Эмоциялық құбылыстардың табиғатын түсіндіру ерте кезден бастап, әруақытта да ойшылдар мен ғалымдарды қызықтырған еді. Ертеде философияда, мысалы, эмоциялық үрдістер мен құбылыстарды танымның ерекше түрі ретінде қарастырды. Эмоция (enoveo-толғану)- адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы. Қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде пайда болатын көңіл-күй.

Ағзаның өмірінде эмоцияның мәні мен маңызын түсіндіретін алғашқы кең тараған теориялардыц бірі — Ч. Дарвин ұсынған теория болды.
Әртүрлі тірі жәндіктердің анатомиялық-физиологиялық ұйымының жалпылығымен сыртқы байқалатын олардың эмоциялық көңіл-күйлерінің арасында белгілі байланыстың бар екендігін ол көрсетіп берді.
Шындығында, бір-біріне ешқандай жақындамайтын әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген мәдениеттер мен халықтарға қатысты адамдардың эмоциялық — экспрессивті мінез-құлқын талдап қарағанда, ен алдымен мимикасында, дауысында, бет пішінде, қолының козғалысында олардың эмоциялық-экспрессивтік жағдайларының бірыңғайлылығы көзге бірден байқалады.
Дарвиннің ұсынған эмоциялардың тұжырымдамасы оның көрсетілген ерекшеліктеріне байланысты "эволюциялық'' деп аталды.
Бұл тұжырымдама бойынша,сыртқы эмоциялық экспрессия көп жағдайда туа біткен болып табылады және ағзаның өмірінде бейімдеушілік, биологиялық қызметті орыңдайды. Адамдарда эмоцияның басты әлеуметтік-психологиялық қызметі эмоцияның арқасында біз бір-бірімізді сөйлеуді пайдаланбай түсінісуге, бір-біріміздің жағдайымыз туралы қарым-қатынас жасауға мүмкіншілігіміз бар.