Ұңғыма бекітілуі. Кенорында қолданылатын ұңғыма конструкциясы



бет5/26
Дата14.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#114012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ыма бекітілуі. Кенорында олданылатын ыма конструкциясы

Жеке тапсырма


Газ қоймаларының құрылымы және функционалдық мақсаты


Жер астындағы газ қоймасы (ЖГҚ) дегенде, көз алдымызға жерге көмілген цистерналар, танкерлер немесе тағы да сондай үлкен резервуарлар (ыдыстар) елестейтіні рас.
Алайда, бұл қоймалар ондай емес, сығымдалған газ ешқандай ыдыссыз жер астында сақталады.
Егер ол тесік тауып, сыртқа шыға бастаса, не болмақ?
Жалпы, газ сақтайтын жерасты қоймасы дегеніміз не?
1. Қазақстанда жер астындағы газ қойма­лары үшеу – оңтүстік Қазақстан облысындағы «Пол­торацкий» қоймасы,
2. Жамбыл об­лы­сын­дағы «Ақыртөбе»
3. Ақтөбе облысында ор­наласқан «Бозой».
Оларда сақталатын бел­сенді газдың жиынтығы 4,65 млрд текше метр­ді құрайды. Бұл газ қоймаларын отандық жә­не шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүд­десіне жұмыс істейтін, Қазақстандағы не­гізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылатын газ және газ­бен қамтамасыз ету саласындағы отандық опе­ратор «ҚазТрансГаз» АҚ басқарады.
Қаз­Транс­Газ ортаазиялық өңірде ірі газ тасы­мал­дау желісі және ішкі нарықты газбен қам­та­ма­сыз ететін бірыңғай желісі бар тұ­­­тыну­шыларға газды жеткізетін сенімді компания бүгінде же­расты газ қоймалары жүйесін дамытумен бел­сенді айналысып жатыр. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған сақтау объектілерінің ес­кіргенін ескере отырып, оның қуаттылығын арт­тыру, реконструкция жасау, техникалық жаңарту – компанияның стратегиялық мін­деттерінің бірі болып табылады. 
Биылғы жылы газды жер астында сақ­тау­дың әлемдік тәжірибесіне 100 жыл толыпты, ал Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан “Полторацкий» жерасты газ қоймасының 50 жыл.
Жерасты газ қоймасының қызмет етуі­не табиғи жер қыртысы пайдаланылады. «Пол­торацкий» ЖГҚ орналасқан жердің қыр­тысы газ сақтауға өте ыңғайлы, жер а­с­тын­дағы табиғи ыдыста газ шығатын ине­нің көзіндей тесік немесе ешқандай сызат жоқ. Осы жағынан алғанда, бұл қойма әлемдегі газ сақтайтын ең сенімді табиғи ыдыстардың бірі болып табылады.. 
Жердің астынан газ сақтайтын қойма жа­сайтын орын табу үшін жер қыртысындағы газ немесе су жатқан белдеуді табу керектігі бел­гілі.
Жерді тесіп шығатын артезиан сула­ры­ның қандай күшті қысыммен атқылай­ты­нын бәріміз білеміз. Демек, сол жерден се­нім­ді газ сақтайтын қойма жасауға мүмкіндік бар. Геологтар осындай жерлерді табады, ал газ саласындағылар ондағы суды алып, ор­ны­на газ толтырады. Өткен ғасырдың алпы­сын­шы жылдарының басында геологтар газ қой­­масын жасайтын осындай жер іздеді. 1961-1965 жылдар аралығында қазіргі Пол­то­­рацкий ЖГҚ тұрған аумақта 35 барлау ск­ва­­жи­налары бұрғыланған екен.
Содан алынған гео­логиялық мәліметтер бойынша Полто­рац­кий құрылымындағы, қазірге дейін сығым­да­лған газ жіберетін қойма тұрған Шанақ кол­лектор-қыртысы анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет