Философтар Еңбектері, негізгі ойлары, өмір жолы



бет1/2
Дата15.11.2023
өлшемі36,38 Kb.
#123365
  1   2
Байланысты:
Философия бөж2


Философтар





Еңбектері, негізгі ойлары, өмір жолы





Ұсынылған терминдер

1-Сократ (көне грекше: Σωκράτης, лат. Соцратес, б.з.д. 470 - б.з.д. 399)[1], — Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы.[1] Ол өз шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотельмен (б.з.д.384 – б.з.д.320) бірге ежелгі гректің ең әйгілі "Үш данасы" деп қастерленген. Ол артына кітап жазып қалтырмаған, идеялары мен ғұмырбаянын шәкірттері (Әсіресе Платон) жазып қалтырған.



Кейінгі философтар Сократтық мысқыл және Сократтық әдіснама ұғымдарын тұрақты термин ретінде қолданады. Сократтық диалектика әдісі күні бүгінге дейін түрлі пікірталастарда жиі қолданылатыны белгілі. Оның мағынасы: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да батыс филсофиясына үлгі боларлық үлестер қосты.



күлкілі сөздер,

Сократтық талқылау немесе сұхбат әдісі

«Сократлық ирония».



2-Платон

Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан «жалпақ», «кең» деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.

Платон диалогтары үлгісі негізгі орында тұрады. Платон диалогтары философияны, этиканы, риториканы, дін және математиканы қамтыған ғылым-білім үйретудің және тәрбие берудің күрделі жүйесін құрайды. Әдетте, Платонға қатысты "Платонша махаббат", "идея туралы теория", "тума білім", "Платон коммунизмі" қатарлы ұғымдар көбірек айтылады. Оның басты теориясы дерексіз объект - нақты өмір сүретін нәрселердің артында тұратын біртұтас идеяның өзгеше шындығы туралы болып, ол әдетте платонизм деген атаумен сипатталады

3-Аристотель

Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз[1], Халқида, Еубея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие

Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады

4-Эпикур

Эпикур (Ἐπίκουρος, б.з.д.341- б.з.д.270) — ежелгі грек философы, Афина қаласында эпикуреизм философиясының негізін қалаушы ("Эпикур бағы" деп те аталады). Эпикур Аристипптің (Арістіппұс) Гедонизм (рахатқұмарлық) идеясын жетілдіріп, оны Демокриттің атом теориясымен бірлестірді. Оның философиясының негізгі ұстанымы ешбір шектеу мен мазалауға ұшырамайтын жан тыныштығы күйіне жету болып табылады.

Негізгі пікірі

Ізгілік дегеніміз шаттық. Қозғалыстағы шаттық және тыныштықтағы шаттық (κατὰ κίνησιν ἡδοναί, καταστηματικαὶ ἡδοναί)[1]



5-Зенон

Зенон, элейлік (б.з.б. 490 – 430 ж.ш., Оңт. Италия, Элея қ.) – ежелгі грек философы. Зенон дүниенің біртұтастығы туралы Парменид (б.з.б. 540 ж.ш.) ілімін дамытып, сезімдік болмысты түсініп болмайды деп дәлелдейді. Аристотель Зеноны диалектиканың негізін салушы деп атаған, себебі ол қайшылықтарды ашумен көп шұғылданып, қарама-қарсы пікірлер мен қайшылықтар туралы айтыс көмегімен немесе оларды талдап түсіндіру арқылы ақиқатқа жете аламыз деп ойлаған

Ол ғылым тарихында өзінің әйгілі парадокстерімен (апорилері) белгілі. Зенонның парадокстерінің негізгі мәні мынада: үздіктілік, алуан түрлілік, қозғалыс сезім мүшелері қабылдайтын әлемнің көрінісі ғана, бұл көрініс айқын ақиқат емес, дүниенің шын мәнін тек ойлау арқылы түсініп білу. Зенон өзінің диалектикасында “дұрыс ой қайшылықсыз болуға тиіс” деген қағидаға сүйенеді

7-Акуинолық Томас



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет