Ғимараттың конструктивті элементтері



бет34/34
Дата21.12.2023
өлшемі2,39 Mb.
#142414
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Арх сессия-1

Қадалы іргетастар

Қада деп ғимараттар мен үймереттердің бойындағы жүктерді негіздің жер бетінен терең орналасқан берік бөлігіне түсіруге арналған, топырақ ішіне орналастырылған конструкцияны атайды. 
Қадалы іргетас қададан 1 және ростверктен 2 тұрады. Ростверк деп қадалар бастарын қосып, оларға ғимараттар мен үймереттерден түсетін жүктерді біркелкі жеткізуге арналған конструкцияны атайды. Қадалы іргетастарды күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда (тереңде жатқан берік қабаттың 5 үстінде өте қалың осал қабат 4 орналасқан, ТСД тым жоғары).



  1. Едендер жанасу орындары(Жауап жок)


Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен, биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр және т.б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (желгек немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетіліп тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған құрылыс материалына байланысты жылыжайдың құралымы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды бір еңісті, екі еңісті, блокты деп бөледі. Көбінесе екі еңісті жылыжайлар салынады, оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа және батысқа қарап тұруы тиіс. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық үлдір (міндетті түрде полиэтилен) пайдаланады. Жылыжай дақылдарын тікелей топыраққа отырғызады немесе үлдіріктерде (стеллаж) есіреді.

  1. Өртке қарсы кедергілер

Өртке қарсы қабырға дегеніміз – отқа төзімділік шегі екі жарым сағатқа жанбайтын және сынбайтын бітеу қабырғалар. Өртке қарсы қабырғаларға – есіктер мен қақпалар жатады. Олардың орта төзімділігі екі сағаттан кем болмауы керек. Өртке қарсы төбе жабындары көп қабатты үйлерге арналған. Бұл жабындар жанбайтын немесе құрамы тұтас темір бетон ретінде болады.Түтін өртенген үйдің ішінен адамды шығаруға және от сөндіру жұмыстарын сөндіруге кедергі жасайды. Сондықтан өрт шалған үйлерге арнайы люктер қолдануылуы қажет.

  1. Фахверктер

- бұл ғимарат құрылымының бір түрі, оның негізі ламинатталған шпон ағаштан жасалған қатты күштік жақтау болып табылады. Қабырғаларды толтыру үшін біз панорамалық шыныларды, зауыттық жақтау қабырғалық панельдерді немесе ламинатталған шпон ағашпен толтыруды қолданамыз.

  1. Шөгінді топырақ

Шөгу топырақтарына тұрақсыз физикалық-механикалық пішіні бар (жоғары кеуектіліктің болуы) жатады. Мұндай топырақтың кеуектілігі жоғары, ол қысымға ұшырағанда немесе ылғалдың жоғарылауында оның тығыздығын өзгертеді. Лёсс топырақтары мен лесс тәрізді саздақтардың кеуектілігі жоғары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет