелілік деген ұғымдармен 
тығыз  байланыстырылып,  олардың  арасында  рухани  өзара  сабақтастық 
сипаты  көрініс  береді.  Діни  мағынадағы  сопылық  дүниетанымның  қазақ 
даласына  кең  тарауының  бір  себебі  де  осында.  Түркілік  ойшыл  Жүсіп 
Баласағұнидің «Құтты білігінің» мазмұны негізінен құт ілімін дәріптеген 
және  ол  адамаралық  қатынастардағы  әлеуметтік  қайшылықтарды  сурет-
тей отырып ақыл-ойды өрбітумен тығыз байланыста көптеген әлеуметтік 
дүниенің  шешімін  іздестірген,  оқырманымен,  тыңдаушысымен  үнемі 
сұхбаттаса отырып құнды идеяларын ұсынған.
Құт қонған жерде барлық дүниенің үйлесімділігі орнайтынына, адам 
бақытты болатынына халық менталитеті толық сенім білдіреді және соны 
әлеуметтік практикада жүзеге асыруға тырысады. «Аспан мен жердің орта-
Нұрмұратов С. Қазақ халқының рухани құндылықтары: тарих және қазіргі заман

90     Адам әлемі | 3 (69) 2016
сынан игілікті әлемді іздеген түркілер» үнемі «Жерұйықтың» бар екеніне 
барынша  иланып  отырған.  Бірақ  осы  құндылықтар  әлемін  өз  қолымен 
жасауға болатынын өздерінің жырларында әр қилы өрнектейді. Сондықтан 
Ақиқатты іздеудің сан қырлы жолы бар екеніне күмән келтірмейміз. Бірақ 
адамға  қатысты  рухани  жетілудің  нағыз  соқпағы  рухани  құндылықтарды 
бағалаудан басталатыны анық.
Қазақтар түркі халықтарының арасындағы ірі этнос ретінде Орталық 
Азия өңіріндегі көшпенді басқа халықтар сияқты сөз қадірін, сөз құдіретін 
білген,  ақылдысы  мен  данасын  пір  тұтқан  халықтардың  қатарына  жата-
ды.  Қазақ  менталитетіндегі  сөзге  деген  үлкен  құрмет  Еуропалықтардың 
сөйлеу  арқылы  (дауыс-үн  культі)  өзін  таныту  мен  қорғау  ұстанымынан 
айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі, құбылыстық арақашықтығы біршама 
деуге  болады.  Себебі,  қазақ  тілін,  яғни  «сөзді  (тілді)  қарым-қатынас 
құралынан гөрі, өнер алды» (Абай) деп түсінген. Міне, сондықтан да болар, 
осы халықтың даналығы, ізгілікке толы этнофилософиясы – поэтикалық, 
фольклорлық тұрғыда тұжырымдалып, көбірек көркем образдар кейпінде 
көрініс берген. Тек оны терең түсіне білген жан ғана данагөй сөзді електен 
өткізіп,  арасынан  болашаққа  бастайтын,  жүрекке  сенім  ұялататын  інжу-
маржанын құндылық ретінде теріп алып, шығармашылықпен айыра білмек. 
Халықтың тіл мәдениеті өзінің сан қырлы көріністері арқылы үнемі да-
мып, кемелденіп отырды, қазақ даласында басқа көрші мемлекеттердегідей 
қалалық мәдениет кең етек алмағанмен рухани мәдениеттің ерекше сала-
сы – ауыз әдебиеті халықты біртұтастандырушы, рухани құндылықтарды 
қордалаушы негізгі тетікке айналғанын атап өту керек. Қазақ ойшылдары 
осы  рухани  байлықтан  толықтай  сусындаған,  оны  сыни  талдаулар  жасау 
арқылы игерген тарихи тұлғалар. 
Қазақ халқының руханиятында үлкеннен бата алу, Атамекенді қадірлеу, 
Қыдыр  Атаның  шапағатына  бөлену,  отбасының,  мал-жанның  өсіп-өнуі 
негіз болатын рухани бастау деп түсінген. Аналарға деген құрмет те барын-
ша биікте болғанын атап өткен жөн. Аруақты сыйлау әдет-ғұрпы ертеректе 
пайда болғаны белгілі және осы ұлттық дәстүр қазіргі заманның этникалық 
мәдениетінде жоғалып кеткен жоқ. Тіршіліктегі барлық жақсылық өзінен 
өзі қалыптаспайды және олар бірнеше жолдармен өткен тарихпен, дүниеден 
өткен аруақтардың рухтарымен байланысып жататынына, дүниенің өткені 
мен  қазіргісі  және  болашағының  арасында  көрінбес  көпір  бар  екендігіне 
қазақтың этникалық санасы толық сенеді. 
Қазақ өзінің этникалық әріптесіне «қой көзді», «қой мінезді» деген си-
паттамасын  берсе,  онда  ол  оның  жақсы  қасиеттерін  атағанын  білдіргені, 
ал бұл сөздерді орыс тіліне тікелей аударып қолданатын болсақ (бараньи 
глаз,  бараний  характер)  тіптен  өзгеше  ерекшеліктерге  ие  болып,  кейбір 
түсінбестіктерді туындатуы мүмкін. Қазақ өз баласын «ботам», «құлыным» 
Философия тарихы: қайта жаңарту парадигмасы

3 (69) 2016 | Адам әлемі     91
десе,  еуропалық  ділге  де,  тілге  де  бұл  онша  қолайлы  келе  бермейді,  ол 
мұндай атауларды жатсынады. Сондықтан Еуразиялық кеңістіктегі халықтар 
арасындағы  сұхбатта  дәстүрлі  қалыптасқан  рухани  мәдениеттеріміздегі 
айырмашылықтарымыз  мен  төлтумалық  ерекшеліктеріміз  айқын  көрініп 
қалатын  кездеріміз  де  кездесіп  отырады.  Жалпы  көптүрліліктің  түйісетін 
жері руханилылық болып келеді.
Қазақ халқының ойшылдары ертеден, сонау түркі заманынан өз елінің 
тағдырына  алаңдап,  жастарды  білімге,  жалпыадамзаттық  және  рухани 
құндылықтарға,  өркениеттік  дамуға  және  қоғамның  өткір  мәселелерінің 
шешімін  іздеуге  шақырды.  Адам  бойындағы  шығармашылық  көздерді 
ашудың  жолдарын  анықтауды  қазақ  халқы  үнемі  өзара  түсіністіктен, 
сұхбаттан іздеді. Әрине, сұхбатпен мәселе толық шешімін таба қоймайды. 
Іс  нәтижелі  болуы  үшін  руханиятты  түлете  түсетін,  адамды  рухани 
жетілдіретін өзара сенімге арқа сүйеген жасампаз іс әрекеттер керек. Тіпті, 
аударма  түріндегі  тараған  мәдени  құндылықтар  кез  келген  мәдениеттің 
шынайы  құндылықтарын,  түпнұсқаның  барлық  бояуын  солғындататыны 
жөнінде мамандар ой қозғауда [2].
Қазақтың өмір салты, этникалық дара келбеті ғасырлар бойы дәстүрлі 
құндылықтар негізінде калыптасқаны белгілі. Әрине, оның дүниетанымдық, 
этногенезистік,  тарихи  эволюциялық,  онтологиялық  және  әлеуметтік-
психологиялық  қырларын  құндылықтар  жүйесі  иерархиясында  байқауға 
болады.  Адамзат  пен  жеке  адамның  тұлғалық  рухани  жетілуі  жолында 
ғылым  мен  білімді  бәрінен  жоғары  қою,  одан  кейін  дін  мен  мәдениеттің 
маңызды орындарын анықтау қазақ ойшылдарының шығармашылығында 
көркем сөздермен нақты анықтап берілген. 
Шын мәнінде кез келген халықтың өкілі үшін, тіпті кісі қай ғасырда өмір 
сүрсін, қандай қызметтер атқарсын тарихи субъектінің рухани болмысының 
кемелденуіне  негіз  болатын  осы  құбылыстар  қоғамда  өзара  байланысып, 
біріккенде,  өзара  ықпалдасқанда,  жақындасқанда  тұлға  деңгейінде  про-
гресс үшін тиімді нәтижесін беретіні анық.
Ұлтттық рух кез келген халықтың өзіндік «Менін» танытатын құбылыс. 
Жалпыадамзаттық  құндылықтар  жеке  халықтың,  немесе  жеке  адамның 
деңгейінде нақты бейнесін танытуы үшін белгілі бір рухани платформада 
өзін әлеуметтендіреді, әлеуетін паш етеді. Осы тұрғыдан алғанда кез келген 
халықтың өзіндік қайталанбас келбеті бар. Олар ұлттық мінез, діл, психо-
логия, дүниетанымдық әмбебаптар, құндылықтар жүйесі арқылы көрінеді. 
Сонымен  қатар  ұлттық  рухтың  байқалуы  ұлт  өкілдерінің  ғасырлар  бойы 
қордалаған ауызша, жазбаша көркем шығармаларынан, халық даналығынан, 
сабақтастығын үзбеген рухани мұраларынан көрінеді.
Әрбір  ұлт  өзінің  этникалық  эволюциясында  өзіне  тән  ұлттық  рухты 
қалыптастырып,  оны  дүниетанымынан,  дүниеге  көзқарастары  мен  мінез-
Нұрмұратов С. Қазақ халқының рухани құндылықтары: тарих және қазіргі заман

92     Адам әлемі | 3 (69) 2016
құлқынан, мұрат-мақсатынан аңғартып отырады. Ұлт болып қалыптасудың 
түптамыры  оның  детерминанттарына,  ішкі  және  сыртқы  факторларына 
байланысты  болса,  ал  тарихи  субъектінің  табиғи,  тарихи,  рухани  бітім-
болмысы,  ұлттық  санасы,  ділі,  мінезі,  мәдениеті  негізгі  құндылықтар 
жүйесімен айшықталып отырады. 
Қазақ ойшылдарының көбісінің (Абай, Шәкәрім) құндылықтар жүйесі 
иерархиясында  адамзат  үшін,  жеке  адамның  тұлғалық  рухани  жетілуі 
үшін  маңызды  құбылыс  ретінде  ғылым  мен  білімді  бәрінен  жоғары  қоя 
көрініс  береді,  одан  кейін  дін  мен  мәдениеттің  маңызды  орындарын  өз 
шығармашылығында көркем сөздермен нақты анықталған. Әрбір халықтың 
өкілі үшін, тіпті кісі қай ғасырда өмір сүрсін, қандай қызметтер атқарсын 
тарихи субъектінің рухани болмысының кемелденуіне негіз болатын осы 
құбылыстар қоғамда өзара байланысып, біріккенде, өзара ықпалдасқанда 
тұлға деңгейінде тиімді нәтижесін беретіні анық.
Қазақ  ойшылдары  ақиқатты  тануда  үлкен  рөл  атқаратын  білім  деп 
санайды.  Адамның  өміріндегі  білімнің  рөлі  өте  жоғары,  адамды  адам-
мен  теңестіретін  білім,  ақыл  мен  таным  өмірді  толық  мәнді  ететін  адам 
бойындағы жоғарғы қасиет. Ақыл құнды құбылыс ретінде адами дүниенің 
кез-келген құпиясын түсінуге әзір. Бірақ сол ақылды адам шыңдап отыр-
маса,  ақпараттар  ағыны  заманында  тоқырап,  кешеуілдеп,  мардымсызда-
нып қалуы мүмкін. Абай өз заманында болашақтағы білімнің құрылымы 
күрделене түсетінін аңғарған. Абай үшін ең бірінші қажеттілік – білім. Абай 
қазақ халқына білім және ғылымды ерекше құндылық ретінде ұсынды. Ол 
өзінің  «Қара  сөздерінде»  заңды  түрде  ағартушылық,  білім,  ғылым,  өнер 
мәселесін көбірек қозғайды [3].
Қазіргі  замандағы  үздіксіз  білім  беру,  дуалды  білім  беру  сияқты 
тұжырымдаманың  өзі  өмір  қажеттілігінен,  проблемалардың  зәрулігінен 
туындаған іспетті. Қазіргі заманның тұрғысынан Абай сөздеріне бағалаулар 
жасасақ, онда ақын өсиетінің тарихи маңыздылығын өзектендіре түсеміз 
және ғылыми білімнің күн өткен сайын күнделікті тіршілікке бойлап келе 
жатқанына  күмән  келтірмейміз.  Ұлттық  рухымызды  бекіте  түсуіміз  үшін 
білімнің  қабылданған  әрбір  сәтіне  халқымымыздың  рухани  мұрасымен 
астастыра отырғанымыз абазал. 
Қазақ жастары қазіргі тарихи кезеңде білім мен ғылым іздеп шетелдер-
де  беделді  университеттерде  оқуда,  өз  еліміздегі  оқу  орындарының  саны 
жағынан  алғанда  әлемдік  рейтингте  алдыңғы  қатарлардамыз,  жан  басы-
на  шаққанда  оқу  орындары  жеткілікті.  Мәселе,  енді  сапаны  да  барынша 
көтеруде  болып  тұр.  Қазақ  ойшылдарының  өсиеттерінің  қазіргі  замана-
уи тіршілікте біршама пәрменді жүзеге аса бастағанының да куәсі болып 
отырмыз. Дегенмен, «өнерді үйрен де жирен» дейді халқымыз. Демек, жаңа 
өнерді үйренудің шегі жоқ, рухани кемелденудің де ақыры болмайды.
Философия тарихы: қайта жаңарту парадигмасы

3 (69) 2016 | Адам әлемі     93
Заманауи  өркениетті  қоғамның  білімсіз  күні  қараңғы  екені  анық. 
Білімнің деңгейі қоғамның экономикалық дамуы мен келешегін анықтайды. 
Алайда, оны тек экономикалық немесе әлеуметтік тұрғыдан қарастырып, 
адамның  кемелденуі,  оның  мүмкіндіктері  арқылы  қарастыруды  назар-
дан  тыс  қалдырып  жатамыз.  Сондықтан  білімнің  адамды  әлеуметтік 
құндылықтарға  беттейтін  мәдени-гуманистік  функциясын  маңыздануда. 
Көптеген дамыған мемлекетер үшін білім өзінің құндылықтарын жойып, 
материалды игіліктерге қол жеткізу жолы ретінде қарастырылады
Қазіргі  заманауи  тұтынушы  қоғамның  адамы,  өкінішке  орай, 
руханилықтан  гөрі  материалдық  құндылықтардың  басымдылығын 
күйттеуге  бейім.  Осы  жағдай  қарапайым  көпшілікті  барлық  жерде 
қанағаттандыратындай әсер қалдырады. «Болмыс сананы анықтайды» деген 
формуладан шыға алмау да белгілі бір шектеулердің көрінісі. Бұл үдерістің 
негізгі  себебі  –  азаматтардың  таңдаған  дүниетанымдық  бағдарларының 
құрылымында  болып  отыр,  яғни  көптеген  замандастарымыздың  күрделі 
тұлғалық  рухани  жетілу  жолына  түспей,  оның  орнына  жаппай  табиғи 
инстинктердің  қисынына  қарай  ауысып,  тұтынушы  қоғамның  әсіре 
құндылықтарының жетегіне кетуге бейімділігін танытып отырғанында бо-
лып отыр. 
Қазіргі кезеңде бір күн жаңа дүниені оқымаған, жаңа мәлімет, ақпарат 
алмаған  маман  өз  саласының  алдыңғы  қатарлы  шебері,  білгірі  болуы-
нан  қала  бастайтын  заман  туындап  отыр.  Дегенмен  базалық  сипаттағы 
құндылықтар салыстырмалы түрде тұрақты дүниелердің қатарына жатады. 
Сондықтан құндылықтардың қайта бағалануы заманында қоғамды барын-
ша прогрессивтік бағытта қозғалуға итермелейтін рухани байлық – руха-
ни құндылықтар жүйесін құрылымдау, игеру маңызды мәселе болып қала 
береді. Қоғамның гуманистік келбеті құндылықтар әлемінде. 
Әдебиеттер 
1 Құт // Философиялық энциклопедиялық сөздік. Алматы: ҚР БҒМ ҒК Фило-
софия, саясаттану және дінтану институты, 2013. – 527 б. 
Лисевич Л.С. Литературная мысль Китая. – М.: Просвещение, 1979. – 72 с. 
Абай. Қара сөз. Поэмалар. – Алматы: Ел, 1993. – 356 б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет