Жұмыс барысы: 1 Арам шөптердің көбеюге, таралуға және өскен ортасында сақталуға бейімделуінің әр түрлі жолдарын көрсете отырып, олардың биологиялык топтарының көп түрімен танысып білу.
2 Арам шөптердің әр түрлі тіршілік формаларымен танысып, сипаттама беру.
3 Көп жылдық арам шептердің ішінен тамыр-сабақтыларды, тамыр атпаларды, жатаған немесе төсеме және басқа да түрлерімен танысып, талдау жасау.
4 Кеппешөп даналарынан арам шөптерінің тізімін жасап, кең тараған 7-10 түріне биоморфологиялық сипаттама беру.
5 Жиналған арам шөптердің көбеюге арналған вегетативтік мүшелерінің құрлысына назар аударып қарау.
6 Тамыр сабақты арам шөптердің тамыр сабағының топырақта орналасу ерекшелігіне және қандай тереңдікке кететініне көңіл аудару (жатаған бидаиық, өгеи шөп т.б.).
7 Жатаған бидайықтың тамыр сабағының құрлысын қарап, олардың жер үсті өркендері қандай бүршіктен бұйыққан немесе төбе бүршіктен) пайда болатынына зер салып қарап, олардың сабағынан буын аралықтарын тауып, жапырақтарын сабақтан бөліп алып, оның жапырағының, қынабының, тілшесінің суреттерін жеке-жеке салу.
8 Сия көктің гүл шоғының түрін анықтап, лупамен гүлінің құрлысын қарап, нектарлық шырындығының суретін салу және гүлінің формуласын жазу. Қажетті материалдар: Микроскоп, лупа, арам шөптерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап
Әдебиеттер тізімі: 6, 68-70 бет
Пысықтау сұрақтары: 1 Екі жылдық арам шөптердің дамуы қалай өтеді?
2 Екі жылдық арам шөптерді атаңыз?
7 тақырып Симбиоздық (селбестік), өсімдіктер Мақсаты: - симбиоздық жолмен тіршілік ететін өсімдіктермен танысу
- эктотрофты, эндотрофты микоризалы тамырлары бар өсімдіктерге сипаттама беру
Жалпы түсінік Симбиоздық (селбескен) өсімдіктер - бірін-бірі коректендіріп,өзара пайда
келтіретін екі түрлі өсімдіктер. Бұған мысал ретінде бұршақ тұқымдас
өсімдіктер (беде, жоңышқа т.б. түйнек бактериялылар) жатады,олар тамырдың сыртқы паренхималық клеткаларының араларына немесе олардың ішіне еніп алып, бос жүрген азотты өзіне сіңіріп оны азот тұзына айналдырады.
Селбесіп өсетін өсімдіктер тобына микоризаны да жатқызуға болады.
Микориза - жоғарғы сатыдағы көптеген шөптесін және сүректі өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың арасында кездесетін, селбесіп өмір сүрудің бір жолы. Тіршілік ету барысында саңырауқұлақтардың «гифтері», яғни тармақталған жіпшелері, өсімдік тамырларының ішіне еніп одан өзі органикалық зат ертінділерін қабылдап қоректенеді.
Шалғындықтарда шалғын өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіретін жартылай паразиттер кездеседі. Бұған қандыгүл (мытник) - Реdісulаris, қоңырау бас (погремок) Alectorolophus жатады бұл өсімдіктер сұңғылаға жақын тұқымдас – сабынкөк (Scrophulariaceae) тұқымдасына жатады. Бұлардың жартылай деп аталатын себебі, олар өздерінің нашар дамыған тамырларымен шалғындық өсімдіктердің тамырларына жабысып алады да, бірігіп кетеді, өздерінің су мен онда еріген тұздарды сорып алады, бірақ бұлардың өздерінің жапырақтары болады, олар ауадан көміртегін қабылдап, фотосинтез процесіне қатынасады, сондықтан бұл өсімдіктерді жартылай паразиттер дейді.