Қабырғалар үй-жайды қажетті температуралық-ылғалдық режіммен қамтамасыз ете отырып, ішкі кеңістікті сыртқы ортадан оқшаулайды. Олар өндірістік ғимараттың сәулет-көркемдік келбетін қалыптастырады.
Өндірістік ғимараттарда қабырғалар төмендегі белгілері бойынша бөлінеді:
Орналасқан орны бойынша: сыртқы және ішкі, бойлық және шеткі.
Сәлеттік шешім ерекшелігі бойынша:
терезелермен (таспалы, көлденең және тік); тұрақты ішкі климатты ғимараттар үшін бітеу немесе қатаң технологиялық режімді өндірістер.
Жылу өткізгіштік жағдайлары бойынша: «жылы» жылытылатын ғимараттар үшін; «суық» жылытылмайтын ғимараттар үшін (қоймалар), артық жылу бөлетін өндірістер (домна, мартен цехтары және т.б.).
Статикалық жұмыс сипаты бойынша:өз салмағынан және басқа да құрылымдық элементтерден жүкті қабылдап алушы, көтергіш, мысалы жабындар; ғимараттың биіктігі шегінде өз салмағынан жүктемені қабылдап алатын, және іргетас арқалығына беретін өзі көтергіштер; өз салмағынан жүктемені қаңқа бағанасына беретін көтермейтіндер.
Құрылымдық шешім бойынша: кірпіш, блок, панель (жылуұстағышпен жұқа темір табақтан, бетон.): табақты материалдардан (асбестоцементен, шыныпластиктен, металлдан).
Өндірістік ғимараттардың қабырғалары төмендегі талаптарды қанағаттандыруы қажет: мықтылық және төзімділікік; ұзақ тұру, сондай-ақ сыртқы және ішкі (өндірістік) орта әсеріне төзімділік; өртке төзімділікті ; үй-жайларда белгіленген температуралық- ылғалдық режімін сақтау; өнеркәсіптілікті көркемдік-сәулет; үнемдеу, сондай-ақ ең аз салмақ, 1 м2 қабырға құнының және еңбек сыйымдылығының барынша аз көрсеткіші болу қажет.
Өндірістік ғимарат қабырғаларының құрылымдары және материалдары түрлі техникалық-экономикалық салыстырулардан кейін таңдалады.
Тұтас іргетас
Кірпіш қалау
Кәдімгі балшық (қызыл) кірпішті созымды немесе жартылай құрғақ сығымдап, кептіріп және күйдіріп (ГОСТ -530-80) балшықтан жасайды. Оның өлшемдері 250х120х65 мм, салмағы 3,5 кг-нан 3,8 кг-ға дейін және маркалары 300; 250; 200; 150; 125; 100 және 75 болады, соншалық мына қысу беріктіктеріне сәйкес келеді 30; 25; 20 МПа және т.б. Кәдімгі кірпіштің 1м3 көлемдік массасы 1800 кг шамасында болады. Кірпіштің ең маңызды техникалық көрсеткіштеріне беріктік, көлемдік салмағы, аязға төзімділігі, су сіңіру жатады. Кірпіш қалау маркасы 4; 10; 25; 50; 75; 100; 150 және 200 жәй (ізбес, цемент) және күрделі (цемент – ізбес, цемент – балшық) ерітінділермен жүргізіледі. Кірпіш қалауында барлық жіктердң ерітіндімен толық толтыру керек. Бұл конструкцияның беріктігін және жылылық сақтау қасиеттерін көтереді. Сылаққа арналған кірпіш қабырғаларының өң бетіндегі жіктерді 10 – 15 мм тереңдікке ерітіндімен толтырмайды. Қуыс жік деп аталатын мұндай қалау сылақ қабатымен берік жабысуына мүмкіндік береді.
Сылақталмайтын қабырғалардың өң бетіндегі жіктер бетпен бірдей толтырылады. Сыртқы жіктердің ерітінді артығын күрекшемен (кельмамен) кесіп алатын қалауды тақап кесу деп атайды.
Әшекейсалып қалағанда өң бетіндегі жіктерді арнайы сайман - әшекейлегішпен өңдейді. Мұндай жіктерді тығыздайтын өңдеу сылақталмайтын кірпіш қабырғалардың сәндік сапасын жақсартады. Алдымен тік, сосын көлденең жіктерді әшекейлейді. Жіктерге дөңес немесе ойыс пішін беріледі.
Кірпіш қалауының көлденең жіктерінің орташа қалыңдығы 12, ал тіктердікі 10 мм болады. Кейбір жерлерде көлденең жіктердің қалыңдығы 10 – 15 мм шегінде, ал тіктердікі 8 – ден 15 мм – ге дейін болуы мүмкін.