2.6 Бақылау аппараттары. Бақылау және шегендеу құбырларын жұмысқа дайындау технологиясы.
Таңдалған бұрғылау әдісі ұңғыма оқпанын түзудің технологиясы мен бұрғылау ерітінділерінің қажетті түрлерін қолдана отырып келесілерді қамтамасвз ету қажет: өнімді қабатты сапалы ашу; ұңғыма оқпанын және оның конфигурациясын сапалы түзу, қашаудың максималь өту жылдамдығын қамтамасыз ету; жер қыртысының абразивтік және механикалық қасиеттеріне байланысты қашау түрлерін пайдалануды қамтамасыз ету керек.
Осы факторларды және кәсіптік мәліметтерді ескере отырып ұңғыманың барлық тереңдігінде роторлық әдісті пайдаланамыз, себебі роторлық әдісті қолданған тиімді.
Тербегіш-станокты скважиналар штанг үзіліп кеткенде оны автоматты түрде реттеу жєне автоматты түрде іске ќосу ќұралдарымен жабдыќталған. Барлыќ автоматтар скважинаны басќару блогінде ќұрастырылған. Батпалы электр сорабы бар скважиналар ќозғауыш-кабель айыру кедергісін жергілікті баќылайтын аспаппен жєне автоматты түрде өздігінен іске ќосу ќұралымен жабдыќталған.
Өндірісті механизацияландырған сайын ауыр ќол еңбегі азаяды Өндірістегі жұмысшы саны азаяды, еңбек өнімділігі артады. Адам организмінің шектеулі мүмкіндіктері (шаршау, ќоршаған ортаны өзгерісініе реакциясының төмендігі) өндірісті одан єрі дамуға кедергі келтіреді. Өндірісті автоматтандыру мен адам еңбегі азаяып, ал технологиялыќ прцестерді басќару автоматтандырылған ќондырғыларға, машиналарға тапсырылады. Автоматтандыру өндіріс тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін шығарылатын өнімнің санын, сапасын арттырады, өзіндік ќұнын төмендетеді, еңбек өнімділігін арттырады. Автоматты ќондырғыларды айыру өнімнің жоғары сапалылығы; сапасыз өнімнің жєне ќалдыќтың азаюын; шикізат жєне энергия шығынының азаюын, жабдыќтардың жұмыс істеу мерзімінің ұлғаюын ќамтамасыз етеді.
Бұрғылау ерітінділерін тазалау үшін арналған құрылғы
Реферат:
Пайдаланылуы: Тау-кен өнеркәсібі, атап айтқанда мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде бұрғылау ерітінділерін шламнан тазалауда, бұрғылау шламын сусыздандырылу дәрежесін жоғарылату және бұрғылау ерітіндісінің жоғалымын төмендетуге қолданылады. Өнертабыстың мәні: құрылғы бастапқы суспензия камерасы және фильтрат камерасына торлы аралық бөлгіштермен бөлінген корпустан тұрады, корпус бұрғылау ерітіндісі үшін арналған кірістік және шығу түтікшелерімен және бұрғылау шламын шығаруға арналған түтікшелермен жабдықталған. Бастапқы суспензияға арналған камера ішіне корпуспен қатаң байланысқан итергіш құрал орнатылған. Төменгі конусты поршень дірілі кезінде итергіш құрал отырған шламды тығыздап және оның ылғалдылығын төмендетеді. Шламды сыртқа шығару үшін арналған түтікшеге соңғы жағында түсіру құрылғысына ие құбырша жалғасқан. Барлық тұтас жүйе негізінен амортизаторларда орнатылған рамаға бекітілген. Қозғалыстағы ерітінді ағымына әрекет ететін конус камерасын қарсы бетінен жауып тұратын поршеннің дірілі бұрғылау ерітіндісінен шламның бөлінуіне әрекет етеді, ал итергіш құрылғының төменгі поршень конусты бөлігіне қатысты шламның шөгу бөлігіне тербелісі – шламның тиімді және тығыздала отырып аластатылуын қамтамасыз етеді.
Суреттемесі:
Өнертабыс тау кен өнеркәсібіне жатқызылады және мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауда, топырақта сүзгіленуге қарсы тығындалуды құруда, кейбір тазалау құрылғыларының жұмысында қолданылуы мүмкін.
Құрылғы бастапқы суспензия камерасы және фильтрат камерасына торлы аралық бөлгіштермен бөлінген корпустан тұрады, корпус бұрғылау ерітіндісі үшін арналған кірістік және шығу түтікшелерімен және бұрғылау шламын шығаруға арналған түтікшелермен жабдықталған, сонымен қатар фильтрат камерасында тербелісті қозғалыс жасайтын перфорацияланған поршеннен, қатты фазаны шығару үшін арналған серіппе асты сақиналы клапанмен жабдықталған түтікшеден тұрады. [1] .
Аталған құрылғының елеулі кемшілігі болып бастапқы суспензия камерасынан шығарудан алдын қатты фазаны тығыздауға арналған қосымша құрылғының жоқтығы, соның салдарынан қатты фазамен бірге суспензияның (бұрғылау ерітіндісінің) жоғалуы елеулі мөлшерде болады.
Техникалық маңыздылығы және қол жеткізетін нәтижелері бойынша өнертабысқа ең жақын құрылғы болып өзара және виброқоздырушымен қатаң байланысқан қарсы бетінен поршенмен жабылған бастапқы суспензия және фильтрат камераларына суспензияны аралық бөлгішпен суспензиялау және классификациялау құрылғысы есептеледі. Корпус бастапқы суспензия үшін арналған кірістік түтікшемен, тазаланған фильтратты шығару үшін арналған шығару түтігінен және қатты фазаны шығару үшін арналған түтікшелермен жабдықталған. Осы аталған сепараторларды қолдану кезінде бұрғылау ерітінділерін тазалау орталық өрісте бүкіл көлемде акустикалық тербелістердің болуы есебінен жүргізіледі. [2] .
Алдыңғыдағы сияқты осы сепаратордың кемшілігіне тығыздалып жиналу аумағынан аластатудан алдын жасанды тығыздаудың жоқтығынжатқызуға болады.
Өнертабыс мақсаты – бұрғылау ерітіндісінің жоғалымын төмендету.
Алға қойған мақсатқа аралық торлы бөлгіш арқылы бастапқы суспензия камерасына және шығыс түтікшесі бар фильтрат камерасына бөлінген және төменгі жағынан шламды түсіру үшін арналған қиық конус пішінді тесікті жапқан поршенге ие, поршенмен қатаң байланысқан, жұмысшы қалпақшалы итергішпен жабдықталған амортизаторларда орнатылған корпустан тұрады, мұнда бастапқы суспензия камерасына жұмысшы қалпақша коксиалды бекітілген және корпуспен тығыз байланысқан, итергіштің жұмысшы қалпақшасы шламды түсіру үшін арналған тесік ауызына орнатылады.
Түсіру құрылғысы негізінен серіппе асты клапан түрінде орындалған, және оське жазықтықта бұрыш бойынша қозғалатын мүмкіндікке ие етіп бекітілген, және де жабылатын құбыр арқылы өтіп, клапанның айналу өсіне перпендикуляр қимыл жасайды.
Бастапқы суспензия камерасының коксиалды орналасқан итергішпен жабдықталуы, корпуспен тығыз байланысуы, өз жұмысшы басымен шлам үшін арналған шығару түтігіне қарай бағытталуы, конусойдалы поршен тербелісі кезінде конусойдалы бекітілуі және оның итергішке қатысты қозғалуы итергіш астында шламның жиналуына әрекет етіп, оның тығыздалуын қамтамасыз етіп және түтікше арқылы ығыстырылып шығуына әрекет етеді.
Бұрғылау шламын аластату үшін арналған шығару түтігіне шарнирлы түрде құбыр қосылған, ол шығыс түтігінің соңғы жағында қарама қарсы бетінен түсіру түтігімен төменгі поршеннің тербелісі құбырдың тұтастығына әсер етпеуі үшін және аластатылатын шламның консистенциясын реттеу үшін жабдықталған.
Түсіру құрылғысының өзімен қосылған құбырдың осьі арқылы өтетін жазықтықта бұрыштық қозғалу мүмкіндігіне ие етіп бекітілген серіппе асты клапаны түрінде орындалуы және клапанның айналу осіне перпендикуляр қозғала алуы аластатылатын шламның тығыздалу дәрежесін серіппенің сығылу дәрежесіне байланысты реттей алуы, және мұнда клапан бұрылу бұрышы мен аластатылатын шламның мөлшерінің реттелуі мүмкін болу үшін жасалған.
Олай болса, өнертабыс көлемі белгілерінің аталған жиынтығы алға қойған мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Төмендегі сызбада біз ұсынып отырған құрылғының суреті келтірілген. Құрылғы корпустан 1, торлы аралық бөлгішпен 2 бөлінген бастапқы суспензия камерасынан 3 және фильтрат камерасынан 4 тұрады. Камераның қабырғасына 3 түтікше 5 ойылып жасалған, және ол бұрғылау ерітіндісін беру үшін арналады. Камераның 3 қатаң поршень 6 орнатылған, және ол қиық конус формасына ие, конус қиын төбесінде шығару құбыры 7 бекітілген. Фильтрат камерасында 4 шығарып түсіру түтігі 8 және қатаң поршень 9 орнатылған, бұлар поршенмен 6 тіреуішпен 10 қосылған. Поршеньдер 6 және 9 корпусқа 1 иілімді элементтермен 11 байланысып және виброқоздырушымен қосылған 12. Корпус үстелдің 14 жоғарғы рамасына 13 бекітіледі. Камерада 3 остес түрде құбырдың 7 шығару тесігімен бекітіледі және итергішпен 15 байланысады. Құбыр 7 шарнирге 16 ие және клапаннан 17 басталатын түсіру құрылғысымен аяқталады және мұнда запорлы құрылғы – серіппелі механизм 18 орнатылады.
Құрылғы келесі түрде жұмыс істейді. Камераға 3 түтікше 5 арқылы құрамында шлам немесе ластаушы заттары бар бұрғылау ерітіндісі беріледі. Тербеліп тұратын поршеньдер 6 және 9 көмегімен шламы бар бұрғылау ерітіндісіне ілгерілемелі- қайталанбалы қозғалыс беріледі, және ол вертикальды жазықтықта жүзеге асырылады. Бұрғылау ерітіндісінің үздікті қайталанбалы қозғалысы бұрғылау ерітіндісінен қатты шламдарды интенсивті түзілуін немесе бөлінуін тудырады, тазартылған ерітінді аралық торлы бөлгіш арқылы камераға 4 беріліп және түтікше 8 арқылы ағызылады. Тұнбаға түсетін қатты шламдар түсіру үшін жасалған түтікшеге қарай ығыстырылады және итергіштің 15 шығу құбырының 7 бірлескен ілгерілемелі – қайталанбалы қозғалыспен әрекет етуінің арқасында тығыздалады. Құбырдың 7 соңғы жағы шарнирдың 16 көмегімен қажетті бағытта материалды түсіру үшін ыңғайланып орнатылады. Құбырдың 7 толығуынан кейін қсымның көмегімен клапан 17 ашылып және түсірілетін материал корпустан шығарылады. Клапан 17 құрылғының жұмыс істеуі кезінде запорлы құрылғының елеусіз күшпен әсер етуінен пульсациялаушы қысымның көмегімен ашық күйінде қалады. Құрылғының жұмысы тоқтаған кезде түсірілетін материалдың қысымы құлайды және клапан қай»та жабылады, яғни камерадағы 3 және тасымалдаушы магистральдағы бұрғылау ерітіндісіне ағып кетуге жол бермейді. Авторлық куәлік Ресей N 1346194, кл. B 01 D 29/38, 1987.
Пайдалы қазбаларды байытудағы акустикалық технология. С.Ямщиковпен басылып шығарылған. М. : Недра, 1987, с. 153.
Сурет 10 Бұрғылау ерітінділерін тазалау үшін арналған құрылғы.
1-Корпус; 2- торлы аралық бөлгіш; 3-суспензия камерасы; 4- фильтрат камерасы; 5- түтікше; 6- қатаң поршень; 7- шығару құбыры; 8- шығарып түсіру түтігі; 9- поршень; 10-тіреуіш; 11- иілімді элементтер; 12-виброқоздырушы; 13- жоғарғы рама; 14- Корпус үстелдің; 15-итергіш; 16-шарнир; 17- клапан; 18- серіппелі механизм.
Формула :
Бұрғылау ерітінділерін тазалау үшін арналған құрылғы бастапқы суспензия камерасы және фильтрат камерасына торлы аралық бөлгіштермен бөлінген корпустан тұрады, корпус бұрғылау ерітіндісі үшін арналған кірістік және шығу түтікшелерімен және бұрғылау шламын шығаруға арналған түтікшелермен жабдықталған, сонымен қатар фильтрат камерасында тербелісті қозғалыс жасайтын перфорацияланған поршеннен, қатты фазаны шығару үшін арналған серіппе асты сақиналы клапанмен жабдықталған түтікшеден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |